«Фольклор» атты пәннің басты мақсаты мен міндеті алғашқы қауымның ыдырау кезінде туып, күні бүгінге дейін өмір сүріп келе жатқан фольклорлық мұра туралы біртұтас ұғым қалыптастыру



бет9/14
Дата13.11.2022
өлшемі301 Kb.
#49665
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ФОЛЬКЛОР КЕШЕН (1)

10-лекция. Батырлық эпос
Батырлың эпостың жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Шығу мезгілдері мен идеялық нысанасы. Батырлық жыр ХІХ ғасыр ішінде жазылып алына бастады. Атап айтқанда, Ш.Улиханов, В.Радлов, Г.Потанин, А.Васильев, т.б. ғалымдар ат салысқан. Батырлық жырлардың тақырыбы – Отан қорғау немесе сыртқы жауларға қарсы күрес. Бас қаһарман көбіне батыр (Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар, Едіге, Ерсайын, т.б.) болады. Олар дүниеге ғажайып түрде келеді, тез ер жетіп өседі. Ерлікпен үйленеді. Сенімді серіктері – аттары болады. Сыртқы жау – қалмақ, қызлбастарға қарсы күреске шығады. Батырлардың ерлік қимылдары әсірелеу тәсілімен жырланады.


11-лекция. Тарихи жырлар
Тарихи жырлардың ең басты ерекшеліктері - өмірде болған оқиға негізінде туатындығы. Тарихи жырларға алғаш назар аударған Ш.Уәлиханов болса, одан бері А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Е.Ысмайылов, т.б. ғалымдар пікір айтып, анықтама берген. ХVІІІ – ХІХ ғасырлардағы тарихи жырларға “Абылай хан”, “Қабанбай батыр”, “Бөгенбай батыр,” “Олжабай батыр”, “Бекет”, “Жанқожа батыр”, “Сұраншы батыр”, “Исатай - Махамбет”, т.б. жырлары жатады. Бұл топтағы жырлардағы басты қаһармандар жоңғар қалмақтары мен Қоқан-Хика хандықтарының озбырлығына қарсы күрескендіктен аталған жырлардың тақырыбы елді, жерді қорғау болып келеді.
12-лекция. Лиро-эпос
Лиро-эпостың жиналуы мен зерттелуі. Жанрлық сипаты. Тақырыбы жастар арасындағы сүйіспеншілікті арқау ететіндігі. Басқаша айтқанда адамның, жеке бастың мүддесі және махаббат еркіндігі. Әдет-ғұрып, салт-сананың лиро-эпос сюжетінен алар орны, кейіпкерлер тағдыры мен сабақтастығы. Трагедия және оның болу себептері. Бұл топқа “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Айман-Шолпан”, «Еңлік - Кебек”, т.б. жырларымен бірге Шығыс сюжетіне құрылған қазақ дастандандары жатады. Лиро-эпос жырлары көп вариантты болып келеді. Тартыс екі топ арасында өтеді немесе ескі салт-дәстүрді ұстаушылардың қатыгездіктері көрініс табады.
13-лекция. Айтыс
Айтыс атауының мағынасы. Айтыс қазақтан басқа кейбір елдерде (Индия, Араб, Франция, Қырғыз, т.б.) болғандығы. Айтыс көпшіліктің көз алдында өтетіндіктен, табанда тауып айту басты шарт. Қарсы ақынның сөзіне ұтымды да ұтқыр жауап қайтара білу керек. Айтыстың біірнеше түрі бар. Олар қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы, әдет-салт айтысы, жұмбақ айтысы, т.б. болып бөлінеді. Айтыс ХІХ ғасырда кеңінен дамыған. Көпеген белгілі ақындар (Сүйінбай, Шөже, Жанақ, Жамбыл, Құлмамбет, Кемпірбай, Әсет, Біржан, Сара, Ұлбике, Ырысжан, Майкөт, Түбек, Манат қыз т.б.) айтыс мектебінен өту арқылы көпке танылған..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет