Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)


Нерв-бұлшықеттік синапстарда қозудың таралу механизмі



бет32/71
Дата17.12.2022
өлшемі367,64 Kb.
#57765
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71
44. Нерв-бұлшықеттік синапстарда қозудың таралу механизмі
Негізінен нерв және бұлшық ет талшықтары арасында қозуды өткізетін электр импульсы болып табылатынын білеміз. Нерв талшықтарынан бұлшық етке импульсты өткізу басқа механизммен жүреді.Яғни ол нерв ұштарынан бөлінетін химиялық қосылыс – медиатор арқылы жүреді.Медиаторды өткізгіш деп білеміз. Адамдарда қаңқа бұлшық етінде медиатор ролін ацетилхолин атқарады. Олардың ұшынан ацетилхолин бөлінеді және ол қозғалтқыш нервті тітіркендіреді. Ацетилхолин бұлшық ет талшығының мембранасын деполяризациялап қозудың таралуын және бұлшықеттің қысқаруын жүзеге асырады деп айта аламыз.Яғни бұл процесс Na және K иондары арқылы іске асады.Ол кезде Na ионының мембранаға өтімділігі жоғарылайды да оның жүйке ішіне өтуі пресинапстық мембрананы деполяризациялайды.Оған қоса осы кезде кальций каналдары ашылып жүйке ішіне Ca катионы өтеді.Осының нәтижесінде ацетилхолинге болған везикулалар қозғалып пресинапстықтан синапстық саңылауға өтеді.Мұнда везикулалар жарылып ацетилхолин сыртқа шығады.Содан соң постсинапстық мембранаға жетіп,холинорецептормен әрекеттесіп ол жердегі мембрананың Na ионына өтімділігін күшейтеді.Дәл осы кезде постсинапстық мембранада постсинапстық қоздыру потенциалы пайда болады. Ол дегеніміз жергілікті ток дәне оның мөлшері медиаторға байланысты болады.Осы ток асеринен миоцит мембранада арекет потенциалы пайда болады.Осыдан соң деполяризация ет талшығы бойымен және миоциттегі Т өсінді арқылы жылжи отырып миоциттің барлығын қамтып қоздырып жиырылтады.Осы тұста бізге ацетихолинді ыдырататын фермент холинэстераза қажет.Егер ол жеткіліксіз болса әрекет потенциалы пайда болмай миоцит қозбай қалады.Қорытындылай келе,қозу түйіспе арқылы өту үшін пресинапстық медиатордан бөлініп шығатын мөлшері жеткілікті болу керек сондай ақ уақытында босап тұруы керек.Себебі бұл механизм қозудың өту механизмінің негізін құрайды.


45. Синапстардың жіктелуі. Синапстардың қаситтері.
Түйіспе яғни синапс деп өзара жүйке жасушалары не жүйкемен шеттегі қызмет атқарушы жасушасы яғни эффектор түйіскен жерінде серпіністерді өткізетін арнайы үласуды контактыны айтамыз. Жалпы үйіспе ұғымын физиологияға енгізген ағылшын физиологы 1897 жылы Ч. Шерингтон болатын. Түйіспелер ұласқан жасушалардың түріне қарай нейронаралык яғни нейронейрональдық, ет-жүйкелік яғни мионевральдық болып, əсеріне байланысты қоздыратын, тежейтін, ал қозуды өткізу әдісіне қарай химиялық яғни осы медиатордың қатысуымен, электрлік яғни эфалстық болып үш топқа бөлінеді. Кейде аралас электрлік-химиялық түйіспелер да кездеседі. Сонымен қатар жүйке тармағы мен миоцит түйіскен жерде ет-жүйкелік түйіспе құрылады Жүйке талшығы миоцитке жетісімен ванн қабығынан айырылады да бірнеше тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың үшы бүршік тәрізді жуандан барып миоцитпен түйіседі. Жалғыз жүйке тапшығы бұтақтанып 3-3000 дейін түйіспе құрады. Осы түйіспе арқылы қозу үрдісі жүйке талшығынан миоцитке өтеді. Және де орталық жүйке жүйесіндегі шеткі түйіндер мен ағзалар ішіндегі нейрондардың арасындағы түйіспелерде жүйке бүршіктері бірімен бірі және нейрон денесімен ұласады.
• Орналасуына қарай: Орталық түйіспе жәнешеткі түйіспе
• Сигналдарды өткізуіне байланысты: химиялық синапс; электрлік синапс;аралас синапс.
• Әсер етуіне байланысты:қоздырушы; тежеуші.
• Орналасуына байланысты:жүйке-ет яғни мионевралды;нейронейроналды;
1)аксосомалы;
2)аксоаксоналды;
3)аксодендритті;
4) дендросомалы және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет