Физиология Таладғыштардың морфологиялық-функциялық ерекшеліктер. Сайе



бет2/31
Дата11.12.2022
өлшемі173,46 Kb.
#56550
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Талдағыштардың аралық бөлімі жалпы талдағыштардың аралық бөлімін орталыққа тебетін сезімтал өткізгіш жолдары мен байланысатын ядролардардан және ми қыртыстарының аймақтары болады. Торлы құрылымдары лимбиялық жүйеден және мишық қатысады.Сезім ағзаларының өзі екіге бөлініп кетеді бұл сезімдік жолдары арнамалы,бейарнамалы болып екіге бөлінген.Арнайы жүйеге біррайлы сезім яғни көру,тері,есту қабылдағыштарымен байланысып отыратын құрылымдары жатқызылады.Жолдары сопақша мидан таламусқа келіп отыратын ілмек жолдары бұл тітіркендірістің кеңістік бөлшектері ажыратылады. Ал бейарнамалы жүйеге бұл бірнеше сезім аймақтарынан көпрайлы қозу толқындары түйісіп отыратын жолдары.Басты құрылымдарына торлы құрылым және таламустың аттас ядролары жатады.Ми қыртысының бар аймақтарымен шашыраңқы байланыс жасап отырады.Ми бағандарымен,гипоталамус,лимбиялық жүйелер және қыртысасты қимыл орталықтарының байланыстары болады.Ауырғанды сезу,сана,бағдарламалық әсерленістерге қатысып отырады.
Талдағыштардың орталық бөлімі бұл өткізгіш жолдары арқылы сезім ақпараттары ми қыртысының ұласқан аймақтары және ми қыртысының жолдарының аймақтары.Жалпы ми қыртысында талдағыштардың өз орындары болады.Осы жерде анализ және синтез жасалады. Мысалы көру талдағыштары шүйдеде ,қимыл болса төбе бөлігінде, есту самай аймақтарында болады.Талдағыштарда тек бір тітіркенуге жауап беретін нейрондары болады.Арнамалы қасиеті мен дәлме дәл жергілікті құрылымдары болады. Бұны ми қыртысының бірінші жобаланыс аймағы деп аталады.Бұл жерде көпрайлы яғни бірнеше тітіркендіруге әсерленетін бейарнамалы нейрондары болады.Ми қыртысының екінші жобаланыс аймағы деп аталады бұл біріншіні қоршай орналасады.Бұл жердегі нейрондар тітіркендірістерді іріктеп ажыратып отырады. Ми қыртысының көру аймақтарындағы нейрондар бұл қарапайым белгілерді жолақтарды,сызықтарды іріктесе ал оның екінші жобаланыс аймақтарындағы нейрондар заттардың күрделі пішіндері ұзындығын,шетін,бағытын,бұрыштарын талдайды.Осы екі жобаланыс аймақтар талдағыштың мидағы орталық бөлімдерін құрайды. Нейрондары тітіркенудің белгілі бір көрсеткіштерін дәлелдейді. Ми қыртысының үшінші ұласқан аймағына тоқталсам біррайлы,әртүрлі райлы, бейарнамалы сезім толқындарын түйіседі. Нейрондар тітіркенудің жалпы белгілеріне жауап қайтарады.Ұласқан аймақтарына ми қыртысының шүйде,самай,артқы төбе бөлімдерінде орналасады.Сол арқылы сөйлеу,байымдау,дерексіз ойлауәрекеттерін қамтамасыз етіп отырады.Және бұл аймақтар бұзылса афазия,агнозия байқалып отырады. Мидың ұласқан аймақтарында гнозистік нейрондары болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет