Спонтандық немесе игерусіз өзгерістерде көршілес ды-быстардың бір-біріне тигізген ешқандай ықпалы көрініс таппай-ды. Онда дыбыс өзгерісі сөздің барлық позициясында өзге ды-быстың ықпалына түспей, «өздігінен» құбылып тұрады. Мыса-лы: шелек – челек. Осы жерде бірде ш, неді бірде ч айтылуы – спонтандық өзгеріс. Сондай-ақ жергілікті говорларға сай Жүсіп – Түсіп – Нүсіп – Үсіп формасында айтылу да осы спонтандық өзгерістер қатарына жатады. Жалпы алғанда игерусіз, спонтан-дық, просодикалық өзгерістер – мофема құрамындағы дыбыс-тардың басқа дыбыстың ықпалынсыз өзгеріске еніп айтылуы. Игерусіз өзгерістер фонетикалық емес, грамматикалық дыбыс алмасудың бір түрі. Игерусіз өзгерістер дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың сәйкестігі арқылы жасалады. Мысалы: ары- әрі, ана - әне, залым – зәлім, аңырау – еңіреу, адырай – едірей – ажырай, шұңғыл – шүңгіл, балуан – палуан, сәмбе – шәмбе – сама- шама, т.б. жұптарын ешқандай фонетикалық құ-былысқа сай түсіндіруге келмейді.
Тіл білімінде игерусіз өзгерістерді тарихи не дәстүрлі ды-быстық алмасулар деп атайды, себебі бұл тілдегі ұзақ дамудың көрінісі болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Дыбыс үндестігі деген не?
Ықпалдың қандай түрлері бар?
Ілгерінді ықпал деген не?
Кейінді ықпал деген не?
Тоғыспалы ықпал деген не?
Диссимиляция дегенді қалай түсінесіз?
Комбинаторлық және спонтандық өзгерістер дегеніміз не?
Буын. Буынның тіл білімінде зерттелуі
Cөйлеу үстіндегі тілдік мәтінді ұсақ бөлшектерге жіктеу тіл білімінің басты проблемаларының бірі болып табылады. Тілдік мәтін қандай бөлшектерден құралады және ол бөлшектердің тізбек мөлшері қандай болу керек деген сұрақ ертеден-ақ линг-вистерді толғандыра бастаған. Осы орайда проф. Л.Р.Зиндер «…сөйлем өз алдына жеке, ең бастысы аяқталған, сөйленім бір-лігі болып табылады. Тілдің негізгі қызметі адамдардың өзара қатынас құралы екендігінде болса, өзара сөйлесу тілдің ең кіш-кене бөлшегі болып саналатын сөйлем арқылы іске асады. Ал бір тұтас сөйлеу мәтіні фонетикалық амалдар арқылы сөйлемге және одан да кіші мағыналық бірліктерге бөлшектенеді» деп жазған болатын. Бұдан біздің ұғатынымыз тілдік мәтін (сөй-ленім) белгілі бір майда бөлшектерге таралуға тиіс. Ал тілші ма-мандардың міндеті әрбір тілдің өзіне сәйкес сол тілдік бөлшек-терді табу және оны лингвистикалық тұрғыдан талдап шығу.
Ендеше жалпы тіл біліміндегі ертеден-ақ толық шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі буын болып табылады. Оның тілдегі қызметімен қатар фонетикалық табиғатын сипат-тап, дыбыс құрамын анықтап, шегарасын белгілеу дегенге кел-генде әлі де ортақ пікір жоқ.
Егер буын тарихын қысқаша қайыратын болсақ, онда проф. М.И.Матусевич талдауына көңіл бөлген дұрыс. өйткені жалпы тіл біліміндегі буын тарихы мамандарға кеңінен таныс мәлімет болып табылады.
Алғашқы пайда болған теориялардың бірі - «қарқын теория-сы». Бұл теория буын табиғатын сөйлеу үстіндегі артикуляциялық серпінмен түсіндіреді. Әрбір серпін бір буын болып шығады.
Екінші бір кең тараған теория – «үнділік теориясы». «Үн-ділік теориясы» бойынша әрбір буынның басында салдырдан үні басым дыбыс тұрады. Сөз құрамында үні басым дыбыс қан-ша болса, сонша буын болмақшы. Үні басым дыбыстың дауыс-ты болуы міндетті емес.
Жалпы фонетикада буын мәселесі әр қырынан талданып келеді. Соның бірі – буын құрауыштар. "Буын құрауыштар" деп тілдегі буын құрауға қатысатын дыбыстарды айтып отырмыз. Себебі кез-келген тілдегі буын жайын сөз ету үшін алдымен сол тілде буын құрайтын бірлік (немесе дыбыстар) белгілі болу ке-рек. Акад. Л. В. Щербаның пікірінше тілдегі дыбыстар буынға қатысты екі топқа жіктеледі екен: біріншісі буын құрауға тіке-лей қатысады немесе буын құрауыштар, екіншісі буын құрауға тікелей қатыса алмайды немесе буын құрауыш еместер. Осы пікірге сүйене отырып олардың қазақша атауын қалыптастыруға да болады: буын құрауыш фонемалар және буын құрауыш емес фонемалар.
Осыған үндес пікірді проф. Н.С.Трубецкой еңбегінен кез-дестіруге болады. Профессор Н.С.Трубецкой әр тілдің өзіне тән буын құрауыштары болатыны туралы тұжырым жасаған. Буын-ның негізін құрап тұрған дыбыс дауысты да, дауыссыз да болуы мүмкін екен. Ендеше кез-келген тіл үшін буын құрауыш дыбыс-тардың басын ашып алу ең басты мәселе болып табылады екен. Онсыз сол тілдегі буын табиғатын сипаттап шығу мүмкін бол-майтыны анық.
Жалпы фонетикадағы буын құрауыштар жайлы ғылыми пікірлердің бәрі осыған келіп саяды.
Ал "буын дегеннің өзі қандай тілдік бірлік болып табыла-ды" деген мәселенің өзі дербес анықтаманы керек етеді. өйткені тілдегі белгілі бір дыбыс тіркесін буын деп атай салудың еш реті жоқ. Оның лингвистикалық тұрғыдан сенімді анықтамасы болу керек. Бұл жайында проф. Л.Р.Зиндер «Буын – ең кіші айтылым бірлік. Бір кідіріс пен екінші кідіріс арасындағы сөйлеу мәтіні бірі-бірімен тұтасып жатқан буындардың тізбегі болып табыла-ды. Олардың арасында көзге түсерлік жік болмайды, бұл жағы-нан буын мен дыбыс арасында айырмашылық жоқ», - дейді. Ен-деше буын дегеніміз тілдің бүтін айтылатын ең кіші бөл-шегі екен. Сөйлеу үстінде буын әрі қарай бөлшектеуге көнбей-тін тілдік бірлік болып табылатын болып шықты. Буынды құра-мындағы дыбыстарға оп-оңай жіктеудің өзіндік лингвистикалық сыры бар екен.
Тілдегі буын мәселесі акустикалық тұрғыдан да жан-жақты зерттелген. Соның ішінде проф. Л. В. Бондарко еңбегінің орны бөлек. «Тілдің дыбыс құрылымының аса маңызды бөлшектері-нің бірі – буын. Сөйлеу желісінен артикуляциялық талданым нә-тижесінде бөліп алуға болатын ең кіші айтылым бірлік, яғни ең қысқа үзік буын болып табылады. Сөйлеу үстінде фонеманың көрінісі болып табылатын тіл дыбыстары өзара бірігіп қана ай-тылады»,- деп жазады ғалым. Артикуляциялық тұрғыдан бөл-шектенбейтін дыбыс тізбегі буын құрайтын болып шықты, яғни буынды сөйлеу үстінде жеке-жеке дыбыстарға тарата алмаймыз. Ендігі жердегі қиын мәселе буын шегінің фонетикалық белгіле-рін тауып, соның арқасында буыннан буынды ажыратып алу бо-лып табылады. Бір қарағанда буын мен буынның ара жігін ажы-рату қиын емес сықылды. Соған қарамай оны іске асырудың фо-нетикалық ережелерін табу оңай болмай отыр. Проф. М.И.Матусевич буын жігі мәселесіне деген мынадай қорытын-ды жасайды: «Буын жігін іздегенде дауыссыздардың әртүрлі қарқынмен айтылатынына сүйену керек. Оның бірінші түрі – бас қарқынды дауыссыздар, олар қарқынды басталып, соңына қарай әлсірей беретін дауыссыз дыбыстар, ондай дауыссыздар буынның соңында тұрады. Екінші түрі – аяқ қарқынды дауыс-сыздар, олар әлсіз басталып, соңына қарай күшейе келіп, қар-қынды аяқталатын дауыссыз дыбыстар, ондай дауыссыздар буынның басында тұрады. Үшінші түрі – қос қарқынды дауыс-сыздар, олар қарқынды басталып, сонан соң әлсірей келіп, соңы-на қарай қайтадан қарқынды аяқталады. Қос қарқынды (кейде оларды геминаттар деп те атайды) дауыссыздар тек дауысты-аралық шепте орналасады да буын жігі олардың арасындағы ең әлсіз тұсынан өтеді». Бұл қағиданы мойындамайтын ғалымдар да бар. Дегенмен, акад. Л.В.Щерба шәкірттерінің ұстанатын бас-ты ережесі осы болып табылады.
Буын құрамындағы дыбыстардың артикуляциялық тұрғы-дан өзара кірігуі күрделі жасалым болып табылады. Дыбыстар-дың негізгі артикуляциясы әртүрлі өзгерістерге ұшырап жатады. Кейбір дыбыстар бастапқы артикуляциясынан айрылып қалуы да мүмкін. Жаңа қосалқы артикуляциялар пайда болып жатуы да мүмкін. Әрбір тілді зерттеп жүрген ғалымдар сияқты қазақ фо-нетистерінің де алдында тұрған басты міндет тілімізде кездесе-тін күрделі артикуляциялық құбылыстың ішінен тілге тән "буын артикуляциясын" тауып, оны сараптай отырып, фонетикалық белгілердің басын ашумен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |