Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі Алдар көсе бейнесі



бет10/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76
Байланысты:
фк1

13. Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі Алдар көсе бейнесі
Әр заманның өз қу кейіпкері болатыны даусыз. Соның бірі – ертедегі елдің алғысына бөленген әрбір қазақ білетін ертегі кейіпкері Алдар көсе. Тарихқа көз жүгіртсек, Алдар барша түркі халқына танымал, бүгінге дейін жұрт жадында жатталып келген тұлға. Ол қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакер, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдар көсе әрдайым өзінің асқан айлакерлігімен мұратына жетіп отырған. Ел көсені қалай таныса, өмірде де тура сол қалпында болған деседі. Көк жәшіктен көріп жүргеніміздей ол қулығымен, асқан айлакерлігімен елге белгілі. Оның басты мақсаты, өмірлік ұстанымы сараң байларды, пайдакүнем саудагерлерді, озбыр ханды әжуа ету. Күлкіге қалдыру. Реті келсе, алдап қолында барын тартып алу. Өз заманында Алдар көсе талай рет сараң Шықбермес Шығайбайдың асын ішіп, атын мініп, қызын алған. Көптеген алыпсатар саудагерлердің көздерінше өгіздерін алып кететін көрінеді. Оның бұл әрекетін халық құптап, қоштамаса, айыптамайды екен. Өйткені Алдар әділетсіз билік иелерінен қиянат-қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі.
Алдар көсе – халықтың еңсесін көтеру үшін дүниеге келген кейіпкерлердің бірі десек артық болмас. Ол халықты рухани аздырмайды. Оған қатысты әңгімелердің сюжеті де күрделі және философиялық маңызы өте зор. Қырғыз қазақ поэзиясында көптеп кездесетін Көсенің бейнесі зерттелмеген тақырып. Оның есімі әр деректерде әрқалай кездеседі.
Алдар көсенің өз туысы, өмірбаяны туралы ешбір дерек жоқ. Себебі Қазан төңкерісіне дейінгі тапқа бөлінген рушылдық, феодалдық, қоғамды алсақ соның қай дәуірі, қай кезеңі болсын барлығында көсе әңгімелерін, оқиға тақырыптары қона кетеді. Оның әңгімелерін сол заманның қайсысынан да табуға болады. Алайда осы күнге дейін кейбір ғалымдар ол туралы деректерді аңыз-әңгімелерден табуға тырысқан. Мәселен, қазақ ауыз әдебиетінде Алдардың ата-анадан туылуы жайлы әңгімелер көп кездеседі. Соның бірі «Қазақ ертегілері» жинағының үшінші томында «Алдардың тууы» атты аңыз-ертегіде Алдардың әкесі Алдан деген момын адам болған дейді.
Алдар көсенің туған, өлген уақыты жөнінде ауызша да, жазбаша да дерек жоқ. Тек қана өмір сүрген ортасын, дәуірін жорамалдайтын жанама мәліметтер көптеп ұшырасады. 
Қолға тиген мысалдарға қарап, Алдар образының өзбек және қазақ халықтарының фольклорында ортақ кейіпкер екендігін анық аңғаруға болады. Алайда аңыз-әңгімелер ғылыми еңбек болып саналмағандықтан, бұлар нақты дәлел бола алмайды. Сонымен бірге Алдар көсенің тарихта болған, өмір сүрген Жәнібек хан, Майқы, Төле бидің атына байланысты деректерде кездесетіндігін айтатын ғалымдар да болған. 
Алдар шын өмірде өзіндік орны болған кейіпкер. Сондықтан бүгінге дейін оған көптеген зерттеулер жүргізіліп, бастан өткен оқиғалары баяндалып, жүрген жолдары мен айтқан сөздері жеткізіліп келеді.
Қазақ арасында туылып өскен Алдар көсе бейнесі туысқан өзбек, түрікмен ауыз әдебиеті арқылы ертегідегі Жібек жолымен тілі бөлек, Иран мемлекетіндегі парсы тіліне қосылатын халықтар ауыз әдебиетіне «Алдар», «Көсе», «Аяр», «Шум бала» (Тентек бала) атымен жетіп барғанын көруге болады.
Түптеп келгенде Алдар ешқандай қолдан жасалған кейіпкер немесе ойдан шыққан адам емес. Оған дәлел Ә.Марғұланның Алдар көсе жайындағы әңгімелерінің шыққан тегі қазақ топырағы деген пікірі десек те болады. Ол аз десеңіз, Алдар көсенің ертеден бері келе жатқан кейіпкер екенін М.Әуезов те айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет