Фонетика жєне оныњ салалары


В.В.Радлов нұсқасы (ХІХ ғ.)



бет13/55
Дата23.06.2023
өлшемі475,64 Kb.
#103164
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Байланысты:
Ôîíåòèêà æºíå îíûœ ñàëàëàðû

В.В.Радлов нұсқасы (ХІХ ғ.): а, ә, е, о, ө, ы, і, ұ, ү; к, қ, х, ғ, г, ж, дж, з, й, л, і, м, н, ң, р, с, т, б, у(w), п, ш, д 
А.Байтұрсынұлы нұсқасы (ХХ ғ. басы): а, ә, ы, і, о, ө, ұ, ү; б, д, ғ, г, ж, з, қ, к, п, т, с, ш, м, н, ң, л, р, й, у, х, ћ 
І.Кеңесбаев (С.Мырзабеков) нұсқасы (ХХ ғ. екінші жар-тысы): а, ә, е, э, ы, і, о, ө, ұ, ү, и, у, я, ю, ё; б, д, ғ, г, ж, з, п, т, қ, к, с, ш, м, н, ң, л, й, р, у, в, ф, х, ц, ч, щ, ћ 
Ә.Жүнісбек нұсқасы: а, ә, п, б, м, ы, і, т, д, н, е, қ, к, ғ, г, ң, ұ, ү, с, з, р, о, ө, ш, ж, л, й, у(w) 
Дұрысы, жазудан гөрі айту әлдеқайда маңызды. Басқаны айтпағанда, әрбір адам алдымен сөйлеуді үйренеді де, содан соң жазуға көшеді. Күнделікті өмірде де адамның сөзді жазуынан гөрі айтуы, оқуынан гөрі тыңдауы көп орын алады. Тіпті үнде-мей ойлау, оқу, жазудың өзі де дыбыстарды іштей айтумен бай-ланысты. Олай болатыны, сөздің өмір сүру формасы – дыбыс. Әріп – сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір ғана дыбысты әр түрлі өрнектей беруге болады. өзімізге мектептен таныс қағида: дыбысты айтамыз және естиміз, ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріпті оқу, айналып келгенде, дыбысты айту болып шығады. А.Байтұрсынов алғашқы «Тіл-құрал» деп аталатын еңбе-гінде (1914 ж.) осыны айрықша қадағалап айтқан: «Дыбыс таң-басын қарып деп атаймыз. Сондықтан жазған сөз ішінде пәлен қарып бар дейміз. Дыбыс пен қарып екеуі екі басқа нәрсе. Біріне бірін қатыстырып, шатыстырмаққа тиіс. Дыбыс естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, қарып көрінетін, естілмейтін нәрсе». Фонети-каны жақсы меңгеру үшін дыбыс, әріп, фонема деп аталатын ұғымдардың мән-мағыналарын, олардың бір-бірінен айырмашы-лықтарын ажыратуда ғалымның пікірі әлі күнге дейін өз маңы-зын жойған жоқ.
Тіл дыбыстары – адамның дыбыстау мүшелерінің қызметі-нің жемісі. Дыбыс – тілдің бір жақты единицасы: дыбысталады, бірақ мағынасы жоқ. Ал олардың белгілі бір тілде қалыптасқан тіркестері мағыналы сөздерді білдіреді. Олай болса, дыбыстар тілдің мағыналы единицалары – сөз бен морфемаларды (сөз бөл-шектерін) құрастыратын материалдар қызметін атқарады.
Сөздер мен морфемаларды құрастыру үшін әр тіл өзінде бар толып жатқан дыбыстардың ішінен санаулы ғана дыбыстар типтерін пайдаланады. Дыбыстық құрамының арқасында бас, көз, жер, су, адам, үй, қоян, сиыр, ауыл, қала сияқты сөздерді бір-бірімен шатастырмай, мағынасын дұрыс түсінеміз. Олай болатын болса, дыбыстар сөзді тануға қызмет етеді.
Қазақ тілінен хабары бар әрбір адам бал, мал, қал, жал, сал, тал; жай, жақ, жап, жар, жас, жат; бар, бер, бор, бүр, бұр, бір сияқты дыбыс тіркестерінің әр түрлі сөздер екенін бірден ажыратады. өйткені бұларда біріне-бірі ұқсамайтын ды-быстар бар. Егер бір ғана сөзді тіліміздің заңына сәйкес түрлен-діретін болсақ, дыбыстар оларды бір-бірінен ажыратуға тағы да тірек болады (малдың, малға, малды, малы, малда, т.б.). Қысқа-сы, тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды құрастыруға (жа-сауға), тануға (түсінуге), ажыратуға қызмет етеді. Бұл фонема-лардың негізгі функциясы (қызметі) болып табылады. Фонема гр.phonema – дыбыс) – сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға сеп-тігі бар тілдің ең кішкене ғана функциялық единицасы. Тілде, әдетте, біз ойлағаннан әлдеқайда көп әр түрлі дыбыстар бар, олар әрбір жеке тілде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай санаулы ғана дыбыстар типіне, фонемаларға топтастырылады. Мәселен, ат, ет, от, өт деген сөздерде біздің түсінігімізше бір-ақ т дыбысы бар. Шындығында, дауысты ды-быстардың әсерімен ол бірде жуан, бірде жіңішке, бірде еріндік, бірде езулік болып, біршама ауытқу ерекшеліктерімен немесе әр түрлі реңмен айтылады да, қызметіне қарай бір-ақ фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқу, рең тіл білімінде аллофон делінеді. Сондықтан сөз дыбыс емес, фоне-мадан құралады десе де болады. Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салған – орыс және поляк тілін зерттеуші И.А.Бодуэн де Куртэне. Осы уақытқа дейін түркологияда, соның ішінде қазақ тіл білімінде де фонема сөзі өз қолдауын тауып келеді. Тіліміз-дің дыбыстық жүйесін тыңғылықты зерттеп жүрген Ә.Жүнісбек осы ұғымның түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместі-гін түркологтардың ішінде алғаш аңғарды. Ол үндіевропа тіл-деріндегі фонемаға оңтүстік-шығыс тілдерінде тонема сәйкес келетінін, ал құрылым-жүйесі бұлардан мүлдем бөлек, түркі тіл-дерінде бұған сингармема деген атаудың лайықты болатынын дәлелдеді. Мұның өзі біздің тіліміздегі ең күшті заң – сингармо-низмнен туындайтынын аңғару қиын емес. Ә.Жүнісбектің пікі-рінше, тіліміздегі дыбыстардың саны мен сапасы, сингармо-низмнің сипаты, әсіресе сөз екпіні жайында түркологияда қа-лыптасқан түсініктерден өзгеше болып келеді. өйткені сингар-монизм дегеніміз қазақша үндестік. Ғалым фонеманы сингар-мема, синема деп алғаннан гөрі қазақ тілі заңдылығына сәйкес-тендіріп үндеспе деп атауды ұсынады. Үндіевропа тілдерінен түрік тілдерінің құрылымдық жүйесі қаншалықты алшақ болса, фонемадан үндеспе де соншалықты бөлек. Мәселен, орыс ті-лінде сөз ішінде, тіпті буын ішінде жуанды-жіңішкелі дыбыстар қатар тұра береді. Бұл қазақ тілінің табиғатына жат. Осыдан-ақ бұлардың мән-мағынасын, қызметін аңғаруға болады. Олай болса, кітаптан фонема сөзін оқығанда, ойымызда үндеспе тұр-ғаны мақұл. Ендігі жерде дыбыс - сөздің өмір сүру формасы, әріп сол дыбыстардың таңбасы деп түсінсек керек. Жоғарыда келтірілген ат, ет, от, өт сияқты сөздердің құрамындағы т әрпі - акустикалық, артикуляциялық жақтан бір-біріне жуық дыбыс-тардың ортақ таңбасы. Ол дыбыстар бізге жуық, елеусіз көрін-генімен, сөзді сөз етуге өз үлестерін қосып тұр. Сондықтан бірі-нің орнына бірін қоюға болмайды және оларды бас-басына таң-балаудың қиындықтары көп. Олай болса, әліппедегі т әрпі жуық дыбыстардың басын біріктіріп тұрған фонеманың таңбасы. Бұ-дан дыбыс пен фонеманың негізінен жақын ұғым екені аңғары-лады. Сондықтан бұлар бірінің орнына бірі қолданыла да береді.
Дыбыстау мүшелері мыналар: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кіш-кене тіл, таңдай, тіс, ерін т.б. Дыбыстау мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты (речевой аппарат) деп аталады. Дыбыстарды айтуда, әсіресе, дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет ат-қарады. Дауыс шымылдығы көмейде болады. Дауыс шымылды-ғының керіліп тұруынан діріл пайда болады да, үн шығады. Ды-быстардың басым көпшілгінің жасалуында, әсіресе, ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады. Дыбыстау мүшелері актив және пас-сив болып екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстау кезінде қи-мыл, қозғалыс жасайды. Олар тіл, ерін, жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы, т.б. Дауыстылар дауыстан (тоннан) жасала-ды да, салдырдың қатысы елеусіз болады. Ал дауыссыздар, кері-сінше, салдырдан жасалады. Тон қатысуы да, қатыспауы да мүмкін.
Жоғарыдағы зерттеулерден көріп отырғанымыздай, акусти-калық, артикуляциялық және басқа белгі-қасиеттеріне қарай қа-зақ тіліндегі дыбыстар алдымен дауыстылар және дауыссыздар деп екі үлкен топқа топтастырылады. Бұлардың әрқайсысына тән айырым-ерекшеліктер бар екен:
– дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады да, салдырдың қатысы елеусіз болады. Ал дауыссыздар керісінше салдырдан жасалады. Тон қатысуы да, қатыспауы да мүмкін.
– дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергісіз, қарқынсыз шығады да, дыбыстау мүшелерінің барлығы дерлік қатысады. Мәселен а дегенде дауыс шымылдығы дірілдейді, тіл артқа тар-тылады, жақ (ауыз) кең ашылып, ерін екі жаққа қарай керіліп (езулік болып) айтылады. Ал дауыссыздарды айтқанда, ауа ке-дергіге ұшырап, қарқынды шығады да, бірер ғана дыбыстау мүшелері қатысады. Мәселен, п дыбысын айтқанда, екі ерін ғана қозғалысқа түседі.
• Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар құрамайды. Мұның өзі – дыбыстарды жіктеудегі басты айырым белгі.
• Дауыстыларға екпін түседі. Дауыссыздарда мұндай қа-сиет болмайды.
• Дауыстылар дауыстап, созып айтуға келеді. Ән (вокаль) дауыстылардың осы қасиетіне негізделеді.
• Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады. Сондай-ақ дауыстылар қатаңды ұяңдатып тұрады. Мысалы: қабы (қап-ы), қара ғой (қара қой), ағ ешкі (ақ ешкі).
Орыс тілінде керісінше дауыстыларға дауыссыздардың ықпалы күшті болады.
Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесі екі үлкен топқа жіктеледі:
І. Айтылған кезде өкпеден шыққан ауа ешқандай кедер-гісіз шығатын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Оның ішінде 9 біздің тілімізге тән дыбыстар. Олар а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е. Бұдан басқа екі қо-сынды дауыстылар (дифтонгоид) бар: и, у, э - орыс тілінен кір-ген сөздерде қолданылады. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар үш жақты жіктеледі:
1. Тілдің қатысына (жасалу жолына) қарай жуан және жі-ңішке болып бөлінеді:
Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы
Жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, ү, і
Бірде жуан, бірде жіңішке айтылатын дауыстылар: и,у.
2. Дауысты дыбыстар жақтың ашылуына қарай ашық және қысаң болып жіктеледі:
Ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө, (э)
Қысаң дауыстылар: ы, і, и, у, ү, ұ
3. Ерін қатысына қарай езулік және еріндік болып бөлі-неді:
Езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і, , (э),и
Еріндік дауыстылар: о, ө, у, ұ, ү
Дифтонгоид дауыстылар. Қазақ және басқа да түркі тілде-рінде қосынды, яғни дифтонг дауыстылар бар. Олар: у, и. Мысалы: киім – кійім, жиын – жыйын, ту – тұу
ІІ. Дауыссыз дыбыстар – айтылған кезде өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан болған дыбыстар. Дауыс-сыз дыбыстар үн мен салдырдан немесе тек салдырдан тұрады. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар мыналар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, ћ, ц, ч, ш, щ. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар үш жақты жіктеледі:
1. Дауыс (үн) қатысына қарай дауыссыздар қатаң, ұяң және үнді (сонор) болып үшке бөлінеді:
Қатаң дауыссыздар: п,ф, с, ш, к, қ, т, ч, щ, ц, х
¦яң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з , ћ
Үнді (сонор) дауыссыздар: р, л, й, у, м, н,ң
2. Айтылу (жасалу тәсіліне) қарай шұғыл және ызың бо-лып жіктеледі:
Шұғыл дауыссыздар: б, п, д, т, ц, г, к, қ, ч
Ызың дауыссыздар: в, ф, з, с, ж, ш, щ, ғ, х, ћ
3. Айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыз ды-быстар 8 топқа бөлінеді:
а) Ерін(билабиаль) фонемалар: п, б, м,(у)
ә) Тіс пен ерін (лабиоденталь) фонемалар: ф,в
б) Тіс (денталь) фонемалар: т, с, з, д, ц
в) Тіл ұшы (альвеоляр) фонемалар: н, л, ч
г) Тіл алды (палаталь) фонемалар: р, ш, ж, й
ғ) Тіл ортасы (препалаталь) фонемалар: к,г
д) Тіл арты (веляр) фонемалар: қ, ғ, ң, х
е) Көмей (фарингаль) фонемасы: ћ
Дауыссыз фонемалардың сөз ішінде кездесуі біркелкі емес. Сөз ішінде кездесу ыңғайына қарай, қазақ тілі дауыссыздарын шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады:
а) Сөздің барлық шенінде (басында, ортасында, аяғында) кездесе беретін дауыссыздар: с, ш, т, қ, к, м, з, ж, н, (у). Қазақ әдеби тіліне тыңнан енген ф, х, ч, ц тәрізді дыбыстар да сөздің барлық позициясында кездесе береді.
ә) ж дыбысы сөз соңында сирек кездеседі.
б) ћ дыбысымен келетін сөздер саны өте аз.
в) Сөз соңында кездеспейтін дауыссыздар: б, д, г, ғ, в
г) Сөз басында кездеспейтін дауыссыздар: ң, й
ғ) Байырғы сөздердің бас позициясында сирек кездесетін фонемалар: п, л, р
Аффрикат дауыссыздар – ц мен ч. Екеуінің әрқайсысы екі элементтен тұрады: ц-т, с; ч – т, шь.
Дыбыстау мүшелері мыналар: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кіш-кене тіл, таңдай, тіс, ерін, т.б. Дыбыстау мүшелерінің жиынты-ғы сөйлеу аппараты (речевой аппарат) деп аталады.


Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ тілінің дыбыс жүйесіне тән ерекшеліктер қандай?


2. Дыбыстардың жіктелуі, ғалымдардың көзқарастары
3. Фонема термині, оның тіл білімінде қолданылуы.
4. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары
5. Дыбыстау мүшелеріне нелер жатады?
6. Актив мүшелер қайсы?
7. Пассив сөйлеу мүшелері қайсы?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет