Физиология Таладғыштардың морфологиялық-функциялық ерекшеліктер. Сайе


Дыбыстың ауа және сүйек арқылы өткізілуі, анықтау әдісі, клиникалық мәні. АЗИ



бет17/31
Дата11.12.2022
өлшемі173,46 Kb.
#56550
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
физио СЕССИЯ

Дыбыстың ауа және сүйек арқылы өткізілуі, анықтау әдісі, клиникалық мәні. АЗИ

Есту талдағышының рецепторлық бөлімі ішкі кұлақтағы есту сүйекшелерінің ұлу тәрізді иірім сүйегінде орналасқан корти мүшесінен тұрады. Осылар есту жүйкесін құрайтын бастаушы жол болады,ең алдымен жүйке импульстері төрт төмпешіктің артқы төмпешіктеріне барады да, содан кейін көру төмпешігінің медиальды бүгілмелі денелеріне , одан әрі қарай ми
қыртысына барады.Есту талдағышының орталық бөлімі ми қыртысының самай бөлігі жағында орналасқан. Осы дыбыс толқындарын корти мүшесіне өткізу жолы ауа және сүйектің дыбысты өткізу қасиетіне байланысты іске асырылады.
Ауа арқылы өткізу сыртқы және ортаңғы кұлақ қуысымен жүзеге асады. Сыртқы құлақ арқылы келген дыбыс толқындары дабыл жарғағын қозғалтады. Ары қарай балғамен, төс,үзеңгі арқылы өтеді, оның жылжуы кейіннен ұлулардың негізгі мембранасының тербелісін тудырады. Ол дыбыс сүйекшелерінің жүйесі арқылы,сопақша тесіктен ішкі кұлақтың эндо- және перилимфа сұйықтары арқылы корти мүшесіне келеді.
Дыбыс толқындарының сүйек арқылы өтуі бас сүйегі арқылы жүзеге асырылады.Мұндайда дыбыс бас сүйектері арқылы өтеді.Сүйек өткізгіштігі-бұл дыбысты бас сүйегінің қатты тіндері арқылы ішкі құлаққа тікелей беру, сыртқы және ортаңғы құлақты айналып өтетін сүйек. Дыбыс көзі міндетті түрде басымен байланыста болады және сүйектердің дірілін тудырады.
Қалыпты жағдайда дыбыстың сүйек арқылы өтуі дыбыстың ауа арқылы өтуінен анағұрлым төмен болып келеді.
Осыны анықтау үшін тәжербие ретінде үні шығып тұрған камертонды самай сүйегінің өсіндісіне қойып зерттегенде естіліп тұрған дыбыс біраздан кейін азайып барып жоғалып кетеді. Осы кезде камертонды сыртқы есту тесігіне жақындатса дыбыс қайтадан естіледі. Дыбыс өткізу жүйесі бұзылғанда ауа арқылы дыбыс өткізу сүйек арқылы өткізуден төмен болады.Үні шығып тұрған камертонды бастың ортасына қойса екі кұлақ дыбысты бірдей қабылдайтын болады. Бір құлақтың тесігін мақтамен жауып үні шығып тұрған камертонды қайтадан бастың ортасына қойса,жабылған кұлақ дыбысты күштірек қабылдайды.Оның себебі, кұлақтың сыртқы тесігі арқылы дыбыс толқынының аздап жоғалуына байланысты болады.

Бұл технология кейбір жағдайларда есту қабілетінің бұзылуы адамдар үшін дыбысты қабылдаудың жалғыз мүмкіндігі болып табылады және осындай диагноздардың арасында:Екі жақты сыртқы өту атрезиясы


Екі жақты созылмалы іріңді отит
Операциядан кейінгі үлкен ашық мастодиальды қуыстар
Сыртқы жүйеде қабыну процестер және басқа да аурулар кезіңде қолданылады. Сондықтан осы технологияның негізінде кейбір есту аппараттары жұмыс істейді. "Үйлесімділік тестілерін" сурдолог дәрігер арнайы құрылғы-аудиометрдің көмегімен жүргізеді, содан кейін тиісті шешім шығарылады. Ринне тесті есту қабілетінің бұзылуын диагностикалауға көмектеседі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет