ЖҰЛЫН- ОМЫРТҚА ЖОТАСЫНЫҢ ӨЗЕГІНДЕ ОРНАЛАСҚАН ҰЗЫНДЫҒЫ 41- 45 СМ. ЖҰЛЫН ОРТАСЫНДА ЖҰЛЫН ӨЗЕГІ ОРНАЛАСАДЫ. ІШІ ЖҰЛЫН СҰЙЫҚТЫҒЫНА ТОЛЫ БОЛАДЫ. ЖҰЛЫННЫҢ СҰР ЗАТЫ АҚ ЗАТЫН ҚОШАП, СЫРТЫНДА ОРНАЛАСАДЫ. ЖҰЛЫН ҚҰРЫЛЫСЫНДА САЙЛАР МЕН САҢЫЛАУЫЛАР ОРНАЛАСАДЫ. ЖҰЛЫННЫҢ АЛДЫҢҒЫ ЖӘНЕ АРТҚЫ ТҮБІРІ БІРІГІП, ЖҰЛЫН ЖҮЙКЕСІ П.Б. ЖҰЛЫННАНА 31 ЖҰП ЖҮЙКЕ ШЫҒАДЫ: 5 БЕЛ, 5 СЕГІЗКӨЗ, 8 МОЙЫН, 12 КЕУДЕ , 1 ҚҰЙЫМШАҚ СЕГМЕНТТЕРІ. ЖҰЛЫН ЖІПШЕЛЕРІ ЕКІ ТҮРЛІ ТАЛШЫҚТАН ТҰРАДЫ: ЖҰЛЫННЫҢ ЖҮЙКЕ ТАЛШЫҒЫ МЕН ӨТКІЗГІШ ЖОЛЫ. ЖҰЛЫННЫҢ ӨТКІЗГІШ ЖОЛДАРЫНЫҢ 3 ТҮРІ БАР: 1. ЖОҒАРЫ БАҒЫТТАЛҒАН 2. ТӨМЕНГЕ БАҒЫТТАЛҒАН 3. АРАЛЫҚ НЕМЕСЕ АССОЦИАТИВТІ ЖҰЛЫНДЫ 3 ҚАБЫҚ ЖАУЫП ТҰРАДЫ: 1. СЫРТҚЫ ҚАТТЫ ҚАБЫҚ 2. ІШКІ ЖҰМСАҚ ҚАБЫҚ 3. ОРТАДАҒЫ ТОРЛЫ ҚАБЫҚ
1 — АҚ ЗАТ; 2 — СҰР ЗАТ; 3 — АРТҚЫ СЕЗГІШ ТАЛШЫҚ; 4 — ЖҰЛЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ; 5 — АЛДЫҢҒЫ СЕЗГІШ ТАЛШЫҚ; 6 — ЖҰЛЫН ГАНГЛИЙІ
Нерв жүйесі — информацияны жылдам жеткізетін және басқаруды жүзеге асыратын күрделі ұйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе. Оның негізгі құрылымдық бірлігі — нерв клеткасы — нейрон. Адам организмі күрделі де өзара тығыз байланысқан жүйелерден, органдардан және тканьдерден тұратын жоғары ұйымдасқан биологиялық супер жүйе болып есептеледі. Осы-күрделі құрылымда ерекше рольді орталық нерв жүйесі — ми мен жұлын атқарады. Ол адам организміндегі барлық клеткаларды, ткаиьдерді, органдарды, бұлардың жүйелерін, өзара байланыстырып функциональдық біртұтастықта ұстайды. Орталық нерв жүйесінің қызметтері арқылы - барлық органдар мен тканьдерде болатын рецепторлар тітіркенген кезде туатын афферрнтті (орталыққа тепкіш) импульстер қабылданады, олардың анализі мен синтезі жүреді (өңделеді) және түрлі шеткі органдардьщ әрекетін тудыратын немесе тоқтататын, болмаса олардың тонусын сақтауға көмеқтесетін эфференттік (орталықтан тепкіш) импульстер пайда болады. Орталық нерв жүйесі жеке организмнің қоршағаң ортаға бейімделуін оның барлық қызметтерінің ең жетілген реттелуін және үйлесімді, бірлескегі түрде іске асуын қамтамасыз етеді. Орталық нерв жүйесінің түрлі органдар әрекетін нақты бақылауы нерв орталықтары мен шеткі органдар арасында екі жақты байланыс болғандықтан іске асады. Қандай да болмасын эфференттік импульстерден орындалатын әрекеттен жұмые атқарушы органдардағы рецепторлар тітіркенеді де афференттік импульстер туады; ал олар тиісті әрекеттің нәтижесі туралы орталық нерв жүйесін хабарлайды (кері афферентация). Адамның да психикалық әрекеті мен басқа да барлық әрекеттері орталық нерв жүйесінде жүретін процестерге негізделген.