«Фольклор» атты пәннің басты мақсаты мен міндеті алғашқы қауымның ыдырау кезінде туып, күні бүгінге дейін өмір сүріп келе жатқан фольклорлық мұра туралы біртұтас ұғым қалыптастыру



бет10/14
Дата27.09.2023
өлшемі301 Kb.
#110750
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ФОЛЬКЛОР КЕШЕН

14-лекция. Шешендік сөздер
Шешендік сөздердің зерттелуі мен жанрлық ерекшеліктері. Қоғамдық қызметі. Бір кезде екі адамның арасындағы даудан бастап, екі ел арасындағы кикілжіңге дейін шешен-билердің бітіріп отыруы. Шешендік сөздердің үшке (шешендік арнау, шешендік дау, шешендік толғау) бөлінуі. Өлең сөз бен қара сөздің араласып келетіндігі. Ең басты ерекшелігі – табанда тауып айтуды қажет етеді. Қазақ өмірінде атақты үш бидің (Төле, Қазыбек, Әйтеке) ерекше орны болуы. Шешендік сөздердің арыдан келе жатқан дәстүрлі мектебі болғаны. Қазақ халқының сөзді ерекше қадір тұтып, сөзге тоқтаған халық екендігі.
15-лекция. Қазіргі заман халық поэзиясы мен әдебиет
Қазіргі заман халық поэзиясының өкілдері: Ж.Жабаев, И.Байзақов, Н.Байғанин, К.Әзірбаев, О.Шипин, Н.Бекжанов, Т.Көбдіков, Қ. Жапсарбаев, І.Манкин т.б. ақындар екендігі. Бұлардың басты ерекшелігі – қолма-қол төгіп айтатын импровизатор екендіктері. Ақпа ақындарың сынға түсп, танылатын жері – шаршы топ, торқалы жиын, қызған айтыс үсті. Халық ақындарының шығармаларында фольклордағы ортақ дәстүрлер мен ортақ мотивтер басым көрінеді. Суырып салып жырлау – біртіндеп жетілетін қасиет. Бұл топтағы ақындар үлкен эпикалық жырлардың туып-қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан тұлғалар. Халық ақындары өз заманының шындығын жырлап, үнемі халықтық мүдде тұрғыынан сөйлейтін өнер иелері.


Семинар сабағына ұсынылған тақырыптар
1-семинар. Фольклордың пайда болуы жөніндегі теориялар, жиналуы, жариялануы
Фольклордың пайда болуы жөнінде ХІХ ғасырдағы орыс ғалымдарының пікірлері. «Мифтік мектеп», «Тарихи мектеп», «ауысып алу» теорияларының ерекшеліктері. Қазақ фольклорының хатқа түсуі XVIII ғасырдың екінші жартысынан басталуы. Нағыз ғылым үшін жиналып, пікір айту ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. 2-сағат.


2-семинар. Наурыз және мұң-шер өлеңдері.
Наурыз өлеңдері еңбек-кәсіпке байланысты туады. Әрі 21-22 наурыз жылдың басы. Осыған орай наурыз көже жасалып, халық мерекелейтін болған. Мұң-шер өлеңдері адам қайтыс болғанда естірту жоқтау түрінде айтылады. 2-сағат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет