Физиология 2рк t me/studentmua Тыныс алу процесінің негізгі кезеңдері



бет6/18
Дата02.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#89019
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ФИЗИО 2сем 2Рк

Эндоскопиялық әдістер
Трахеобронхоскопия
Трахея мен бронхтың ішікі бетін арнайы құрал бронхоскоп пен қарауды трахеобронхоскопия дейді.
Бұл тәсіл трахея және бронх ішіндегі әртүрлі патологияық процесстердің (қабыну, бронх ісігі т.б.) диагнозын қоюға көмектеседі.
Бронхоскоп көмегімен бронх және трахеяның, кілегей қабығының биопсиясын (кішкене тілімді гистологиялық тексеруге алу) жасайды.
Торакоскопия. тракоскоп көмегімен плевра қуысын қарау. Тракоскопия плевра ауруларын анықтау үшін колданылады

Функционалды зерттеу әдістері
Спирометрия.
Спирометрия- өкпенің тіршілік сыйымдылығының (ӨТС) және оны құрайтын ауа көлемдерін анықтайтын әдіс. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы адамның максимальді дем алып, дем шығарғандағы ең үлкен көлемді ауа.
Өкпенің функциялық жағдайы адамның жасына, бойына, жынысына, физикалық дамуына және т.б. факторларға байланысты болады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) және оны құрайтын көлемдерді анықтау үшін спирометр қолданылады. Спирометрдың мунштугін спиртке матырылған мактамен сүртеді.
Зерттелуші максимальді дем алғаннан кейін спирометрге максимальді терең дем шығарады. Спирометр шкаласы арқылы ӨТС анықтайды. ӨТС-ның көлемін анықтау үшін зерттеуді бірнеше рет қайталап, оның орташа өлшемін алу керек.
Зерттелуші мұрынын мұрын мұрын кыскышпен жауып, ауыз қуысындағы клапанды қондырғы арқылы дем алады.
Дем шығарудың резервті көлемін анықтау үшіе әдеттегі кезекті дем шығарудан кейін спирометрге терең дем шығаруды сұраймыз. Спирометр шкаласын дем шығарудың резервтік көлемін анықтайды. Анықтауды бірнеше қатар қайталап жасағаннан кейін, зерттеулердің орташа мәнін табады.
Қалдық көлемді анықтайтын тура әдіс жоқ болғандықтан, оны жанама әдіспен анықтайды. Қалыпты жағдайда бұл көрсеткіш ӨТС 25-30% құрайды деп есептейді.
Тыныс алудың минуттық көлемін тыныштық күйде және жұмыс барысында анықтау.
Тыныс алудың минуттық көлемі - ол 1 минут ішінде дем алған немесе дем шығаран ауа көлемі. Тыныштық күйде ересек адамның минуттық тыныс алу көлемі 6-8 л, ал жұмыс кезінде 120-140 л дейін жетеді. Минуттық тыныс алу көлемі өкпе вентиляциясын бағалауға мүмкіндік беретін өлшем.
Пневмография.
Пневмография- тыныстық қозғалыстарды тіркеу. Ол тыныстың жиілігін және тереңдігін анықтауға, дем алумен дем шығарудың ұзақтылығы қатысын білуге мүмкіндік береді. Сау ересек адам минутына 12-18 рет дем алады. Дене жұмысы кезінде дем алу жиілігімен тереңдігі өзгереді. Сондай-ақ тыныстық ырғақ өзгерісін жұтынғанда, сөйлегенде, тынысты уақытша тоқтатқанда және т.б. бақылайды.
Пневмограф
Тыныс алу циклы бір-бірінің соңынан үзіліссіз жүретін екі фазадан тұрады: дем алу және дем шығару. Алынған жазу пневмограммадан тыныс алу фазаларының ұзақтылығы, тыныстык жиілігі мен оның терңдігі және бұл көрсеткіштер адамның физиологиялық жағдайларына: тыныштықта, қозғалыста т.б. байланыстылығын білуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет