«Тұран» - ежелгі парсы сөзі. Алғаш рет «Тұран» ұғымы зороастрийлік – отқа табынушылылардың қасиетті мәтіндерінде пайда болады. Бұл ұғым парсылар үшін дұшпандық көшпелі түркілер әлемін білдіреді. Содан бері «Тұран» - түркілер үшін қасиетті ұғым. ХХ ғасырдағы қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев: «… Ертеде Түркістанды Тұран дескен, Тұранда ер түрігім туып-өскен…», - деп жырлайды.
Тұран Ұғымы
Уақыт өте келе «Тұран» ұғымы түркілердің саяси идеологиясының да орталық ұғымына айналады. ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарында Ресей империясында татар интеллигенциясының мәдени-ағарту қозғалысы ретінде пайда болған пантюркизм идеясының бастапқы көздеген мақсаты түркі халықтарын ағарту және олардың жалпы прогрессі болса, кейіннен ол барлық түркі әлемін Түркия басшылығымен бір мемлекетке біріктіру мақсатына дейін өсті. Пантюркизм идеясын жүзеге асырудың соңғы сатысы болып саналатын пантуранизм доктринасы түркі тектес халықтарды, сондай-ақ тұрандық халықтарды (венгр, фин, эстон, мари, мордва, монғол, т.б.) «Ұлы Тұран» федерациясына біріктіруды мақсат етеді.
Түркияда түрікшілдіктің жүйелі халге келуінде зор еңбек сіңірген зиялы тұлға және татар түркі тегінен шыққан Юсуф Акчура – Еділ өзені бойындағы Симбир қаласында 1876 жылы дүниеге келген. 1883 жылы 7 жасында Стамбулға келіп, бастауыш сыныпты бастайды. 1887 жылы «Аскери Руштиеде» (орта мектеп) оқуын жалғастырған Юсуф Акчура, 1893 жылы «Кулели Аскери Идадиге» (лицей) және ақыр аяғында «Әскери мектепке» тапсырады /1/. Акчура саналы түрікшілдікті Әскери мектеп қабырғасында бастайды.
Юсуф Акчура өзі үшін ең маңызды шығарма саналатын бірнеше бағанадан тұратын мақала арқылы алғаш рет саяси салада түрікшілдік мәселесін барынша ашық баяндай отырып, тақырыпқа арқау еткен. «Үш тәсілді саясат», яғни османлышылдық, исламшылдық және түрікшілдік ашық түрде дәлелденіп баяндалады.
Мақала былайша бастау алады:
«Османлы мемлекетінде Батысты пайдаланып күш жинау және ілгерілеу ықыласы оянғалы, белгілі басты үш саяси тәсіл ойша жобаланып бақыланды деп ойлаймын: Біріншісі, Османлы үкіметіне тәуелді түрлі ұлттарды өкілдендіре отырып және біріктіріп Османлы ұлтын қалыптастыру; Екіншісі, Османлы мемлекеті патшасында халифат хақының пайдаланып, барлық мұсылмандарды әңгімеге арқау мемлекет билігі астында саяси тұрғыдан біріктіру; Үшіншісі, тек жөніне негізделген саяси тұрғыдан түрік ұлтын қалыптастыру»
Юсуф Акчураның мақаласындағы «Түрік Бірлігі» саясатына келер болсақ, егер оның қалыптасуы мүмкін болған жағдайда, жазушының пікірінше көптеген тиімділіктердің бірі «Османлы еліндегі түріктердің әрі діни, әрі тектік байланыстары арқылы өте тығыз, тек қана діни тұрғыдан да тығыз» бірігуіне және негізінен түрік болмаған жағдайда белгілі бір дәрежеде түріктенген басқа мұсылман бөліктерінің көбіне түріктерге сіңісіп кетуіне және керек десе әлі де еш сіңіспеген бірақ ұлттық ар-намыстары жоқ бөлшектердің де Түріктендірілу мүмкіндігіне қызмет ету ерекшелігі.
Исмаил Гаспыралының Түрік ұлтшылдығы және Түрік Бірлігі турасында зор маңызға ие мына ұсынысы қабылданды.
«Жалпы алғанда, түріктердің негізі, нәсілі - бір. Уақыт пен мекен үйлеспеушілігі себебінен сөйлеу ерекшеліктеріміз бен әдет-ғұрыптарымызда өзгешеліктер орын алған. Бұл өзгешеліктер, бір-бірімізді түсінбейтін дәрежеге жеткізген. Бұдан былай мектептерімізді ортақ әдеби тілімізге қызмет ететін халге жеткізу қажет. Құрылтайдың мектеп және медресе комиссиясы тарапынан әзірленген жобасында, бастауыш мектептеріміз үшін 4 жылдық оқу жылы тағайындалған.