СӨЖ ұйымдастыру үшін төмендегілер қажет: -СӨЖ тапсырмаларын оқу жылы басында беру (семестр)
-ағымдағы және аралық бағалау формаларын жасау;
-СӨЖ консультациялары уақытын белгілеу.
Сонымен бірге жалпы талаптарды белгілеп алудың маңызы зор, яғни
оқытушы силлабуста студенттерді мынандай мақсатқа бағыттауы тиіс:
а) үй тапсырмаларын орындау қажеттігі;
б) орындау мерзімін сақтау қажеттігі;
в) дайындық пен жауапкершілікке.
Интерактивті әдістер студенттерге:
-тыңдау және қарым-қатынас біліктілігін;
-басқа адамды түсіну мүмкіншілігін;
-көзқарасты дамыту мүмкіншілігін;
олардың белгілі бір мәселелерді шешу және шешім қабылдау қабілеттерін арттырады; талғамды ойлау және пікірлеу мүмкіншілігін;олардың белгілі бір сала бойынша көзқарастарының жүйелі түрде қалыптасуына мүмкіншілік береді.