Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)



бет2/72
Дата18.10.2023
өлшемі0,71 Mb.
#118481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Қалыпты физиология – сау адам организмінің қалыпты жағдайдағы тұрмыс-тіршілігін ,бейімделу әрекеттерін зерттейді.
Патологиялық физиология – ауру организміндегі түрлі ауытқуларды анықтап,организмің ары қарай сауығу үдерістерін зерттейді.
Клиникалық физиология – ауру организміндегі физиологиялық көрсеткіштердің деңгейін тексереді.
2. Физиология тарихы. Физиологияның дамуындағы шетелдік және отандық
ғалымдардың рөлі.
Физиология – тірі ағза тіршілігін және оның құрамдық бөліктерін – жасуша, ұлпа, ағза және жүйе қызметтерін зерттейтін ғылым ретінде XVII ғасырда пайда болды.Деректер бойынша Қытай,Үнді,Грек ойшылдары организм құрылысы мен тіршілік әрекеттері жайлы деректер жинаған. Физиологияның даму тарихы, әртүрлі ғылыми зерттеулер жүргізіп оларды ашқан ғалымдардың еңбектерімен тығыз байланысты.
Жаңа дәуірге дейін Гиппократ пен Аристотельдің адам организмі жайлы еңбектерінің негізі қаланды.Аристотельден кейін екінші ұстаз Әбу Насыр Әл Фараби «Дәрігер әрбір ағзаның саулығын анықтау үшін,оның жаратылысына қарай атқаратын қызметін білуге тиіс»- деп жазды.
Әлемдік медицинада ерекше орын алған Абу Али ибн -Сина физиология, валеология,медицина ғылымдарына зор үлес қосты.
Жаңа дәуірдегі физиологияның негізін салушылар
1628 жылы ағылшын ғалымы,эмбриолог Уильям Гарвей «Жүрек пен қан қозғалысының анатоиялық зерттеулері» еңбегін шығарды.Физиологияның үдерісті дамуына рефлектің көп көмегі тиді.Оның негізін француз философы Рене Декарт қалады.
Орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов түрлі түсті ажырату теориясы жасады.XII ғасыр аяғында Л.Гальвани тіндердегі электр құбылысын ашты.
Неміс физиологы Герман Гельмгольц физиология ғылымының бір саласы биофизика ғылымының негізін қалады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында И.М. Сеченовтың (1828-1905) еңбектері бҥкіл әлемге белгілі бола бастады. И.М.Сеченов ОНЖ-ғы тежелу процесін ашты. И.П.Павловтың (1849-1936) шартты рефлекс жайлы еңбегі – адам және
жануарлар жоғарғы жҥйке іс-әрекеті физиологиясы деген жаңа тараудың
ашылуына себеп болды. Ми мен ішкі ағзалар арасындағы екі жақты
байланыс туралы пікірді зерттеп ұсынған К.М.Быков (1886-1959). Организмде барлық ағзалар мен ұлпаларда механо – және
хеморецепторлар болатынын В.Н.Черниговский (1907-1981) дәлелдеді.
Сонымен қатар В.Н.Черниговский интерорецепторлар қасиеттерін
функциональды зерттеу әдістерін және шартсыз интероцептивті
рефлекстердің жіктелуін жасады. Нервтік және гуморальдық жүйені зерттеп
ұсынған да В.Н.Черниговский болды. Функциональдық жүйе жайлы
теорияны П.К.Анохин (1898-1974) өз еңбегінде зерттеп жазды.
Халел Досмұхамедов- физиология мен психологияға «жүйке жүйесі», «сана», «қозу» сияқты көптеген терминдерді енгізді.
Жүсіпбек Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан дүниесі» оқулықтарында физиология мен психология астарлары ұлттық тілімізде жеткізілді.Мұнда қалыпты физиологияда қолданбалық маңызын жоймаған түрлі аспаптардың схемалары мен кестелері суреттелген.Ол сонымен қатар Павловтың рефлекс,мінез,темпарамент іліміе түсініктеме беріп жаңа атаулар енгізген.
А.П.Полосухин – отандық физиологияның іргетасын қалады.Қазақ медицина институтында қалыпты физиология кафедрасын ашып,А.П.Полосухин бастаған қазақстандық физиологтар қан айналым,тыныс алу,қан жүйесі және лмфология саласында зор еңбек сіңірді.
Н.У.Базанова – қазақ әйелдері арасынан шыққан биология ғылымының докторы және ғалым- физиолог.Ол қазақстандық физиологтар қоғамын басқарып,әлемге танытып,қазақ физиология қоғамы халықаралық ұйымға мүше болып қабылданды.
Н.У.Базанова асқорыту физиологиясын зерттеп,зерттеулері оқулықтар бетіне басылып шықты.
Т.Ш.Шарманов – тамақтану физиологиясы мен иммунологиясы,биохимиясы мен гигиенасына көп ауқымды зерттеулер жүргізді.
Б.А.Атшабаров – витаминология ғылымының іргесін қалады.
Н.Е.Введенский – парабиоз ұғымының жаңаша тетіктері тапты.
Отандық физиология ғылымының дамуына зор үлес қосқан Қарағанды,Ақтөбе,Ақмола сында медицина академиялары зор үлес қосты.
Қарағанды медицина университетінің қалыпты физиолгиясы кафедрасы вегатативті жүйелердің қызметін,нейрогуморалды тетіктерін зерттеді.
Солтүстік Қазақстан мемлекттік университетінің физиология кафедрасы қан айналым мен жоғарғы жүйке әрекетінің физиологиясын ,валелогия және экология мәселелерін зерттеді.
Және Ақмола медицина академиясы физиологтары Л.З.Тель, А.А.Абылкасымов,К.М.Хамчиев физиологияның дамуына зор үлес қосты.
3. Бүкіл организмнің жұмыс істеуінің жалпы принциптері: реттелу, рефлекс,
өзіндік реттелу.
Барлық ағзалардың қандай да болмасын әрекетті жүйелік қызметі реттелу мен өзін - өзі реттеуге негізделген.
1-Реттеліс. Оргнизмнің белгілі бір қажеттілігін және гомеостазды қамтамасыз етуші жүйелердің қызметтерін өзгертіп, оларды бір қалыпқа келтіріп реттеуді айтамыз. Ал жаңа айтып кеткен ішкі орта дегенге қан,Лимфа тағы да басқа сұйықтықтарды айтамыз. Әрекеттік жүйелердің бейімделуінің өзі, жүйкелік-гуморальдық реттелуі арқылы жүзеге асады.
2-Өзін-өзі реттелу. Тіршілік үшін белгілі бір тұрақты жағдайды автоматты түрде сақтау қабілеті. Изотермия, изоосомия, изоволемия, изогидрия, гомеостазис тағы басқа осы өзін-өзі реттелу арқылы сақталады. Негізінде табиғатта, осы өзін өзі реттелу арқылы өзгертуші және қалпына келтіруші жағдайлар автоматты түрде белгілі бір қалыпта сақталып қалады.
Гомеостаз – организмнің биологиялық константаларын оптимальды
деңгейде ұстап тұратын, физиологиялық механизмдердің жиынтығы.
Гомеорезис-өздігінен реттелетін жүйкелерде жасқа байланысты туатын өзгерістер дамуы.
Меңгеру орталық жүйке жүйесі және қан арқылы қамтамасыз етіліп,нейрогуморалдық реттеу жүйесін құрайды.Ал жүйкелердің түрлі қызметтерінің бейімделісі жүйкенің гуморалдық реттелуі арқылы іске асырылады.
Әрбір жүйке орталықтары организмнің белгілі бір қызметін реттеуге бейімделген.Мысалы тынысты реттейтін жүйке орталықтары сопақша мидың,жұлынның,ми қыртысының белгілі бір бөлігінде орналасқан.
Адам мен жануарлар организмінде қызмет нейрогуморалдық жолмен реттеледі. Нейрогуморалдық реттелуде жүйелік реттеу басты,қан арқылы реттеу қосымша тетік болып саналады.
Негізінде осы реттеліс пен өзін- өзі реттеу өте қозғыш, тітіркендіргіштердің өте аз мөлшеріне қозып кететін нерв жүйесінің қызметтері арқылы пайда болады.
3-Рефлекс. Орталық нерв жүйесінің барлық қызметін рефлекс түрінде атқарады. Рефлекс- сыртқы орта әсерлеріне организмнің нерв жүйесінің қатысуымен берілген жауабы. Ол тек қана рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толық болғанда ғана іске кіріседі. Пайда болады. Рефлекстік доға дегеніміз - қабылдағыштан эффекторға дейнгі қозу өрістейтін жол. Рефлекторлы доға қабылдағыштардан (интеро,икстеро, проприо-рецепторлар), орталыққа тебетін сезімтал жүйкеден қозуды өткізетін орталық бөлімнің (ми и жұлынның) нейрондар тобынан, орталықтан тебетін қозғаушы жүйкеден және эффектордан тұрады.
Организмнің жалпы тіршілік жағдайына икемделу мен рефлекстік қызметін «Кері афференция» жүзеге асырады.
Кері афференция деп әрекеттердің нәтижесін қабылдағыштан басталып, ақпаратты ОНЖ-не жеткізетін байланыс жолын айтамыз.
4. Системогенез.
Системогенез – организмнің әрекеттік жүйелерінің қажетті кезде жетіліп,қызмет атқаруы яғни жүйелердің дамуы.Физиология көрсеткіштерінің секірмелі өзгерісін 3 сатыда қарастырамыз.
Бірінші аумалы кезең – 2-3,5 жас аралығында баланың айналасымен,заттармен араласуы кең ауқымда болады.Және де сөздік қоры ұлғаяды.
Екінші аумалы кезең – 6-8 жаста балалар мектепке барып оқуға байланысты жауапкершілігі пайда болады.Жаңа адамдармен араласады,тез шашайды.
Үшінші аумалы кезең – 11-15 жаста жүйке психикалық аурулары жиі кездеседі.Жеткіншектердің эдокриндік және жүйке жүйелерінің тепе- теңдігі өзгереді.
Адам өмірі дамуын 3 сатыға бөлеміз.Олар құрсақта даму,балалық шақ,ересектік шақ.
І.Құрсақта даму – эмбриогенз сатысында яғни 2 айдан 9 айға дейін нәрестелік даму кезеңі.
ІІ.Балалық шақ бірнеше кезеңдерге бөлңнеді.
1.Жаңа туған кезең – нәресте дүниеге келген сәттен бастап қырқынан шыққанға дейінгі уақыт мөлшерін алады.Бұл кезеңде организм сыртқы ортаға бейімделіп,қанайналым өзгеріп,өкпе арқылы тыныс алу қалыптасады.
2.Еметін шақ – бөбек өмірінің 1 жылы.
3.Сәбилік шақ – 1-3 жас аралығы.
4.Естиярлық шақ - 4-5 жас аралығы.
5.Бүлдіршіндік шақ – ер балаларда 8-12 жас аралығы болса,қыздарда 8-11 ге дейінгі жас
6.Жеткіншектік шақ – ер балаларда 13-16 жас аралығы болса,қыздарда 12-15
жас.
7.Жасөспірімдік шақ- жігіттер 17-21 жасқа,бойжеткендер 16-20 жасқа дейін.
ІІІ.Ересектік шақты бірнеше кезеңге бөліп қарастырамыз.Кәмелеттік жас 2-ге бөлінеді.
1.Кемел жас -ерлер 22-35,әйелдер 21- жасқа дейін.Бұл кезеңде организм толық жетіліп,адамның өсуі тоқтайды.
Кемел жас – ерлер 36-60,әйелдер 36-55 жасқа дейін.Бұл кезеңде эндокриндің жүйелер өзгеріп,қайта қалыптаса бастайды.
2.Егде жас – ерлер 61-74,әйелдер 55-74 жасқа дейін.Бұл кезеңде организм тез қартайып,ауруларға жиі шалдығады.
3.Кәрілік жас – ерлер мен әйелдер 75-тен асқан соң басталады.Организмде кері кету байқалып,тіршілік әрекеттері күр төмендейді.
4.Ұзақ өмір сүрушілер 91 жастан асқан кісілер.Оларда жүйке қажиды,ұйқы нащарлайды,зат алмасу төмендейді,қол-аяғы қалтырап қозғалуы қиындайды.
Қартаю дегеніміз – адамның іршілік қабілетінің төмендеп,өмірінің ақырғы кезеңі өлімді жақындататын биологиялық өзгерістер жиынтығы.
Кәрілік – міндетті түрде келетін адам өмірінің соңғы кезеңі.Кәрі адамның тіршілік үдерістері мен қартаю заңдылықтарын герентология ғылымы зерттейді.
5. Функционалды жүйелер және гомеостаз. Кері афферентация.
Функционалдық жүйе – өзінің үйлесімді қызметінің нәтижесінде белгілі бір мақсатты әрекеттің туындауын қамтамасыз ететін, өздігінен реттеліп отыратын органдардың жылжымалы бірлестігі.
Бұл ұғымды И.П.Павловтың рефлекстік теориясы негізінде көрнекті физиолог Н.К.Анохин ұсынған. Функционалдық жүйе туралы ілім рефлекстік теорияны әрі қарай дамытуда, тереңдетуде, кеңейтуде, айқындай түсуде маңызды рөл атқарады. Бұл ілімді рефлекстік теорияның жоғары, жаңа мазмұнды деңгейі деуге болады. Функционалдық жүйе туралы ілім организмнің әртүрлі күрделіліктегі, белгілі мақсатқа бағытталған іс-әрекеттік реакцияларының, мінез-қылығының механизмін, ішкі сырын түсіндіреді.
Анохиннің түсінігі бойынша функциальдық жүйені түзетін ең негізгі шешуші фактор-әрекет нәтижесі болып табылады.Организм пайдалы нәтижеге қолы жеткенде ,қанаттаттану іске асады.Ал егер орындалған әрекеттер нәтижесі организмді қанағаттандырмаса функциональдық жүйе басқаша құрылымда әрекетті одан әрі жалғастыра береді.Бұл жүйе көрсеткіштері 2-ге бөлінеді.
1.Қатаң
2.Өзгермелі
Жіктелуі:
Функционалдық жүйе құрамалары екі топқа бөлінеді:
1-тұрақты бөлімдер тобы. Бұл функционалдық жүйенің тиянақты, өзгермейтін бөлігі, оның морфологиялық және функционалдық негізін құрайтын элементтер (мысалы, тыныс алу органдары – тыныстық функционалдық жүйенің, ас қорыту органдары – ас қорыту функционалдық жүйесінің тұрақты бөлімдері, т.с.с.) болып табылады.
2-өзгермелі бөлімдер тобы. Оларды нақтылы жағдайда мақсатты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді қамтамасыз етуге қажетті, функционалдық жүйе құрамына уақытша қосылған элементтер құрайды (мысалы, ас қорыту процесі қажетті деңгейде жүру үшін функционалдық жүйе құрамына қан айналым, тыныс алу органдары қамтылады). Бұл бөлімді құрайтын топ мақсатты нәтиже алынғаннан кейін және организмнің күйіне байланысты бір жүйе құрамынан екіншісіне ауысып отырады

Қызметтері:


Әрбір функционалдық жүйе құрамына мына бөлімдер міндетті түрде енеді:
1. Афференттік жинақтау (синтез)- Бұл саты кезінде орталық жүйке жүйесінде сыртқы и ішкі ортадан келетін әртүрлі ақпараттр өңделеді. Оның ішінде: мотивация, жағдайлық әсер, қозғыш түрткі, зерде юолады. Содан кейін барып ОНЖ-де барлық қозулардың бі бірімен әрекеттесуі нәтижесінде келесі саты шешім қабылдау басталады.
2. Шешім қабылдау- орталыққа жеткен барлық мәліметтерді талдап, сосын организмніңқазіргі кездегі мұқтаждығына байланысты мақсат-тілек бағдарламасы құрылады. П.К Анохин оны әрекет нәтижесін салыстырушы-акцептр деп атаған.
3. Әрекет бағдарламасы және әрекет нәтижесінің салыстырушы акцепторы- шешім қабылдау негізінде юлашақ яғни енді жасалатын әрекетті сипаттайтын кескіндерді қалыптастырады. Ол нақты әрекеттің өзінен бұрын құралады.
4. Іс-әрекет- Бұл енді нақты нәтижеге жеткізетін дене қимылы әрекетінің және оны егетативтік жабдықтаудың біріктірілген атқаратын сатысы.
5. Әрекет нәтижесі және оның көрсеткіштері- болашақ әрекеттерінің бастамасы.Бұл кері афференция арқылы бастапқы мақсат-тілекпен салыстырады. Олар бірімен бірі сайкес келген жағдайда атқаратын әрекет кішкене тоқтайды да, ал егеролай болмаса сезімдік синтезде жаңадан шешім қабылданып, қайта іске қосылады.
Функционалдық жүйенің ерекшелігі сонымен, оның өздігінен реттелуі мен және пайдалы нәтижеге жетудегі өзгергіштігі.
6. Әрекет параметрлерін кері афферентациялау- организмде барлық құбылыстар мен рефлекстар осы кері афференция арқылы атқарылады. Ол организмдегі тіршілік ететін жағдайлардың(жылу реттеу, су-тұз алмасу, қан қысымы т.б) тұрақтылығын сақтап тұруда маңызды рөл атқарады.
Түрлі организм тіршілігі ішкі ортаның тұрақтылығы екендігі француз ғалымы К.Бернар ашып,одан соң Кенион гомеостаз ілімінің негізін қалады.
Гомеостаз дегеніміз – организм ішкі ортасының физиологиялық әрекеттерінің салыстырмалы тұрақтылығы.Гомеостаз қолданушы тетіктер өздігінен реттеліп отырады.
Ішкі орта тұрақты көрсеткіштері 2 топқа бөлінеді.
1.Қатаң тұрақты көрсеткіштер – осмостық қысым,глюкоза,газ мөлшерлері
2.Икемді тұрақты көрсеткіштер-қан құрамы,көлемі,қысымы,қоректік заттар мөлшері.
Кері афференция деп - әрекеттердің нәтижесін қабылдағыштан басталып, ақпаратты ОНЖ-не жеткізетін байланыс жолын айтамыз.
6. Физиологияның мақсаты, міндеттері мен әдістері. Оның басқа
биомедициналық пәндермен байланысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет