Фонетика жєне оныњ салалары



бет50/55
Дата23.06.2023
өлшемі475,64 Kb.
#103164
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Ôîíåòèêà æºíå îíûœ ñàëàëàðû

8. Дыбыс үндестігі

1. Дыбыс үндестігі.


2. Ассимиляция.
3. Ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдар.


Жаттығу. Құрамында дыбыс үндестігі кездесетін 15 мақал-мәтелді теріп жазыңыз.


Жаттығу. Сөйлемдерден жазылуы мен айтылуы үйлеспейтін сөздерді табыңыз. Олардың қандай ықпал түріне сәйкес келетінін анықтаңыз.
Бірде Жанқұтты шешен Құнанбайдың үйінде отырғанда Абай келіп сәлем береді... Ет желініп, қымыз ішілгеннен кейін Абай :
Ата, сізден сұрақ сұрауға бола ма?- депті. Жанқұтты рұқсат бергеннен соң Абай:
Ата, арзан не, қымбат не, даусыз не?- депті. Жанқұтты:
Шырағым, арзан - өтірік, қымбат – шындық, даусыз кәрілік емес пе? Жанарыңның оты бар екен – ақындығың шы-ғар, маңдайың жазық екен – ойлылығың шығар, халқыңның қа-лаулы азаматы бол,- деп батасын беріпті. (“Ел аузынан” кітабынан)


Жаттығу. Мәтінде кездесетін ықпал түрлерін табыңыз, асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.


Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.(Абай)


Біліммен ойлап білген сөз
Бойға жұқпас сырғанар,
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар.(Абай)


Сөзің сиқыр, есті тұман басқандай,
Ессіз жүрек дария болып тасқандай,
Күлкің, күнім, күндей күміс табаққа
Мінсіз сұлу меруертті шашқандай. (М.Жұмабаев)


Ертеде Түркістанда Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып өскен.,
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен. (М.Жұмабаев)


О, Муза,
Тағдырыма иембісің?
Күрсініп көкірегім, күйеді ішім.
Мен сені жаңартам деп келгенім жоқ,
Сен мені жаралғансың сүйеу үшін. (М.Мақатаев)

9. Буын, оның түрлері.


1. Буынға тән сипаттар.


2. Буынның түрлері.
3. Буынның дыбыстық құрамы.
4. Сөздердің буын құрамы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет