2. Ерін қатысы жағынан дауысты дыбыстардың бір-бі-рімен үндесуі не лабиальдық сингармонизм. Бастапқы буын-дағы еріндік дауыстының ыңғайына қарай соңғы буындардағы еріндік дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қа-тысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады. Дауысты дыбыс-тардың үндесуінің бұл түрі ерін үндестігі не лабиальдық сингар-монизм деп аталады. Ерін үндестігі қазақ тілінде тек айтылу ке-зінде ғана көрініс табады, ол түркі тілдерінің ішінде қырғыз тіліне тән құбылыс: Көлде – көлдө, қолда – қолдо.
Әдетте қазақ тілінің сөздері бірыңғай жуан буынды, я жі-ңішке буынды болып келетіндіктен, қосымша сөзге соған үндес жалғанады. Түбір мен қосымшаның арсында буын үндестігінің мынадай заңдары бар:
а) қазақтың байырғы түбір сөздерінің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан, ал түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады. Мысалы: жаз-у-шы-лар-ға, іні-лер-ім
ә) соңында жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздер мен –брь, ль дыбыстық тіркестеріне аяқталған сөздерге қосымша жі-ңішке түрде жалғанады. Мысалы: октябрь-де, руль-ге
б) жуан, жіңішке дауысты дыбыстар араласып келетін сөз-дерге қосымша соңғы буынның ыңғайына қарай не жуан, не жі-ңішке болып жалғанады. Мысалы: киікоты-нан, қаптесер-ді.
Достарыңызбен бөлісу: |