Торлы қабық құылымына келер болсам көп қабатты құрылымы бар көздің ішкі қабығы болып табылады.Бұл аймақта екі түрлі көру қабылдағыштары орналасады,олар таяқшалар және сауытшалар жәнеде көп өсінді бұтақтары бар жүйке жасушаларының көптеген түрлері кездеседі.Жарық сәулесінің әсер етуінен қозу болғанда қабылдағыштарда фотохимиялық әсерленістер пайда болады.Осы таяқшалар мен сауытшалар байланысатын нейрондарда қозу шығарады.Бұл жасушалар көздің жүйке жасушасын құрастырып отырады.Ол арқылы көру аппаратын мида орналасатын орталығына жеткізіп отырады,жәнеде оныңталданып өнделуіне қатысатын болады.Сондықтан көздің торлы қабығы мидың шеткі бөлімі болып табылады.Торлы қабықтың сыртқы қабаты болса пигменттік беткейлік тінмен жабылады,бұның ішінде болса фусцин деп аталатын бояғыщ заты болады.Омы пигмент жарықты сіңіреді және оның шағылысуына ,шашырауына кедергікелтіріп отырады,сол себептенде көру түйсігін анық ететін болады.Фоторецептор яғни таяқша және сауытшалар жарықтың әсеріне сезімтал,көру пигменті бар сыртқы сегменттен тұрады және ішкі сегменттен тұрады бұл ішкі сегментте ядро мен митохондрийлер бар.Осы әрбір таяқшаның сыртқы сегменті ендері шамалап айтар болсам алты мкм,жұқа төрт жүз-сегіз жүз дискілерден құрылады.Сол әр дисктер қос мембранадан құралады,және ол жердегі белок молекулаларының араларында липидтердің жеке қабаттары бар.Сондай-ақ белок пен ретиналь байланысады да родопсин деп аталатын көру пигментінің құрамына кіретін болады.Фоторецептордың сыртқы ішкі бөліктері мембранамен бөлінеді,сол арқылы он алты немесе он жеті жіңішке талшықтан құралған буда өтеді.Осы ішкі сегменті өсіндіге айналып,соның көмегімен фоторецепторлар қозуды түйіспе арқылыда бұған жалғасатын биополярлық нейрондарға жеткізеді.Торлы қабықтың нейрондарына келер болсақ торлы қабықтың жарық қабылдағыштары орналасатын қабатының ішкі жағында биполярлы нейрондар жатады,содан кейін ганглиоздық нейрондарға жалғасады.Сондай-ақ торлы қабықтағы көрші нейрондардың қатынастары көлденең және амокринді жасушалары қамтитын болады.Торлы қабықтың фотохимиялық әсерленістеріне келер болсақ, торлы қабығындағы таяқшаларында родопсин көру пигменті түзіледі,сауытшаларда иодопсин деген пигмент болады,бұдан басқа хлоролаб және эритролаб деген бояғыштары болады.Родопсин А витаминінің альдегиді ретиналь және опсин деген белоктан тұрады.Егерде А витамині жетіспеушілігі орын алса родопсиннің түзілуі бұзылатын болады.Олардың қызметі жарықты қабылдайды,сол кезде қараңғыдан жарыққа шықсақ біз уақытша көрмей қаламыз,ол сәтте жарыққа бейімделу жүреді,ал егер жарықтан қараңғыға кірсек көзіміз сәл көрмей тұрады қараңғыға бейімделу жүреді.
Сары дақ-адамның көзінің торлы қабығында алты-жеті миллиондай сауытша жәнеде 110-125млн таяқшалар болады.Сол таяқшалар мен сауытшалар торлы қабықтың беткейінде жатады.Сондай-ақ торлы қабықтағы орталық шұңқырында таяқшалар орналаспайды,тек сауытшалар ғана орналасады,міне осы аймақты сары дақ деп атаймыз.
Соқыр дақ ол көру жүйкесінің көз алмасынан шығатын жерінде болады,ол жарықты сезбейді, себебі ол жерде таяқшалар мен құтылар болмайды,яғни жарық қабылдағыш жасушалар болмайды сол себептіде жарықты сезбейді. Сондықтан заттың бейнесі соқыр даққа түссе, көру сезімі пайда болмайды.