Фонетика жєне оныњ салалары



бет31/55
Дата23.06.2023
өлшемі475,64 Kb.
#103164
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55
Байланысты:
Ôîíåòèêà æºíå îíûœ ñàëàëàðû

Тасымалдау ережелері:

1. Сөз ішінде дауыстылардан кейін келген у,й дыбыстары сол сөзді буындағанда, өзінен кейінгі дауыстымен бірігеді де, буынның бірінші әрпі болады. Мысалы. та-уық, қа-йық, баянда-уыш. Бұл сөздерді осы жікпен тасымалдағанда, у,й әріптері келесі жолда ғана жазылады.


2. Екі, кейде үш дауыссызға аяқталатын сөздерді оларға қосымша жалғанып тұрған жерден тасымалдағанда, түбірдегі дауыссыздарды бөліп жіберуге болмайды: қарт-тар, театр-лар.
3. Түбір сөзде үш дауыссыз қатар келгенде, алдыңғы екі дауыссыз дыбыс алғашқы буын құрамына кіреді де, үшінші дауыссыз келесі буынның басқы дыбысы болады: құ-мырс-қа, жұ-мырт-қа.
4. Біріккен сөздер буын жігімен де, түбірлер жігімен де тасымалдана береді: бі-рыңғай немесе бір-ыңғай, өза-ра, немесе өз-ара.
5. Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жалғанғанда, олар буын жігіне қарай тасымалданады: ро-лінде, съез-дің.
6. Сөздің дара дыбыстан тұратын бір буынын жазып келе жатқан жолда қалдыруға немесе келесі жолға шығаруға болмай-ды: а-лақан емес, ала-қан, арми-я емес, ар-мия. Алғашқы буыны бір ғана дауыстыдан тұратын екі буынды сөздер тасымалдан-байды: атом, эмаль, ақыр, отын, отыр.
7. Қосар әріптердің орнына жазылған у,и әріптері бар сөз-дер буындалғанда, келесі буын дауысты дыбыстан басталады және солай тасымалданады: су-ық, қу-ақы, ту-ынды, бу-ын, қи-ын.
8. Орыс тілінен енген сөздер де буын жігі бойынша тасымал-данады. Бұлардың ішінде екінші, үшінші буындардың да-уысты дыбыстардан басталатыны кездесе береді: про-ект, ро-яль. По-эма.
9. Тыныс белгілері жазып келе жатқан жолда қалдырылады.
10. Сан есімнен келетін қысқарған шартты белгілерді цифрдан бөліп тасымалдауға болмайды: 25 га, 15 см, 1987 ж.
11. Әріптерден қысқарған сөздерді өз ішінен бөліп тасы-малдауға болмайды: ЮНЕСКО деп бөлінбейді.
Сөздерді тасымалдауда кездесетін қиындықтар
Қазақ тілі жалғамалы (агглютинатив) тіл болғандықтан кез-келген туынды сөз қосымша жалғану арқылы жасалады. Ендеше қазақ тіліндегі түбір сөздің өзі болсын, немесе одан жасалған туынды сөз болсын көп буынды болып келе беретіні заңды. Сөз-дің көп буынды болып келгеніне қарамай, қазақ тіліндегі буын жігі оңай табылады. Себебі табиғаты бөлек өзге тілдердегідей, мысалы, орыс тіліндегідей бір буын құрамында бірнеше дауыс-сыз қосақталып жүрмейді, оның үстіне қазақ тілінде бір сөздің құрамында екі дауысты қатар тұрмайды. Сөйтіп қазақ сөздерінің құрамындағы дауысты-дауыссыздардың кезектесіп келіп отыра-тын жүйелі реті буынға бөлу мен тасымал жасауды жеңілдетеді. Мысалы, ба-ла-ға, бұл-бұл-дар, а-та-ның, үй-де-мін т.б. қазақ сөздеріндегі буындар жіпке өткізген моншақтай тізіліп тұра қа-лады. Мұның бастапқы сауат ашу мен жазып-жаттықтыру әдіс-темесі үшін үлкен маңызы бар. Алайда қазіргі қазақ тілінің кей-бір емле-ережелеріне сүйенетін болсақ, бір топ қазақ сөзінің қарапайым буын құрамы мен буын жігін қалтқысыз тауып беру өте қиынға түседі. Әсіресе мектеп оқушылары мен ертең сол балаларға мұғалім болып баратын жоғары оқу орындарының студенттеріне қазақ сөзін буынға бөлдіріп жаттықтыру, тасымал жасатып дағдыландыру бастан-аяқ қайшы ережелерге таңылып жүргізіледі.
Сонымен қазақтың бір топ сөздері буынға өзінің әдемі де әуезді ретімен жіктеліп, оп-оңай тасымалданып жатса, екінші бір топ сөздері ешбір ыңғайға көнбей, іркіс-тіркіс шашылып жа-тады. Ондай бірыңғай ережеге бағынбайтын сөздердің буынға бөлу мен тасымал амалын тек жаттатуға тура келеді. Ал мұндай әрекет әдістемелік тұрғыдан ұтымды болмайды, мұғалімге тү-сіндіру қиын болса, оқушыға меңгеру ауыр болады.
Осындай буын құрамы мен тасымалы қиын сөздердің қа-тарына құрамында и, у, я, ю әріптері бар сөздер жатады. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігін ақтарып қарасақ, мұндай үлгі-дегі сөздердің саны қыруар. Ендеше әлі буыны бекіп, бұғанасы қатпаған, айқыш-ұйқыш емле-ережені әлі ой деңгейінде байып-тай алмайтын бастауыш сынып баласына түсіндіріп, оларды жа-дында сақтатудың әдістемелік амалы не болмақ? Сауат ашу мен жазып жаттығу буыннан басталатынын ескерсек, осы бір ереже-лер тобының төңірегінде қатты ойлану керек болатын тәрізді.
Мысалы, ті-йін, т-йін, ты-йын, ты-ныс, қы-йын, құ-йын деп барлық сөзді біркелкі тәптіштеп буынға бөліп айтамыз, осылай әбден құлағына сіңіріп аламыз. Сонан соң келеміз де ти-ін (тій-ін), тү-йін, ти-ын (тый-ын), ты-ныс, қи-ын (қый-ын), құ-йын деп буынға бөліп жаз немесе тасымалда дейміз. Жаңа ғана біркелкі айтылып тұрған сөздер енді келіп әрі-сәрі болып кетті. Бірі қалай айтып дағдыландырдық, солай буынға бөлініп, солай тасымалданып жатыр. Ал екінші бір сөз айтылуы бір бө-лек, жазылуы мен тасымалы бір бөлек болып кетті.
Келесі у әрпімен келген сөздер де дәл осындай шым-шы-тырық. Мысалы, құ-уан, құ-нан деп буынға дұрыс бөліп айтамыз да қу-ан (құ-уан), құ-нан деп буынға бұрыс бөлгізіп жаздырып, бұрыс тасымалдатамыз.
Ал я, ю әріптерімен келетін сөздердің түсінігі тіптен күрделі. Мысалы, сы-йа, қы-йұу деп айтқызамыз да си-я (сый-йа), қи-ю (қый-йұу) деп буынға бөлгізіп, тасымалдатып жата-мыз. Сонда біздің қазіргі емле-ережеміз бойынша: и дегеніміз ый, ій; я дегеніміз йа, йә; ю дегеніміз йұу, иүу екенін ескерсек, амал жоқ, сия дегенге алдымен и әрпінің, сонан соң я әрпінің дыбыс көрсеткішін қоямыз. Соның нәтижесінде сөз ортасында екі й дыбысы қосақталып шыға келеді. Ал сия сөзінің қазақы ай-тылым үлгісінде бір ғана й бар. Соған қарамай оқушы сия сөзін оның жазылуы бойынша сый-йа деп жалған буын жасап оқуға мәжбүр болады.
Қазақ тілінің емле-ережесіндегі осы бір жаңсақтық алды-мен сөздің қазақы айтылу үлгісін бұзып барады. Жуан сөздердің құрамындағы и әрпін жіңішке айту дағдыға айналды. Тілі жазу-мен шығып жатқан қазіргі балалар «былай айтасың, ал былай жазасың» дегенге құлақ қояр емес. Оларға қалай жазылса солай оқыған оңай болып тұр. Сөйтіп сингармонизм заңы бұзыла бас-тады. Сонан соң дыбыс тіркестерін белгілейтін и, у, я, ю таңба-ларын дауысты әріп деп ұғынатын болдық.
Осы әріптерді дауысты деп үйренген балаға да, студентке де «сөз дауыстыға бітсе, дауыссыздан басталған қосымша, ал дауыссызға бітсе, дауыстыдан басталған қосымша жалғанады» деген ережені түсіндіру мүмкін емес. Себебі оның көз алдында су-ы дегендегі «дауыстыдан кейін дауысты келген» үлгі тұр. «Неге у дауыстысынан кейін ы дауыстысы тұр?» деген сұраққа көбінесе жалтарма жауап беріледі. Себебі оқулықтардың өзінде шынайы нақты түсіндірме жоқ.
Қазақ тілінің дыбыс құрамын дұрыс анықтап, соған лайық төл әліпбиін түзіп, сөйтіп тасымалдаудың емле-ережесін икемді ету болашақтың меншігінде.


Бақылау сұрақтары:

1. Тасымал дегеніміз не?


2. Қазақ тіліндегі тасымалдау жолдары.
3.Тасымалданбайтын сөздер.
4. Ахмет Байтұрсынұлының тасымалға қатысты пікірі
5. Тасымалдау ережелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет