Баға. Студенттің қорытынды бағасы төмендегі көрсеткіштерден тұрады.
Сабақ үлгерімі, сабаққа қатысуы – (60% 1-7 апта; 30% 8-15 апта)
Аралық бақылау:
А) коллоквиум 70% (35% – 7 аптада; 35% – 8-15 аптада)
Б) өзіндік жұмыс (СӨЖ) 30% (35% – 1-7 аптада; 35% 8-15 аптада).
Қорытынды емтихан (ауызша, жазбаша, тест түрінде өткізіледі) – 100%
7 аптадағы үлгерімінің максималды көрсеткіші 50%, ал 15 аптада 100%
Студент семестр барысында 50% аз балл жинаса, емтиханға жіберілмейді.
Каф.меңгерушісі ____________________ А.Б. Темірболат
Әдістемелік кеңестің төрағасы С.Ш. Ақымбек
Дәріскер __________________________ З.Н. Сейітжанов
Кафедра мәжілісінде қарастырылды
№ ___ хаттама «____» ____________ 2015 ж.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология және әлем тілдері факультеті
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы
| Филология және әлем тілдері факультеті Ғылыми кеңесінінің мәжілісінде бекітілді
№____хаттама « ____»________ 2015 ж.
Факультет деканы _____________Ө.Әбдиманұлы
|
Мамандық «5В011700 – қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы
СИЛЛАБУС
Модуль №3
Пәнің коды, аты «Фольклор»
1 курсы, қ/б, 1 семестрі (күзгі/көктемгі), 3 кредит саны, пәннің түрі (міндетті/таңдаулы)
Дәріскер: Зұфар Нұрсапаұлы Сейітжанов, ф.ғ.д., профессор. 268-44-88. Каф 323.
Оқытушы (практикалық, семинар, зертханалық сабақтар): Ақнұр Абдужапарқызы Оспанова, PhD докторы, аға оқытушы. Каф 323.
Мақсаты: «Фольклор» – филология және әлем тілдері факультетінде «5В020500 – Филология» мамандығы бойынша оқытылатын базалық пән. Қазақ халық әдебиеті жанрларының түрлерін, олардың мазмұны мен атқаратын функцияларын таныту; әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктерді ашу; халық әдебиетінің хатқа түсіп жиналуы мен зерттелуін ұғындыру; кейбір жанрлар халық тұрмысымен тікелей байланысты болса, кейбірінің жанамалай байланыста болып келетінін жан-жақты таныстыру. Осы ретте фольклорлық мұраның танымдық-тағылымдық мәліметтерді зерттеуші-ғалым не оқытушы-ұстаз қалыптастырудағы мәнін ашу, таныту мақсаттарын да қамтиды.
Міндеттері: Бұл пән халықтың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста өтілетіндіктен төмендегідей міндеттерді атқаруға бағытталады:
Халық әдебиетінің жанрлық, тақырыптық әр алуандығын сөз ете отырып, студенттердің білімін теориялық және практикалық тұрғыдан жүйелі толықтырып отыру;
Халық әдебиетінің жиналу, жариялану, зерттелу жай-күйін жан-жақты хабардар ету;
Фольклорлық мұралардың генезисі, тарихилығы, жанрлық белгілерін ұғындыру;
Кей жанрлардың тұрмыс-тіршілікпен тікелей, кейбірінің жанамалай қатыстылығын пайымдату;
Фольклордың синкреттік, көпқабаттылық, дәстүрлілік сипатын таныту;
Фольклор поэтикасының өзіне тән ерекшелігі мен образ жасау тәсілдерін меңгерту.
Достарыңызбен бөлісу: |