Физиология Таладғыштардың морфологиялық-функциялық ерекшеліктер. Сайе



бет15/31
Дата11.12.2022
өлшемі173,46 Kb.
#56550
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
физио СЕССИЯ

Дыбыс толқындарының өтуі:
Дыбыс - сыртқы дыбыс жолы - дабыл жарғағы - балғашық, төс, үзеңгі - сопақша терезенің тербелісі - жоғарғы және төменгі арналардың перилимфасының тербелісі - ортаңғы арнаның эндолимфасының тербелісі - негізгі мембрананың тербелісі - жабылмалы мембранаға жасушалар түктерінің жанасуы рецепторлық потенциал пайда болды. Пайда болған ӘП – есту жүйке талшықтары мен ОЖЖ-не барады.


Дыбысты қабылдау теорияларына мыналар жатады:
• Резонанс теориясы (Гельмгольц, 1863 ж. );
• Телефон теориясы (Резерфорд, 1880 ж. );
• «Жарысқан толқын» теориясы (Бекеши, Эвальд, 1960 -1966 ж. ж. ).
Дыбыс қабылдағыштарға тоқталсам.
Негізгі мембранада екі түрлі қабылдағыштық түкті жасушалар орналасады, олар сыртқы және де ішкі , бұл екуі бір бірінен спиральді доға арқылы ажыратылып тұрады. Енді осы екеуіне жеке жеке тоқталсам, ішкі түкті жасушалар жоғары арнада ұзын бойына біп қатар болып орналасады, бұлардың саны 3500дай. Ал сыртқы түкті жасушалар үш төрт қатарлы болады, олардың саны он екі және жиырма мыңдай болады.

  1. Дыбысты қабылдау. Түрлі жиіліктегі дыбыстарды қабылдау теориясы. БАЛЖ

Адамдардың құлағы 16 дан-20000 Гц-ке дейінгі әртүрлі дыбыстарды қабылдай алады. Дыбыс қаттылығын өлшеу үшін Белл бірлігін қолданады.Ал іс жүзінде дыбыс қаттылығының бірлігі ретінде децибел-дБ қолданылады,ол 0,1 Бел-ге тең.Дыбыстарды қабылдау теориясы келер болсам:1-Розерфорд ұсынған телефондық теория;2- Г.Гельмгольц ұсынған-Резонанс теориясы;3-Бекеши,Эвальд-жарасқан толқын,толасқан толқын теориясы.
1-Розерфорд ұсынған телефондық теория:бұл теорияға сүйенер болсақ,иірім түтігінде дыбыстың тербелісінің жиілігіне сәйкес келетін биотоктар өндіріледі.Пайда болған потенциалдар есту жүйкесі арқылы миға жетіп отырады.Кейін бұл теория иірімді түтіктегі микрофондық туындылармен дәлелденген,бірақ осы зерттеудің арқасында,адамның иірімді түтігі тек 1000 Гц-ке дейінгі дыбыстың тербелістерін ғана қабылдай алатыны белгілі болған.
2- Г.Гельмгольц ұсынған-Резонанс теориясы:бұл теорияда иірімді түтіктің мембранасындағы көлденең бағытта өтетін талшықтардың ұзындығының әр түрлі болатындығы туралы айтылған.Яғни,күшті дыбыстарға негізгі мембрананың қысқы әрі күші керілген талшықтары резонанс жасаса,ал төменгі жиіліктегі дыбыстарға керісінше,әлсіз керілген ұзын талшықтары резонанс жасайды деп тұжырымдаған.
3-Бекеши,Эвальд-жарасқан толқын,толасқан толқын теориясы:бұл теорияда иірімді түтікте пайда болатын резонанс мембрананың тербелісінен емес,оның ішіндегі сұйықтықтың бағанынан туыындайды дейді.Әр түрлі жиіліктегі толқындар иірімді түтікте резонанс тудырып,негізгі мембрананың белгілі бір бөлігін вибрацияға мәжбүр етеді.Бекеши негізгі мембрана жарысқан толқын тәрізді десе,Эдвальд болса толасқан толқын тәрізді деп есептейді.Зерттеулердің нәтижесінде дыбыс жиілігіне сәйкес ол жарысқан толқын тәрізді де,толасқан толқын тәрізді де болады деп корсеткен.Бұндай вибрациялар түкті жасушалады қоздырады да,пайда болған серпіністересту жүйкесінің жекелеген талыштарының бойымен миға барады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет