Фонетика жєне оныњ салалары


Аферезис – қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұр-ған дыбыстардың өзара ықпал етуі. Аферезис элизияға қарама-қарсы құбылыс. Гаплология



бет46/80
Дата09.05.2022
өлшемі475,64 Kb.
#33450
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80
Аферезис – қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұр-ған дыбыстардың өзара ықпал етуі. Аферезис элизияға қарама-қарсы құбылыс.

Гаплология – (грек.haploos – жалғыз, logia – сөз, ілім) ды-быстардың комбинаторлық өзгерісі, ол диссимиляция әсерінен өзара бірдей көрші буындардың бірінің түсіп қалуы. Элизия (лат. elision – жаншу, итеріп шығара) – 1. Келесі сөздің басында тұрған дауысты дыбыспен қатар келуіне байланысты бастапқы сөздің со-ңында тұрған дауысты дыбыстың түсіп қалуы, айтылмауы. Афере-зиске қарама-қарсы процесс.2.Дауысты дыбыстар-дың қосылып ке-туі – қатар келген екі дауысты дыбыстың бір монофтонгке немесе дифтонгке бірігу түрлері. 3.Эллипсис тең құбылыс. Элизия - бір бунақпен (ырғақпен) айтылған екі сөздің арасында қатар келген екі дауыстының біреуінің түсіп қалуы (түсіріліп айтылуы). Әдетте көбінесе алдыңғы дауысты түседі. Мыс: қара ала > қарала, сары ала > сарала, жиырма алты > жиырмалты. Элизия құбылысының біразы біріккен сөздерге сақталынып жазылып жүр. Мыс: қарағаш (қара ағаш), сарағаш (сары ағаш), өзара (өзі ара), Сарарқа (Сары арқа), Молдахмет (Молдаахмет), Торайғыров (Торыайғыров) т.б. Оқы сөзіне тұйық етістіктің жұрнағы қосылғандағы өзгерісті де (оқу+ұу > оқұу > оқу) ғалымдар элизия құбылысына жатқызады. Бұл негізінен дұрыс. өйткені у әрпі ұу деген екі дыбыстың қосындысы. Алдыңғы дыбыс (ұ) – дауысты. Ол түбір сөздің соңындағы дауыс-тымен қатар келіп қалады да, оның алдыңғысы түсіп қалуға мәжбүр болады. Кейде қатар келген екі дауыстының соңғысының (кейін-гісінің) түсетін кездері де жоқ емес. Мыс: не істейін > нестейін, не ішесің > нешесің т.б. «Не алдың?» дегенге келсек, бұл тіркес нел-дың да емес, налдың да емес, тек не алдың болып айтылады және солай жазылады да. Оның себебі: бір буынды не сөзінің өз болмы-сын (тұрпатын және мағынасын) сақтауға тырысуында болып отыр. Ал шылаулардың жөні бөлек. Олардың құрамындағы дауыстылар түсіп қала береді. Мыс: жазып та алды > жазыпталды, т.б.

Диэреза. Екі сөз аралығында кездескен екі дауыстының бірі түсіп қалатындығы туралы айтқанда кейде дәл сондай қатар келген екі дауыссыз дыбыстың бірінің (алдыңғысының) түсіп қалатындығын да естен шығаруға болмайды. Мыс: бұл+ның > бұның, ол+ның >оның сол+ның > соның, т.б. Бұл құбылыс тіл білімінде диэзера деп аталынады. Ол көбінесе түбір сөз бен қосымшаның екі түбір сөздің аралығында ұшырасады.

Апокопа. Кірме сөз соңында біздің тіліміздің заңдылығына сәйкес келмейтін екі дауыссыз дыбыстың тіркесі тұра қалса (біздің тіліміздің заңдылығы бойынша сөз соңында тек үнді мен қатаңдар ғана тіркесе алады; мысалы: жент, бұлт, сорт т.б.), оның соңғысының түсіп қалуын - апокопа деп атаймыз. Мыс: дост>дос, бахт>бақ (қонды), тахт>тақ т.б.

Диссимиляция – дыбыстардың ықпалды өзгерістерінің бір түрі. Ол латын тілінде – «ұқсамау» деген сөз. Яғни ассимиляцияда (дауыссыз дыбыстардың үндесуі) көрші дыбыстар бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп, үйлесіп, ұқсап тұратын болса, диссимиляцияда бұған керісінше, сөз ішіндегі қатар тұрған жасалуы бірдей екі дауыссыз дыбыстың біреуі (әдетте соңғысы) ұқсастығы алыстау басқа бір дыбыспен алмастырылады. Мыс: алла > алды, молла > молда, кәллә > келде, т.б. Мүмкін маңлай > маңдай, таңлай > таңдай, түңлік > түңдік, жылылай > жылыдай; айналу > айлану, айналайын > айланайын, меңзе > мезге сөздеріндегі өзгерістерді де осы топқа (Диссимиляция құбылысына) қосқан жөн болар.

Синкопа. Сөйлеу барысында сөз ішіндегі (сөз ортасында-ғы) жеке бір дыбыс қана емес, бір не екі буын да түсіп (қыс-қарып) қала алады. Мыс: алып бар > апар, алып бер > апер// әпер, алып кел > апкел//әкел, солай етіп > сөйтіп, болып > боп, араластыр > арластыр, нағылет > налет//нәлет т.б. Тіл білімінде мұндай құдылыстарды синкопа деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет