Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)


Нерв талшықтарының физиологиялық қасиеттері



бет29/71
Дата17.12.2022
өлшемі367,64 Kb.
#57765
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   71
41.Нерв талшықтарының физиологиялық қасиеттері.
Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері мен олардың қызметтерін талшықты нейрон денесінен бөліп алып жеке зерттеуге болады. Физиологияда мүндай талдау әдістері күрделі құбылыстардың табиғатын анықтау үшін қолданыла береді. Жүйке орталығынан шетке шыққан нейронның ұзын өсінділері топтанып түрлі жуанды-жіңішкелі жүйке құрайтын болып табылады. Әр жүйке көптеген талшықтардан тұрады, мысалы бақаның шонданай жүйкесі 12 000-дай жүйке талшықтарынан құралған.Жүйке талшықтарынын физиологиялық қасиеттерінің бірі оның қозғыштығы, екіншісі – қозуды өткізуі болып табылады. Қозғыштық яғни тітіркендіруге жауап ретінде қозу үрдісінің пайда болуы қозғыш тіндерінің бәріне тән қасиет. Олар қозу үрдісін жасушалық мембрананың бойымен жылжытады.
Қозуды өткізу жүйке үшін тек физиологиялық қасиеті ғана емес, оның орындайтын негізгі қызметі болып табылады. Жүйкелердің қозуды өткізу механизмі мен ерекшеліктері олардың құрылысына байланысты. Жүйке талшықтары миелинді яғни майлы қабықты және миелинсіз яғни майлы қабықсыз болып екіге бөлінетіні белгілі. Сезгіш, қозғалтқып жүйкелердің көбі миелинді талшықтардан тұрады, ал вегетативтік ганглийден кейінгі яғни постанглилік талшықтардың көбі миелинсіз болады. Әр жүйке талшығы цилиндр тәрізді біліктен тұрады. Біліктің сыртын мембрана - аксолемма қаптаған, ал оның іші аксоплазмаға толған. Аксоплазмада ұзына бойы жіпшелер жарыса орналасқан өте жіңішке, диаметрі 10-40 нм нейрофибрилдер мен микротүтіктер бар болып табылады. Және де олардың арасында көптеген митохондрийлер мен микросомдар болады.
Миелинді жүйке талшықтарының білігін сыртынан майлы қабық бірнеше рет орайды яғни Шван жасушасы. Миелинді қабық жүйке талшығын тұтас жаппайды. Ол әрбір бір мкм сайын үзіліп отырады.Қабықтың үзілген жері Ранвье үзілісі деп аталады. Екі үзілісінің аралығындағы миелин қабығының ұзындығы жүйке талшығының жуандығына яғни диаметріне сәйкес болады. Жуан жүйке талшықтарында Ранвье үзілісі бірінен бірі алшағырақ орналасатынын байқаймыз. Талшықтың жуандығы 10-20 мкм болып келсе, екі Ранвье үзілісінің арасы 1-2 мм-дей болады.
Миелинсіз жуйке талшығы тек бір қабат Шван жасушаларымен жабылған. Қозу үрдісінің жүйке талшығы бойымен жылжуы, яғни серпіністің өтуі аксолемманың қызметі. Майлы қабық изолятор рөлін атқарады, және де оның электрлік кедергісі жоғары. Сондықтан жүйке талшығын миелин қабығы тұсынан микроэлектродтар арқылы тітіркендірсе ол қозбайды. Қозу үрдісі тек Ранвье үзілісінде ғана пайда болады. Миелин қабығы жүйке талшығында зат алмасуын реттейді және біліктің өсуі мен қоректенуі яғни трофикасы де осы миелин қабығының қызметі. Нейрофибрилдер түрлі заттарды: белок, медиатор, органеллаларды нейрон денесінен жүйке талшығының ұшына дейін және кері нейронға қарай тасымалдайды. Бұл заттар нейрофибрилдер мен микротүтіктер бойымен жылжиды. Бір тәуліктің ішінде жуандығы орташа жүйке талшығының бойымен мыңдаған митохондрий жылжиды. Осы тасымалдау жұмысын орындау үшін АҮФ қышқылы энергиясы жұмсалады. Энергияны қолдану үшін аксоплазмада Ca2+ ионы жеткілікті болу қажет болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет