Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Қара өлеңдердің үлгілерін талдау



бет22/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76
Байланысты:
фк1

29. Қара өлеңдердің үлгілерін талдау
Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Қара өлең - қазақтың ежелгі өлең түрі.Туысқан өзбек, қырғыз, карақалпақ, татар, түрікмен, башқұрт поэзияларында кездеседі. Қара өлең 11 буын, 4 тармақ, а-а-б-а түрінде келеді. 
Қара өлеңде қазақ халқының тарихы, тіршілігі, тынысы сезіледі.Қара өлеңдер арқылы әлеуметтік мәселелер көтеріліп, ұнамсыз қылықтар сыналады. Ата-бабаларымыздың өмір тәжірибесінен алған тәлімін жастарға ақыл-өнеге ретінде бағыттайды.
Талдау:
ТОЙБАСТАР
Ассалаумағалайкүм, жиылған топ,
Бұл тойға тағдыр айдап келіппіз дөп.
Болыпты жұрт көрмеген бір ұлы той,
Таң қалып қарағандай жер менен көк.
Басталар оқу басы әліппеден,
Тізілер сөз мәнісі әріппенен.
Тойы бар екі жастың дегеннен соң,
Жиналып, біздер келдік халықпенен.
Біз келдік той бастауға домбыра алып,
Кетуші ек айқай салсақ топты жарып,
Айтайын біраз өлең тойыңызға,
Тыңдаса көп әлеумет құлақ салып.
Төселеген қызыл ала сырмағыңыз,
Құтты болсын шымылдық құрғаныңыз.
Той баста деп көпшілік өтінген соң,
Жарамас бекер қарап тұрғанымыз.

Идеясы: Қазақ халқының тойбастар дәстүрінің көрініс беруі


Шумақ саны: 4
Тармақ саны:
Буын саны: 11
Бунақ саны: 3
Ұйқас түрі: қара өлең

30. Қазақ халық ауыз әдебиетінің жанрлық тектері мен түрлері
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.
1)Тек.Біздің ауыз әдебиеті екі текпен айқындалады. Олар:халық поэзиясы және халық прозасы.
2)Түр.Халық поэзиясының басты түрлері,жанрлары:тұрмыс-салт жырлары,төрт-түлік туралы, аңшылық, наурыз, бесік, жаңылтпаш, беташар,жар-жар, той бастар, сыңсу, жұбату, бәдік, арбау,жалбарыну, жарапазан, бата,тілек, естірту, қоштасу, жоқтау, батырлық жырлар, ғашықтық, тарихи жырлар, тарихи өлеңдер,шешендік сөздер және т.б.
Ал,халық прозасының басты түрлері, жанрлары :ертегілер, миф,аңыз-әңгімелер,әпсана, хикаят, т.б.
Басқалардан гөрі тұрмыс-салт жырларының ішкі жанрлық түрлері көп. Мысалы,діни ұғымға байланысты өлеңдер, арбау, жалбарыну, бәдік, бақсы сарыны болып бөлінсе, үйлену; қыз ұзатуға байланысты өлеңдер — той бастар, бет ашар, жар-жар, сыңсу болып дараланады.
Бұлардан басқа тіршілік кәсіпке, төрт түлік малға байланысты да өлең түрлері және адам өміріндегі мұң-шерді білдіретін қоштасу, естірту, көңіл айту, жұбату, жоқтау тәрізді өлеңдер де бар.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі ұсақ өлеңдерді халық лирикасы немесе халықтың өлең-жырлары деп те атайды. Осы топқа жататын шығармаларға қара өлең , өтірік өлең, бесік жыры және толғау, терме, тақпақты да қосуға болады. 
Дастандар тобына батырлар жыры, лиро-эпос, тарихи жырлар жатады.
Ертегілер: қиял-ғажайып ертегілері, хайуанат жайындағы ертегілер және салт ертегілері болып бөлінеді.
Шешендік сөздер, қанатты сөздер, нақылдар, мақал-мәтелдер — бейнелі сөздер тобын құрайды. Жұмбақтар мен жаңылтпаштар да осы топқа жақын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет