Фонетика жєне оныњ салалары


Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар



бет22/55
Дата23.09.2023
өлшемі10,64 Mb.
#109963
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55
Байланысты:
Лекция Фонетика

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Тілімізде кейбір қосымшалардың жуан-жіңішке варианты болмағандықтан, сөзге буын үндестігіне бағынбай жалғанатын кездері де кездеседі. Олар мыналар:


көмектес септігінің жалғауы –мен, -бен, -пен: апам-мен, кітап-пен,қыз-бен
қор: бейнет-қор, пәле-қор
паз: өнер-паз, әсем-паз
қой: сән-қой, әзіл-қой
нікі,-дікі,-тікі: апаи-дікі, Алматы-нікі, Самат-тікі
тай: Ер-тай, Нұр-тай
тал: өсім-тал, сезімтал
еке: Ас-еке, Нұр-еке
кер,-гер: қалам-гер, талап-кер
хана, дәм-хана, ем-хана
күнем: пайда-күнем, қас-күнем
ов, -ова, -ев,- ева –ин, ина: Сәбитов, Кәрімова, Саудабаева, Салғарин
ист: машинист таксист
изм: социализм, коммунизм, т.б.
бан: мейірбан
дар: білімдар
жан: көкежан, Ержан
кент: Құмкент, Шымкент
кар,-ћар: күнәћар,кінәкар
кеш: арбакеш, қаракеш
көй,- гөй: ақылгөй, қаскөй
мар: ділмар
маш: тілмаш
стан: гүлстан, өзбекстан
уар: сөзуар
Сөздің соңғы буынына бағынбайтын бұл қосымшалардың көбі басқа тілдерден енген немесе әлі қосымшаға айналып бол-маған сөз бен қосымша арасындағы элементтер болып табы-лады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Үндестік заңы деген не?

  2. Дауыстылардың бір-бірімен үндесуі қалай аталады?

  3. Буын үндестігі деген не?

  4. Сингармема дегеніміз не?

  5. Профессор Ә.Жүнісбектің силлабофонема туралы пікі-ріне көзқарасыңыз.

  6. Сингармонизм дегенді қалай түсінесің?



Дыбыс үндестігі

Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасын-дағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ықпал етіп өзгертуін дыбыс үн-дестігі (ассимиляция) дейді.


Ассимиляция (лат. Assimilatio – үйлесу, үндесу) – тіл білімінде дауыссыз дыбыстардың бір-біріне тигізетін ықпалы, үндесуі. Ассимиляция толық және жартылай түрде кездеседі. Толық ассимиляцияда бір дыбыс екінші дыбысты өзіне дәлме-дәл ұқсатады: жазса[жасса], кезсе [кессе]. Жартылай ассимля-цияда бір дыбыс екінші дыбысты өзіне дәл ұқсатпай, бір жақты ұқсатады: жазға. Көрші дыбыстардың бұрынғысы соңғысына, соңғысы бұрынғысына ықпал етуіне қарай ассимиляцияның қа-зақ тілінде үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және то-ғыспалы ықпал.
Сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз. Ілгерінді ықпал – прогрессивті ассимиляция бір сөз кө-лемінде немесе екі сөз аралығында алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа әсер етуі арқылы көрініс табады: қант-ты, адам-нан. Үндестік заңы ілгерінді ықпалға жатады.
Кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсерінен алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысқа ұқсап өзгеруі кейінді ықпал деп аталады. Кейінді ықпал - регрессивті ассимиляция бір сөз көле-мінде немесе екі сөз аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы ды-бысқа әсер етуі арқылы көрініс табады: дүйсенбі[дүйсембі], асшы [ашшы].
Сөз тіркестері мен біріккен сөз сыңарларындағы дыбыс-тардың бір-біріне ілгері-кейінді әсер етіп өзгеруі тоғыспалы ықпал деп аталады. Ал тоғыспалы ықпал – прогрессивті-рег-рессивті ассимиляция қатар келген екі дыбыстың бір-біріне әсер етуі нәтижесінде екеуінің де өзгеріске ұшырауы арқылы жүзеге асады: Аманкелді[Амаңгелді], он қыз[оң ғыз].
Кей ғалымдар прогрессивті ассимиляция мен регрессивті ассимиляцияны дауысты дыбыстарға да қатысты деп есептейді. Олардың пікірінше, егер алдыңғы буындағы дауысты соңғы буындағы дауыстыны өзінің ыңғайына қарай икемдеп бағын-дырса, онда оның прогрессивті ассимиляция болғаны. Мысалы жуан буыннан кейін жуан буынның (адам-дар), жіңішке буын-нан кейін жіңішке буынның (іні-лер) келуі немесе еріндік да-уыстыдан кейінгі буында еріндік дауыстының келуі [айтылу-да:өнөр] прорессивті ассимиляцияның нәтижесі. Дауыстылар-дың өз ара әсер етіп, бірін-бірі өзгерту процесінде прогрессивті ассимиляцияға қарағанда, регрессивті ассимиляция өте сирек ұшырасады. Ғалымдардың пікірінше, дауысты дыбыстарға қа-тысты регрессивті ассимиляция - көне түркі тілінен келе жатқан құбылыс.
Дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы қазақ тілі фо-нологиясының ең өзекті мәселелерінің біріне жатады. Дыбыс-тардың акустика-артикуляциялық сипаттарын нақты білгенде ғана бұл заңдылықты жақсы аңғаруға және түсінуге болады. Олай болса, тіліміздегі дыбыстарды дауыстылар және дауыс-сыздар деп бөлу, оларды сан және сапа жағынан айқындау, әр дыбысқа тән белгі- қасиеттерін мұқият оқып, үйрену – алдымен осы дыбыстардың үндесу заңдылықтарының сырын, сипатын білу үшін, айқындау үшін қажет.
Ассимиляция дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің неғұрлым кеңінен тараған түрлерінің қатарына жатады. Оның сөйлеу кезінде сөздегі не сөз тіркесіндегі дыбыстардың артику-ляциясы жағынан бір-бірімен қиюласып, үндесіп айтылу арқы-лы жүзеге асатындығы белгілі дүние. Осының нәтижесінде бір типтес дауыстылардың үндесуінен вокальды ассимиляция, ал бір типтес дауыссыздардың үндесуінен консонанттық ассимиля-ция қалыптасады.
Дауыссыз дыбыстардың ықпалдастығы буын жігінде, түбір мен қосымшаның аралығында толық көрініс береді. Дауыссыз дыбыстардың морфемалар арасындағы үйлесімділігі ғылыми әдебиеттерде кейде ассимиляция, кейде ұқсастық деп аталған. Лебізде сөз соңында қатаң дауыссыздар келсе, жалғанатын қо-сымша қатаң болады. Бұл барлық қатаң дыбыстарға тән сипат, өйткені кез-келген қатаң дауыссыз сөз соңында тұра алады: ас-тық, аш-тық, ат-пен, ақ-қа, ек-кен, еп-пен, тас-пен, ат-қанды, ас-пен ат. Үндестік заңы сөз ішінде немесе сөз аралығында қатар келген дыбыстар мен буындардың бір-біріне ықпал етіп, бірінің екіншісіне бейімделіп тұруына негізделеді. Ықпал негізінен морфеманың аралығында қатар келген дыбыстар мен буындар-дың арасында болады. Ал морфеманың өз ішіндегі дыбыстар мен буындар тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан құйма деп қараймыз да, сол дайын күйінде танимыз. Сонда түбір мор-феманың соңғы буыны қосымша морфеманы тілдің қатысы жа-ғынан жуан немесе жіңішке етіп игеріп тұрады: дала-ның, дала-ға, қасиет-ті, қасиет-і. Сондай-ақ ерін қатысы жағынан да ық-пал ете алады: үй-гө, үй-дү,өс-үр, өс-үп. Дыбыстардың бір-біріне етер ықпалы негізінен екі түрлі болады:
а) дауыс қатысына қарай;
ә) айтылу орнына қарай.
Тіл білімінде біріншісін акустикалық, екіншісін артику-ляциялық ықпал деп атайды.
Қазақ тілінде морфемалар жапсарында қатар келген ды-быстардың көбіне алдыңғысы кейінгісіне дауыс қатысы жағы-нан ықпал етіп, өзіне бағындырып тұрады. Мұндайда дыбыс-тардың күшті не әлсіз болуы ондағы дауыстың мөлшеріне бай-ланысты. Дауыстылар тоннан жасалатындықтан, әрқашанда бас-қа дыбыстарға ықпалын жүргізеді. Бұл жағынан үнділер де қа-лыспайды. Олар да дауыстылар сияқты үнсіз дауыссыздарға күштілік жасайды. Дауыс қатысы жағынан әлсізі – үнсіз дауыс-сыздар. Сөйте тұра, қатаңдар мен ұяңдар қатаңданып, кейде қа-таңдар ұяңданып кетеді.
Түбірдің соңғы дыбысы қосымшаның басқы дыбысын да-уыс қатысы жағынан әрқашанда тәуелді етіп, игеріп тұрады. Үндестік заңында дыбыстардың осы қасиеті қатты ескеріледі. Күшті дыбыстар әлсіз дыбыстардан кейін тұрып та ықпал ете береді: қабы(қап-ы), тарағы(тарақ-ы), күрегі (күрек-і).Көрші дыбыстар айтылу орны жағынан да бір-біріне азды-көпті ықпал етіп тұрады.Кейде ол дыбыстардың алмасуына себепші болады: жаңған (жан-ған), жамбады(жан-бады) – артикуляциялық нәтижесі.
Дегенмен түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген дыбыстар алдын-ала ыңғайласып, үйлесіп келетіндіктен, дыбыс алмасулар да онша көп емес. Бұларға қарағанда, сөз бен сөздің жапсарындағы дыбыстар көбірек алмасуға ұшырайды. Олай бо-латыны, лексикалық единицалар қосымшалар сияқты көп ва-риантты емес, олар сөйлеу үстінде өзара жымдасып, үйлесіп ай-тылады. Алмасу фонетикада негізгі және алғашқы түсініктердің біріне жатады. Алмасу болу үшін екі көрші екі дыбыстың күш-тісі әлсізіне акустика-артикуляциялық жақтан ықпал етіп, өзіне бейімдеп, игеріп отырады. Бұл комбинаторлық алмасу делінеді. Көрші дыбыстардың бірі игеріп, екіншісі соның ықпалына көніп, игеріліп отырады. Игерудің өзі екі түрде болады:
а) толық игеру-дәл өзіндей ету: ат-ты, кес-се, тарақ-қа, қаппен, ашшы(ас-шы); ә) жартылай игеру – өзіне жуықтату, бе-йімдеу: ат-қа, кес-ті, тарақ-ты, қап-қа, ас-ты, аш-ты. Игеру бар жерде үнемі алмасу бола бермейтіні есте болуға тиіс. өйт-кені көрші дыбыстар біріне-бірі алдын-ала ыңғайланып, үйлесіп келеді, тек олай болмаған жағдайда ғана алмасуға мәжбүр бола-ды. Игеретін дыбыстың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде ды-быстардың бір-біріне ықпалы үш түрлі болады.
1. Ілгерінді (прогрессивті) ықпал - алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі. Бұл – бүкіл тіліміздің табиғатын танытатын негізгі заң. Көрші дыбыстардың алдың-ғысы кейінгісін үнемі дауыс қатысы жағынан тәуелді етіп, иге-ріп тұрады. Сөздеріміздің бірыңғай жуан буынды немесе жіңіш-ке болып келуі ілгерінді ықпалға негізделген. Ерін үндестігі де осы заңға жатады.
2. Кейінді (прогрессивті) ықпал – прогорессивті ықпалға қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеру. Соңы қ, к, п қатаңдарына біткен сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда, әлсіз қатаңдар күшті дауыс-тылардың регрессивті ықпалына ұшырайды: тарағы (тарақ-ы), күрегі (күрек-і), қабы (қап-ы). Регрессивті ықпал күрделі сөздер-дің буындары арасында жиі кездеседі: бүгін (бұл күн), әкел (алып кел). Дыбыстар акустикалық жақтан үндескенімен, арти-куляциясы жағынан үйлеспей қалуы мүмкін. Мұны регрессивті ықпал реттейді: жамбады (жанбады), сөңген (сөн-ген).
Прогрессивті және регрессивті ықпалды былай да түсіну-ге болады: «Түбір дыбыстары мен қосымша дыбыстарының үн-десу бағыты екі түрлі: бірінде – түбірдің соңғы дыбысының не соңғы буынының ыңғайына қарай, қосымша дыбыстары өзгере-ді; екіншісінде – қосымша дыбыстарының ықпалымен түбір дыбыстары өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет