1. Сингармонизм – дауыстылар тіркесі – үйлестік. 2. Аккомадация – дауысты-дауыссыздар тіркесі – бе-йімдестік. 3. Ассимиляция – дауыссыздар тіркесі – ұқсастық. 4. Диссимиляция – сөз шеңберіндегі ұқсас дыбыстар-дың артикуляциясы. Сингармонизм тіл және ерін үндестігі түрінде қарасты-рылады. Қазақ тілінде айтылуда ерін үндестігі де байқалады. Мысалы, өрік, ұзын, құлын сияқты сөздердегі бірінші буындағы еріндік дауыстылардың (ө, ұ) әсерінен екінші буындағы і, ы дыбыстары еріндік болып (ү, ұ болып) айтылады. Бірақ жазуда бұндай үндестік (әсер) есептелінбейді.
Дауыстылардың бір-бірімен үндесуі сингармонизм түркі тілдерінің байырғы сөздерінде екі түрде ұшырасады:
1. Дауысты дыбыстардың тілдің қатысы жағынан өзара үндесуі не лингвальдық сингармонизм. Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бірыңғай жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамын-да соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыс-тының әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуін тіл білімінде лингвальдық сингармонизм деп атайды. Сингармонизм заңы бойынша түбір сөздегі дауыстылар қосымшалардағы дауыстыларды билеп, өзінің әуеніне қарай икемдеп бағындырады. Түбір сөздегі дауысты дыбыс жуан бол-са, қосымша жуан негізді болып жалғанады: құр- ыл-ыс-шы. Егер жіңішке болса, жіңішке негізде жалғанады: мән-ді-лік. Тү-бірдегі дауыстылармен үндесе алмайтын бірен-саран аффикс-терді еске алмағанда, қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге бағынып жалғануы – қалыптасқан заңдылық. Аралас буынды сөздерге қосымшалар соңғы буынның ыңғайына қарай икемде-ліп жалғанады: мұғалім-ге. 2. Ерін қатысы жағынан дауысты дыбыстардың бір-бі-рімен үндесуі не лабиальдық сингармонизм.Бастапқы буын-дағы еріндік дауыстының ыңғайына қарай соңғы буындардағы еріндік дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қа-тысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады. Дауысты дыбыс-тардың үндесуінің бұл түрі ерін үндестігі не лабиальдық сингар-монизм деп аталады. Ерін үндестігі қазақ тілінде тек айтылу ке-зінде ғана көрініс табады, ол түркі тілдерінің ішінде қырғыз тіліне тән құбылыс: Көлде – көлдө, қолда – қолдо. Әдетте қазақ тілінің сөздері бірыңғай жуан буынды, я жі-ңішке буынды болып келетіндіктен, қосымша сөзге соған үндес жалғанады. Түбір мен қосымшаның арсында буын үндестігінің мынадай заңдары бар:
а) қазақтың байырғы түбір сөздерінің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан, ал түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады. Мысалы: жаз-у-шы-лар-ға, іні-лер-ім ә) соңында жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздер мен –брь, ль дыбыстық тіркестеріне аяқталған сөздерге қосымша жі-ңішке түрде жалғанады. Мысалы: октябрь-де, руль-ге
б) жуан, жіңішке дауысты дыбыстар араласып келетін сөз-дерге қосымша соңғы буынның ыңғайына қарай не жуан, не жі-ңішке болып жалғанады. Мысалы: киікоты-нан, қаптесер-ді.