Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)


Жалпы соңғы жол,жалпы соңғы жол үшін күрес,күш/маңыздылығы факторының принциптері.Реципрокты иннервация.Доминанттылық,оның анықталуы мен қасиеттері



бет53/71
Дата17.12.2022
өлшемі367,64 Kb.
#57765
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71
Байланысты:
Физиология (гректі physis – таби ат, logos – ілім)

69.Жалпы соңғы жол,жалпы соңғы жол үшін күрес,күш/маңыздылығы факторының принциптері.Реципрокты иннервация.Доминанттылық,оның анықталуы мен қасиеттері.
Жалпы соңғы жол принципі. Бұл принципті ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон қалыптастырған. Әртүрлі көптеген афференттік талшықтар арқылы орталық жүйке жүйесіне келетін импульстер 1 ғана қондырма немесе эфференттік нейрондарға тоғысуы (берілуі) мүмкін. Бұл принцип эфференттік нейрондардан афференттік нейрондар санының әлде қайда көп екендігімен түсіндіріледі, сондықтан афференттік нейрондар эфференттік және қондарма нейрондардың денелері мен дендриттерінде көптеген синапстарды түзеді. Ақырғы жол әр түрлі рефлекстердің орындалуына қатынаса алады және организмдегі кез келген рецепторлық аппаратпен байланыста бола алады. Жалпы ақырғы жолы бар рефлекстерді одақтастар және онтогонистер деп ажыратады.
Рефлекстердің реципроктық иннервацияға негізделген бірін-бірі тежеуін бірмезгілді теріс индукция деп те атайды.
Доминанта принципі. Бұл принципті А.А.Ухтомский ашты және оны ол жүйке орталықтары жұмысының негізгі принципі деп есептеді. Доминантаның мәнісі – белгілі бір жағдайда белгілі бір жүйке орталықтарындағы қозу басқа жүйке орталықтарындағы қозудан күшті және басым бола алады. Күші басым қозу ошақтары өзінен әлсіз қозу ошақтарына қарағанда доминантты роль атқарады. Мұндай доминанты жүйке орталығы бір жағынан әлсіз қозуларды тежейді, екінші жағынан, өздерін солардың есебінен одан әрі күшейте, тұрақтандыра түседі. Осыған орай орындалатын рефлекторлық реакциялар үйлесімді, белгілі бір мақсатқа, пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттер іске асады. Доминантты қозу ошағының басты қасиеттері: 1)жоғарғы қозғыштық; 2)қозудың тұрақтылығы; 3)қозуды жинақтай алуы; 4) қозуды тудыратын әсер тоқтағаннан кейін де ұзақ сақталуы.

70.ОНЖ нейрондардың өзара әрекеттесу принциптері(иррадиация,мультипликация,қозудың жол салу(пролонгирлеу) принципі).
Егер әсер ететін тітіркендіргіш күшті және ұзақ әсер ететін болса, иррадиацияның көріні Орталық нерв жүйесінде қозудың таралуын иррадиация деп атайды. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қызметі мен зат алмасуын реттеп отырады. Бір жүйке орталығында пайда болатын қозу көрші жатқан жүйке орталығына да тарала алады. Бұндай қозу таралуын ондағы нейрондар өсінділерінің толып жатқан тармақтарының және әр түрлі жүйке орталықтарын өзара байланыстырып жатқан аралық нейрондар тізбектерінің болатындығы қамтамасыз етеді..
Жалпы ақырғы жол принципі. Бұл принципті ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон қалыптастырған.Қозудың жол салу құбылысын жалпы конвергенцияға негізделген болып табылады.Жұлында мотонейроннның санын нейрондар саны 5 есе көп осыған байланысты сезгіш нейрондар мотонейрондарға серпініотстерді жеткізіп отырады.Жалпы жұлын мотонейронына бас миының әр бөлімдерінен серпіністер келіп жиналып отырады.Сондықтанда жұлын мотонейроны түрлі рефлекстерге қатысады,демек ол рефлекстердің соңғы жолы болып табылады.Жан жақтан жинақталған серпіністер мотонейронға таласады.Осы кезде тіршілік үшін күресте жеңгені мотонейронға ие болады.Бұл кезде мотонейронда қозу мен қажу әрекет етеді.


71. ОНЖ қозудың таралу ерекшеліктері. Қозудың конвергенциясы. Жол салу, жеңілдеу, тежелу, окклюзия құбылыстары.
Орталық жүйке жүйесінің ең көрнекті және маңызды кызметінің бірі рефлекстерді үйлестіру, жауап қайтару болып табылады. Орталық жүйке жүйесі де қозу мен те-желу процестерінің тууы мен сөнуін, орталықтардың қарым-қатынасын үздіксіз жөнге келтіріп үйлестіріп отырадьр' Рефлекстерді келістіріп үйлестіруде орталық жүйке жүйесіндегі субординация құбылысы меи қозуды өткізу ерекшеліктері әсіресе, жинақы қозу, конвергенция мен окклюзияның маңызы өте зор. Бүлармен қатар орталық жүйке жүйесіндегі кездесетін бес түрлі құбылыстар рефлекстерді координациялау негізін қүрады: қозу мен тежелудің жайылуы (иррадиациясы), бір жерге жиналуы (концентрациясы), процестердің индукциясы мен рециптроктық тежелу, домиматтык қозу, керісінше байланыс, соңғы жалпы жол салу. Орталықтары қозу сол жерде қалмай қызметі байланысты бас-ка орталықтарра жайыла бастайды. Қозудын, жайылуын қозу иррадиациясы дейдіҚозу мен қатар оның айналасындары орталықтар-да тежелу туып, қозу процесін жан-жарынан қоршап, оны кері қа-рай алрашқыда пайда болран жеріне жияды (концентрациялайды), Қозу сияқты тежелу де орталыкта жайылады, одаи соң жиналады.Қозу мен тежелудің иррадиациясы мен концентрациясы тітіркен-діргіштің күшіне байланысты. Окклюзия - «бітелу». Рецептивтік өрістердің бір бөліктерінің жабылуы. Жинақы реакциясы жеке тітіркендірген-дегі арифметикалық қосынды реакция жауабынан төмен болады. Жеңілдеу – жинақы реакциясы жеке тітіркендіргендегі арифметикалық қосынды реакция жауабынан жоғары
болады. Қозудың жиілігі мен күші тітіркендіргіш жиілігі мен күшіне тең болмайды, өзгереді – Трансформация. Әсерден кейінгі жауап. Рецепторды тітіркенуі тоқтағанмен рефлекстік әсерлер жалғасады: қысқа мерзімді (ізді деполяризация); ұзақ мерзімді (қозу нейрондар арасындағы тұйық тізбектермен айналып жүреді). ІЗ САЛУ – кейінгі серпіністер алғашқы серпіністерден жылдамырақ өтеді (морфобиохимиялық және
физиологиялық өзгерістер) Торлы құрылым жүйке процестердің жайылуы мен жиналуын реттейтін орталык болып саналады. Жүйке орталырында пайда болган бір процесс екінші қарама-карсы процестің тууына себепкер болады. Бүл индукция кұбылысы. Жүйке жүйесінде қозу тежелуді, тежелу қозуды тудырады. Доминаттық қозу (лат.- сіотіпапз - үстемдік, устем). Белгілі бір жағдайда уақытша бір орталық үстемдік ететін билеуші орта-лық бола алады. Үстем қозу орталығы басқа орталықтардың кыз-метін токтата алады. Бүл орталыктың ерекше қасиеттері бар: Өте қозғыш келеді. Қозу табалдырығынан төмен күштерге жауап береді. Басқа орталықтарга бағытталран серпіністерді өзіне тартып өзіндегі қозуды кушейтеді де басқа орталықтардың қызметін те-жейді.Қозу созыңқы болады. Қозудың күші, жиілігі тітіркендіргіштің күші мен жиілігінен көп артық. Сәл тітіркендіргішке күшті жауап береді. Қозу тез жинақталады. Бұл орталық керексіз рефлекстерді тоқтатып тастайды.Оргаиизмге өте қажетті рефлекстерді тудыра-ды. Сөйтіп, оның организмді алдына қойылған мақсатына жеткізуде маңызы зор. Әдетте үстем қозу ұзаққа созылмайды, тіршілікке қажет қызметі орындалған соң оның үстемдігі жогалады, билігі тоқтайды. Өте тұрақты үстем қозу сау адамда кездеспейтін ой пікірлердің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Керісінше байланыс (афферентация) рефлекстің нәтижесі туралы орталыққа баратын ақпараттар жолы.Рефлекс тоқтаған соң оның нәтижесі көптеген рецепторларды тітір-кепдіреді. Ол рецепторлардан хабар ми қыртысы орталықтарын-дағы акцепторға жеткізіледі. Акцепторда рефлекс нәтижесініц бағ-дарламаға сәйкес не сәйкес еместігі анықталады. Егер рефлекстік әрекет көяілдегідей болса, рефлекс тоқталады. Әйтпесе рефлекс мақсатқа жеткенше бірнеше рет қайталанылады. Қерісінше бай-ланыс организмде кездесетін процестерді, әрекеттерді өздігінен реттеуді қамтамасыз етеді. Соңғы жалпы жол құбылысы конвергенцияға негізделген. Ор-талык. жүйке жүйесінде конвергенция құбылысы кеңінен кездесе-тіні белгілі. Жұлында сезгіш нейрондардың саны мотонейрондарға карағанда 5 есе көп. Демек, олар аз санды мотонейрондарға серпі-ІІістер жеткізеді. Жұлын мотонейронына көптеген сезгіш және ара-лық нейрондардан, бас миының әр бөлімдерінен серпіністер жина-лады. Сондықтан жұлын мотонейроны турлі рефлекстерге қаты-сады ягни мотонейрон көптеген рефлекстердің соңгы жалпы жолы болып саналады. Жан-жактан жиналран серпіністер мотонейронға таласады. Мұндай жағдайда дәл сол сәтте тіршілік үшін маңызды және күшті серпіністер жеңеді, олар мотонейронға ие болады. Сонымен бүл құбылыс та рефлекстердің келісімді болуын қамтамасыз етеді.
72. ОНЖ уақытша үйлестіру. Кері байланыс және тізбекті рефлекстер принципі. Нерв орталығының бастапқы күйі принципі (қанмен қамтамасыз етілу, қажу, тежелу)
Орталық жүйке жүйесінің үйлестіру қызметтері ОЖЖ-сі нейрондарының өзара әрекеттесуі нәтижесінде олардың қызметтері үйлесімді және келістірілген түрде атқарылады. Үйлестіру қызметтері: белгілі бір әрекеттердің және рефлекстердің анық орындалуын қамтамасыз етеді; әрекеттердің күрделі түрлерін қамтамасыз ететін әртүрлі жүйке орталықтарын жүйелі түрде іске қосады; әртүрлі жүйке орталықтарының келісілген жұмыстарын қамтамасыз етеді (жұту кезінде тыныс тоқтатылады, жұту орталығы қозғанда, тыныс орталығы тежеледі). ОЖЖ-нің үйлестіру қызметінің негізгі принциптері мен олардың нейрондық механизмдері: Иррадиация (жайылыс) принципі. Аздаған нейрондар тобы қозғанда, қозу көптеген нейрондарға таралады. Себебі жүйке өсінділері, әсіресе дендриттер, көп тармақталған, яғни жүйке серпіндері көп нейрондарға жайылады. Сонымен қатар, ОЖЖ-інде жасушадан жасушаға серпіндердің өтуін қамтамасыз ететін қондырғы нейрондар көп болады. Конвергенция (түйістіріліс) принципі. Көптеген нейрондар қозған кезде қозу жүйке жасушуларының тек бір тобына түйісулері (жиналуы) мүмкін. Реципроктық (жегілген немесе қосарланыс) принципі – жүйке орталықтарының келісілген жұмыстары, әсіресе қарама-қарсы рефлекстер орталығында байқалады. Доминанттық (үстемдік) принципі. Бұл ОЖЖ-індегі уақытша үстем қозу орталығы. Бұл орталықтың ерекше қасиеттері: басқа орталықтардың қызметін тежейді де, олардағы серпіндерді өзіне қарай тартып, өзіндегі қозуды күшейтеді; өте қозғыш келеді; қозу мұнда тез жинақталады. Доминанттық орталық сол сәтте керексіз рефлекстерді тоқтатып тастайды. Организмге өте қажеттілерін тудырады. Сөйтіп, оның организмді дегеніне, алдына қойылған мақсатына жеткізуде маңызы зор. Әдетте үстем қозу ұзаққа созылмайды, тіршілікке қажет қызметі орындалған соң оның үстемдігі жойылады, билігі тоқтайды. Бұл принцип шартты рефлекстердің қалыптасуы негізіне жатады. Кері байланыс принципі. Кері байланыс деп - жауап қайтару әсерленістері қалай атқарылуда, жетілікті ме, әлде жоқ па және басқа да ақпараттарды ОЖЖ-не жеткізетін серпіндер ағынын айтады. Кері байланыстың екі түрін ажыратады: оң кері байланыс – жүйке жүйесінің жауап әсерленісін күшейтеді; теріс кері байланыс – ОЖЖ-нің жауап реакциясы мен нейрондарының белсенділігін төмендетеді. Бұл өздігінен реттелудің негізіне жатады. Субординация (бағынушылық) принципі. ОЖЖ-і бөлімдерінің арасында бір-біріне белгілі дәрежеде бағынушылық болады. Соның ішінде ми қыртысы ең жоғарғы бөлім болып есептеледі де, оған жүйке жүйесінің барлық әрекеттері бағынышты болады. Қозу мен тежелу үдерістерінің өзара әрекеттесу принципі. ОЖЖ-інде пайда болған бір үдеріс екінші қарама-қарсы үдерістің тууына себепер болады, яғни қозу тежелуді, тежелу қозуды тудырады. Мұны қозу мен тежелу арасындағы өзара индукциялық қарым-қатынас деп атайды.

73. Антагонистік функциялардың ара қатынасы. Жалпы соңғы жол, жалпы соңғы жол үшін күрес, күш/маңыздылығы факторының принциптері. Реципрокты иннервация. Доминанттылық, оның анықталуы мен қасиеттері.
Көптеген мүшелердің қызметтерін біріктіріп, байланыстырып, сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін орталық жүйке жүйесінде ағзаның қызметтерінің үйлестірілуі дейді. Орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы реакцияларды үйлестіруі қозу мен тежелудің бір-бірімен байланысына және олардың қасиеттеріне негізделген. Координацияның жалпы заңдылықтары немесе принциптері айқындалған. Жалпы ақырғы жол принципі. Негізінен алғанда бұл принципті ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон қалыптастырды. Әртүрлі көптеген афференттік талшықтар арқылы орталық жүйке жүйесіне келетін импульстер 1 ғана қондырма немесе эфференттік нейрондарға тоғысуы мүмкін. Бұл принцип эфференттік нейрондардан афференттік нейрондар санының әлде қайда көп екендігімен түсіндіріледі, сондықтан афференттік нейрондар эфференттік және қондарма нейрондардың денелері мен дендриттерінде көптеген синапстарды түзеді. Ақырғы жол әр түрлі рефлекстердің орындалуына қатынаса алады және организмдегі кез келген рецепторлық аппаратпен байланыста бола алады. Жалпы ақырғы жолы бар рефлекстерді одақтастар және онтогонистер деп ажыратады. Біріншілері бірін-бірі қолдайды, күшейтеді, ал екіншілері, керісінше бірін-бірі тежейді, яғни , өзара жалпы ақырғы жол үшін «күреседі». Иррадиация принципі. Орталық жүйке жүйесінде қозудың таралуын иррадиация деп атайды. Егер әсер ететін тітіркендіргіш күшті және ұзақ әсер ететін болса, иррадиацияның көрініс беруі де жоғары болады. Бір жүйке орталығында пайда болатын қозу көрші жатқан жүйке орталығына да тарала алады. Бұндай қозу таралуын ондағы нейрондар өсінділерінің толып жатқан тармақтарының және әр түрлі жүйке орталықтарын өзара байланыстырып жатқан аралық нейрондар тізбектерінің болатындығы қамтамасыз етеді. Доминанта принципі. Бұл принципті А.А.Ухтомский ашты және оны ол жүйке орталықтары жұмысының негізгі принципі деп есептеді. Доминантаның мәнісі – белгілі бір жағдайда белгілі бір жүйке орталықтарындағы қозу басқа жүйке орталықтарындағы қозудан күшті және басым бола алады. Күші басым қозу ошақтары өзінен әлсіз қозу ошақтарына қарағанда доминантты роль атқарады. Мұндай доминанты жүйке орталығы бір жағынан әлсіз қозуларды тежейді, екінші жағынан, өздерін солардың есебінен одан әрі күшейте, тұрақтандыра түседі. Осыған орай орындалатын рефлекторлық реакциялар үйлесімді, белгілі бір мақсатқа, пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттер іске асады. Доминантты қозу ошағының басты қасиеттері: жоғарғы қозғыштық; қозудың тұрақтылығы; қозуды жинақтай алуы; қозуды тудыратын әсер тоқтағаннан кейін де ұзақ сақталуы.
74. Функциональды жүйе: анықтамасы, мақсаты, құрылымы.
Функционалдық жүйе дегеніміз өзінің үйлесімді бір қызметінің нәтижесінде белгілі бір мақсатты әрекеттің туындауын қамтамасыз ететін, өздігінен реттеліп отыратын органдардың жылжымалы бірлестігі болып табылады. Бұл ұғымды И.П.Павловтың рефлекстік теориясы негізінде көрнекті физиолог Н.К.Анохин ұсынған. Функционалдық жүйе туралы ілім рефлекстік теорияны әрі қарай дамытуда, тереңдетуде, кеңейтуде, айқындай түсуде маңызды рөл атқарады. Бұл ілімді рефлекстік теорияның жоғары, жаңа мазмұнды деңгейі деуге болады. Функционалдық жүйе туралы ілім организмнің әртүрлі күрделіліктегі, белгілі мақсатқа бағытталған іс-әрекеттік реакцияларының, мінез-қылығының механизмін, ішкі сырын түсіндіреді. Функционалдық жүйе құрамалары екі топқа бөлінеді:
1-тұрақты бөлімдер тобы. Бұл функционалдық жүйенің тиянақты, өзгермейтін бөлігі, оның морфологиялық және функционалдық негізін құрайтын элементтер (мысалы, тыныс алу органдары – тыныстық функционалдық жүйенің, ас қорыту органдары – ас қорыту функционалдық жүйесінің тұрақты бөлімдері, т.с.с.) болып табылады.
2-өзгермелі бөлімдер тобы. Оларды нақтылы жағдайда мақсатты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді қамтамасыз етуге қажетті, функционалдық жүйе құрамына уақытша қосылған элементтер құрайды (мысалы, ас қорыту процесі қажетті деңгейде жүру үшін функционалдық жүйе құрамына қан айналым, тыныс алу органдары қамтылады). Бұл бөлімді құрайтын топ мақсатты нәтиже алынғаннан кейін және организмнің күйіне байланысты бір жүйе құрамынан екіншісіне ауысып отырады. Әрбір функционалдық жүйе құрамына мына бөлімдер міндетті түрде енеді:
1. Афференттік жинақтау (синтез)
2. Шешім қабылдау
3. Әрекет бағдарламасы және әрекет нәтижесінің акцепторы
4. Іс-әрекет
5. Әрекет нәтижесі және оның көрсеткіштері
6. Әрекет параметрлерін кері афферентациялау.

75. Орталық нерв жүйесі. ОНЖ құрылымын, бөлімдерін және маңыздылығы мен функцияларын құрудың жалпы жоспары. Нерв әсерінің түрлері және нерв жүйесі реттелуінің сипаттамасы.
Нерв жүйесі организмді өзгеріп отыратын сыртқы орта факторларына бейімдеп, оның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Нерв жүйесі жасушалардың ұлпалардың, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерін реттеп, оларды өзара байланыстырады. Нерв жүйесі сыртқы және ішкі тітіркедіргіштерге организмнің жауап қайыру мүмкіндігін береді.Нерв жүйесінің жоғары бөлімдері психикалық іс-әрекеттің көрініс беріп жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Нерв жүйесі – информацияны жылдам жеткізетін және басқаруды жүзеге асыратын күрделі үйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе. Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады. Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум -бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қосқостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады: Мүшелерді бір бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады; Денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді; Организмді сыртқы ортамен байланыстырады; Сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді; Денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.
76. Нейрон: негізгі бөлімдері (дендриттер, денесі, аксон) және олардың сипаттамасы. Нейронның функциялары.
Жүйке тіндерінің құрылымдық және әрекеттік бірлігі жүйке жасушасы – нейрон. Нейрон – мамандандырылған жасуша, оның ақпаратты қабылдау, кодқа айналдыру, өткізу және сақтау қабілеті бар, басқа нейрондармен байланыс жасап, тітіркендіруге организмнің жауап реакцияларын ұйымдастырады. Нейронның әрекеттік (функциялық) бөлімдері: қабылдаушы бөлімі (дендриттер мен нейрон денесінің мембранасы); біріктіруші бөлімі (сома мен аксон төмпешігі); таратушы бөлімі (аксон төмпешігі мен аксонның өзі). Қабылдаушы бөлімі: Дендриттер – нейронның негізгі қабылдаушы аймағы. Дендрит мембранасы медиаторларға сезімтіл болады. Нейронда тармақталған бірнеше дендриттер болады, сондықтан нейронға ақпарат әкелетін кіру арналары көбейеді. Маманданған түйіспелер арқылы ақпарат бір нейроннан келесі нейронға беріледі. Нейрон денесі мембранасының қалыңдығы 6 нм және ол екі қабат липидтік молекуласынан тұрады. Осы мембрананың липидтік қабатында оған кіріп тұрған ақуыздар бар, олар бірнеше қызмет атқарады: ақуыздар-тартқыштар (насостар) – жасушадағы иондар мен молекулаларды концентрациялық градиентке қарсы жылжытады; мембрананың таңдамалы өткізгіштігін қамтамасыз етеді; қабылдаушы (рецепторлық) белоктар қажетті молекулаларды айырып таниды және оларды мембранаға бекітеді; нейронның бетіндегі ферменттер химиялық реакциялардың өтуін жеңілдетеді. Кейбір жағдайларда бір ғана ақуыз қабылдаушы да, фермент те, тартқыш та бола алады. Біріктіруші бөлімі Аксон төмпешігі – нейроннан аксонның шығатын жері. Нейронның денесі ақпараттық қызметімен қатар, өзінің өсінділері мен түйіспелеріне қатысты нәрлендіру қызметін атқарады. Сома дендриттер мен аксонның өсуіне әсер етеді. Нейрон денесі көпқабатты мембранамен қапталған, бұл электрлік потенциалдың қалыптысуын және оның аксон төмпешігіне қарай таралуын қамтамасыз етеді. Таратушы бөлімі Аксон – дендриттермен жиналған және нейронда өңделген ақпаратты өткізуге бейімделген цитоплазманың өсіндісі. Аксонның сырты миелинді қабықпен қапталған, оның тармақталған ұштарында митохондрий және секреторлық құрылым болады. Нейрондар қызметі: жүйкелік серпіндерді тарату; ақпаратты қабылдау, сақтау және өткізу; қоздырушы және тежеуші сигналдарды жинақтау қабілеті.


77. Постсинапстық потенциал түрлері, олардың иондық механизмдері, қасиеттері.
Түйіспе (синапс) деп қозуды немесе тежеуді жүйке талшықтарының ұшынан, онымен нервіленген (иннервация) жасушаға өтуін қамтамасыз ететін құрылымдық-әрекеттік (функциялық) жүйені айтады. Түйіспенің құрылымы: пресинапстық мембрана (ет жасушасымен түйіспе құратын аксон ұшының электрогендік мембранасы); постсинапстық мембрана (түйіспемен ұласқан нервіленген жасушаның бетіндегі электрогендік мембранасы); түйіспелік саңылау (құрамы қан плазмасы сияқты сұйықпен толтырылған пресинапстық және постсинапстық мембраналар арасындағы кеңістік). Саңылау кеңдігі шамамен 200-300 ангстрем болып келеді. Түйіспелердің қақпақша тәрізді қасиетіне байланысты, олар арқылы қозу тек бір бағытта таралады, пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға қарай; түйіспелік кідіріс қасиетіне байланысты, қозуды өткізу жылдамдығы едәуір төмендейді, қозу баяу өтеді; потенциациялау қасиетінде әрбір келесі импульстің өтуінде постсинапстық кідіріс азаяды. Оның себебі, пресинапстық және постсинапстық мембранада, бастапқы импульстер өткенде із қалдырады, шамалы мөлшерде медиатор қалады да, келесі импульстер жеңілдеу өтеді. Түйіспе саңылауы арқылы ацетилхолин диффузиялық жолымен пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға таралады. Диффузиядан кейін ацетилхолин постсинапстық мембранада орналасқан холинорецепторлармен және холинэстеразамен өзара әрекеттесуге түседі. Холинорецепторлардың ацетилхолинмен әрекеттесуі нәтижесінде, постсинапстық мембрананың Na+ ионына деген өтімділігін күшейтіп, мембрананы деполяризациялайды. Постсинапстық мебранада пайда болған жергілікті (миниатюрлық) ток жинақталып постсинапстық қоздырушы потенциалға айналады. Постсинапстық мембрананың беткей жағы теріс зарядталады, ал көрші ет талшығында (ХР-лар жоқ аймақта) оң заряд болады. Сөйтіп деполяризация ет талшығының бойымен жылжып таралатын ӘП тудырады. Постсинапстық деполяризациядан кейін болатын реполяризациясы кезінде мембранадан Na+ ионының сыртқа шығуымен бірге оның К+ ионына өтімділігі күшейеді. Бұдан соң калий-натрий тартқышы МП-ды қалпына келтіреді. Ацетилхолиннің артық бөлінуі оны ыдрататын холинэстераза ферментімен реттеледі. Салыстырмалы тыныштық жағдайда түйіспе белгілі бір биоэлектрлік белсенділікте болады. Мұндай белсенділік түйіспенің әр уақытта жүйкелік импульсті өткізуге дайындығын күшейтеді.
78. Нейрондағы қозу және тежелу процестерінің өзара әрекеттесуі. Нейронның интегративті қызметінің негізі ретінде ҚПСП және ТПСП кеңістіктік және уақытша жиынтығы.
Қозу – тітіркендіру салдарынан пайда болатын тірі тіндердің әрекеті, белсенді қызмет атқара алатындай жағдайы; тірі жасушалардың тітіркенуге қайтаратын жауабы.Қозу – түрлі физикалық, химиялық, функциональдық өзгерістер жиынтығынан тұратын, тек тірі ұлпаларға, тірі организмге тән, қозғыштық қасиет негізінде дамитын күрделі биологиялық процесс. Организмде қозғыштық қасиет жойылса, жасушалардың қызметі бұзылып, тіршілігі тоқтайды.Қозу – толқын тәрізді таралатын процесс. Тіннің бір жерінде пайда болған қозу оның басқа бөліктеріне жайыла таралады. Ет пен жүйке тіндерінде қозу электрлік жолмен, әрекет потенциалы түрінде таралады. Тіннің бір жасушасында немесе бір телімінде пайда болған әрекет потенциалы оның басқа бөліктерін тітіркендіреді. Қозу процесі шектелген және шектелмеген болып екіге бөлінеді. Қозудың табиғатын түсіндіретін мембраналық-иондық теорияға сәйкес абстракциялық рефрактерлік сатысы натрий иондарының жасуша ішіне өтуі тоқтап, жарғақша арқылы калий иондары өтуінің жоғарылауымен байланысты. Тежелу -тінге тітіркендіргішпен әсер ету кезінде байқалатын басқа қозуды басатын белсенді үдеріс, бұл кезде тіндерде әрекеттік өзгерістер болмайды. Тежелудің екі түрін ажыратады: 1) біріншілік. Оның пайда болуына арнайы тежегіш нейрондар болуы керек.Тежеуші медиатордың әсерінен, алдын ала қозусыз, бірден тежелу байқалады. Біріншілік тежелудің екі түрі болады: пресинапстық — аксо-аксондық түйіспеде; постсинапстық — аксо-сомалық, аксо-дендриттік түйіспелерде. 2) екіншілік. Әдеттегі қозғыш құрылымдардың әрекеттік белсенділігінің өзгеруінен пайда болады, ол үшін арнайы тежеуші нейрондар керек емес, бұл әрқашан қозу үдерісімен байланысты. Екіншілік тежелудің түрлері: шектен тыс, нейрондарға аса көп ақпараттар ағыны келгенде пайда болады. Бұл тежелудің сақшылық маңызы бар. Өйткені ол жүйкені шамадан тыс күшті немесе ұзақ тітіркендірудің әлсірету әсеріне кедергі жасайды. Ақпарат ағыны нейрондардың жұмыскерлік қабілетінен тыс болады; пессималдық, өте жоғары тітіркендіру салдарынан дамиды; парабиоздық, өте күшті және ұзақ тітіркендіру кезінде пайда болады; қозудан кейінгі тежелу, нейрондардың қозудан кейінгі әрекеттік жағдайының төмендеуі салдарынан пайда болады; теріс индукция принципіне сәйкес тежелу; шартты рефлекстердің тежелуі. Қозу мен тежелу үдерістері өзара өте тығыз байланысты, бір мезгілде өтеді және бірыңғайлы удерістердің әртүрлі көріністері болып саналады. Қозу мен тежелу ошақтары жылжымалы болады, сондықтан олар үлкен немесе кіші нейрондар аймақтарын қамтиды және азды көпті байқалуы мүмкін. Қозу әрдайым тежелумен ауысады және керісінше, яғни екеуінің арасында индукциялық қатынас бар. Тежелу қимыл-қозғалыстың үйлесімді болуына қатысады, орталық нейрондарды шексіз қозудан сақтайды. ОЖЖ-дегі тежелу бірнеше тітіркендіргіштерден, күші әртүрлі жүйкелік серпіндер, бір уақытта, жұлынға келіп түскенде пайда болуы мүмкін. Әлсіз тітіркендіруге жауап түрінде пайда болуға тиісті рефлекстер, күштірек тітіркендіру әсерінен тежеледі. 1862 жылы И.М.Сеченов орталық тежелу құбылысын ашты. Н.Е.Введенскийдің болжауы бойынша, тежелу құбылысының негізіне теріс индукция жатады, яғни ОЖЖ-нің жоғарылау қозғыш учаскесі төмендеу қозғыш бөлімнің белсенділігін тежелуге келтіреді.


79. ОНЖ негізгі медиаторлары: глутамат, ГАМҚ, ацетилхолин, норадреналин, дофамин, серотонин, глицин.
Медиатор – бұл жимиялық түйіспелерде пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға қарай қозуды немесе тежеуді өткізуге қатысатын табиғаты химиялық заттар тобы. Медиаторлар тобына жататын заттар үшін қойылатын шарт: зат аксон терминалындағы пресинапстық мембранада бөлінуі керек;түйіспенің құрылымында медиаторды синтездеуге және ыдыратуға қатысатын ферменттер болу керек, сонымен қатар постсинапстық мембранада медиатормен әрекеттесетін қабылдағыштар болу керек; медиатор ролін атқарушы заттар өздерінің өте аз мөлшердегі шамасымен қозуды пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға өткізуге қабілеті болу керек. Медиаторлардың жіктелуі: химиялық – медиатордың құрылымына негізделген; әрекеттік – медиатордың қызметіне негізделген. Химиялық жіктелуі: Күрделі эфирлер – ацетилхолин Биогендік аминдер: катехоламиндер (дофамин, норадреналин, адреналин); серотонин; гистамин; Амин қышқылдары: гамма аминмай қышқылы; глютаминдік қышқыл; глицин; аргинин. Пептидтер: апиындық пептидтер (метэнкефалин, энкефалиндер, лейэнкефалиндер); «Р» зат; вазоактивті интестинальды пептид ; соматостатин. 5. Пуриндік қосындылар: АҮФ. Молекулалық массалары өте төмен заттар: NO; CO. Әрекеттік жіктелуі: Қоздырушы медиаторлар – постсинапстық мембранада деполяризация тудырады да, постсинапстық қоздырушы потенциал (ПСҚП) пайда болуына келтіреді: ацетилхолин (АХ); глютаминдік қышқыл; аспарагиндік қышқыл. Тежеуші медиаторлар – постсинапстық мембранада гиперполяризация тудырады, одан кейін постсинапстық тежеуші потенциал пайда болуына келтіреді: ГАМҚ; глицин; «Р» зат; дофамин; серотонин; АҮФ. Норадреналин, адреналин, гистамин сияқты медиаторлар қоздырушы да тежеуші де болады. Ацетилхолин орталық және шеткергі жүйке жүйесінде аса көп таралған медиатор болып саналады. Жүйке жүйесінің әр түрлі құрылымдарындағы ацетилхолин мөлшері бірдей болмайды.


80. ОНЖ қызметінің рефлекстік принципі. Рефлексті анықтау. Рефлекстік доға, оның құрылымдық бөлімдері. Сезгіш, ендірме және қозғалтқыш нейрондар.
Орталық жүйке жүйесі негізінен екі түрлі қызмет атқарады. Олар: Рефлекстік;Өткізгіштік.
Рефлекстің принципіне тоқталайық. Бұл принцптің негізін- рефлекс құрайды. Рефлекс дегеніміз-сыртқы ортадан немесе іштегі болатын тітіркендіргіш әрекеттеріне орталық жүйке жүйесінің беретін жауабы. Бұл өте күрделі жүйе болып табылады. Морфологиялық негізі- рефлекстік доға деп айтсақ болады,яғни негізгі жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет