Сонымен қатар синапс қасиеттеріне келетін болсақ Оларды 7 ге жіктеп айтсак болады
1. Қозу түйіспе арқылы көбінесе медиатордың қатысуымен
2. Түйіспеде козу бір-ақ бағытта – пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға қарай өтеді. Бұл түйіспенің құрылысы мен қозу үрдісінің өту механизміне байланысты.
3.Түйіспе әрекеті ұзаққа созылмайды, тез аяқталады. Түйіспе тез қажиды. Қажу медиатор мөлшерінің азаюына байланысты болып келеді.
4. Қозу баяу өтеді, түйіспеде 0,2-0,5 мс кідіреді, мұны түйіспелік кідіріс дейді. Бірыңғай салалы етте түйіспелік кідіріс 5-10 мс болып келеді. Түйіспелік кідіріс қозу үрдісінің өту механизміне байланысты.
5. Түйіспенің қозғыштық қасиеті жүйкеге қарағанда көп төмен, ширақтығы аз яғни 100-125 гц, рефрактерлік кезеңі ұзақ.
6. Түйіспеде алғашқы қозу толқыны келесі қозудың өтуін жеңілдетеді – жол салады, із қалдырады. Түйіспеде медиатордың көбеюіне байланысты қозу жинақталады.
7. Түйіспелердің қай-қайсысы болса да кейбір химиялық фармакологиялық заттарға, мәселен ганглиоблокаторларға сезімтал келеді.Түйіспенің фармакологиялық заттарға деген сезімталдығы, түрлі блакаторлармен әрекеттесуі бірдей емес. Осыған байланыс қабылдағыштар бірнеше түрге бөлінеді.
Вегетативтік жүйке жүйесінде мускарин мен никотин уларына сезімталдығына байланысты холинорецепторлар: м - холинорецептор, н -хотинорецептор болып екіге бөлінеді. Бұлардың бар-жоқтығы арнайы блюкаторлар арқылы анықталады. М - холинорецептор мускаринге сезімтал келеді, оның әрекетін атропин тоқтатады, ал H - холинорецептор никотинте сезімтал, оның әрекетін гексоний теxcейді. Сондай-ақ адренорецепторлар да о және В-адренорецептор болып екіге бөлінеді: а - адренорецептор норадреналите сезімтал, мәселен қан тамырларын тарыгады, оның блокаторлары – дофамин, p-адренорецепторлардың адреналинге деген сезімталдығы өте күшті болып келеді. Норадреналин В-адренорецепторлармен әрекеттесіп қан тамырын кеңітеді. Адреналин көбейіп кетсе, В-қабылдағыш онымен де әрекеттесіп, осыған орай қан тамырлары кеңеюі мүмкін. Оның блокаторлары – изaдрин, индeпал болып табылады. Жүректе pадренорецепторлар ғана бар,бұл қабылдағыш арқылы адреналин де, норадреналин де жүрек қызметін күшейте алады. Кейде бір тінде немесе ағзада адренорецепторлардың екі түрі де кездеседі. Ішектің бірыңғай салалы егінде о- және В-адренорецепторлар бар, бірақ екеуі аркыпы норадреналин де, адреналин де егке бірдей әсер етеді, оның жиырылуын тоқтатады.