Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)


Парабиоз (Е.Н. Введенский), оның кезеңдері, медицина практикасы мен теориясындағы маңызы



бет27/71
Дата17.12.2022
өлшемі367,64 Kb.
#57765
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   71
Байланысты:
Физиология (гректі physis – таби ат, logos – ілім)

39.Парабиоз (Е.Н. Введенский), оның кезеңдері, медицина практикасы мен теориясындағы маңызы.
Жүйкеге ұзақ уақыт күшті химиялық тітіркендіргіштер әсер етсе, онын қозғыштык қасиеті яғни лабилдігі төмендеп кетеді. Оны парабиоз деп атайды. Парабиоз грек сезі рara- жуык, жақын bios - өмір, тіршілік тіріге жуық хал немесе омір мен өлім арасындағы жағдай деген мағынаны білдіреді.
Н.Е.Введенский ет-жүйке препаратын алып, оның жүйкесінің етке жақын жерін 2% кокаин ерітіндісіне малынған мактамен орайды да, біраздан соң жүйкені еттен алысырақ жерінен токтың жиілігін не күшін біртіндеп жоғарылата тітіркендіріп, бұлшыкеттің сіреспе жиырылу сызығын жазады. Бұлшыкеттің жиырылу жауабы кокаин тиген жердегі құбылысқа байланысты өзгеретінін байқайды және парабиоздың дамуы мезгілінде үш сатылы өзгерістерді анықтайды: тенестіру, парадоксальдық, тежелу.
Бірінші — теңестіру кезеңінде тітіркендіргіштін біртінден жиілігін не күшін жоғарылатса бәріне беретін жауабы бірдей болады.
Екінші парадоксалды кезеңде әлсіз тітіркендіргіштерге беретін бұлшықеттін жауабы күшті тітіркендіргіштерге беретін жауабынан жоғары болады. Қалыпты жағдайда бұлшықеттің жауабы тітіркендіргіштің әсеріне тікелей байланысты жогарылайды. Ал парабиоз терендеген сайын бірінші кезең екіншісіне, ал екінші кезен үшінші кезенге айналады.
Үшінші - тежелу кезеңінде ет тітіркендіргіштерге жауап кайтармайды. Егер парабиоздык әсерді уакытында алып тастап физиологиялык ерітіндімен жүйкені жуса, парабиоз кезендері бірін- бірі кері карай алмастырып жүйке әдеттегі жағдайға келеді. Парабиоз кезендері альтерация (закымдалыс) жасайтын әсерлерге жүйкенің лабилдігінің төмендеуімен түсіндіpіледі. Лабилдік төмендеген сайын ол жерде жүйкенің абсолюттік рефрактерлік кезені үзара түседі, қозу үрдісі бұл кезде күшейеді. Қозу өзінің жайылу касиетінен айырылып белгілі бір жерде тұрақталады. Бул кезде жүйке тітіркендіргіш- терге жауап бермейді.
Қорыта келгенде, Н.Е. Введенский жүйке парабиозы тәжірибесінде қозу мен тежелу үрдісінің бірлігін, тежелу күшті және тұрақты козу екенін сонымен қатар қозу тежелуге немесе керісінше тежелу қозуға алмасқанда парабиоздың уш кезенінің байкалатынын дәлелдеді. Ал И.П. Павлов осы мәліметтерді қолдана отырып ми қыртысында туатын қозу мен тежелу үрдістерін және фазаларын түсіндіруге қолданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет