Жергілікті
|
Әдеби
|
Жергілікті
|
Әдеби
|
Құлдану
|
Қолдану
|
Пұрсат
|
Мұрсат
|
Құрытынды
|
Қорытынды
|
Меш
|
Пеш
|
Оқсайды
|
¦қсайды
|
Челек
|
Шелек
|
Мүңірейді
|
Мөңірейді
|
Чал
|
Шал
|
Дүнен
|
Дөнен
|
Мауыздау
|
Бауыздау
|
Пысты
|
Пісті
|
Берку
|
Беку
|
Пышық
|
Пұшық
|
Жоңыршқа
|
Жоңышқа
|
Таңлай
|
Таңдай
|
Бігіз
|
Біз
|
Қордық
|
Қорлық
|
Егер
|
Ер
|
¦рдық
|
¦рлық
|
Сүгірет
|
Сурет
|
Ешек
|
Есек
|
Полат
|
Болат
|
Мышық
|
Мысық
|
Пұтақ
|
Бұтақ
|
Дізе
|
Тізе
|
Уалау
|
Уқалау
|
Дүз
|
түз
|
уату
|
Жұбату
|
Сондай-ақ кейбір сөздерді, сөз тіркестерін жазылуынша айту да құлаққа жағымсыз естіледі. Мысалы:
Жазылуы
|
Айтылуы
|
Жазылуы
|
Айтылуы
|
өлең
|
өлөң
|
Айдын көл
|
Айдыңгөл
|
өзенге
|
өзөңгө
|
Ай қабақ
|
Айғабақ
|
Қонған
|
Қоңған
|
Алтын кірпік
|
Алтыңгіріпік
|
Қонбады
|
Қомбады
|
Тас бауыр
|
Таспауұр
|
Көзсіз
|
Көссүз
|
Тас жол
|
Ташшол
|
Тазша
|
Ташша
|
Жас бала
|
Жаспала
|
Басшы
|
Башшы
|
Ақ ешкі
|
Ағешкі
|
Сөздерді жазылуынша айту әсіресе жастардың тілінде үй-реншікті машыққа айналып бара жатқанын аңғару қиын емес. Мұны тіліміздің табиғи дамуының нәтижесі деп қарауға болмай-ды. Сөздің жазылу жағдайының бәрін графика тұрғысынан тү-сіндіре беруге келмейді. Графика бойынша: өлөң,құлұн, түлкү, жамбады, жасса, жұмұшшұ түрде жазуға әбден болады және мұның өзі сөздің айтылуында дәл келер еді. Алайда қазіргі қазақ жазба әдеби тілі тілдің тек дыбыстық жағын ғана қамтып қой-майды: сонымен бірге морфология, сөзжасам, лексикология жә-не фонетикалық құрамның тарихи дамуымен де тығыз астасып жатады. Графика дыбысты нақты сөзден, морфемадан тыс беру-дің барлық мүмкіндіктерін қарастырады. Сондықтан оны жазу-дың тым жалпы да дерексіз ережесі десе де болады, ал орфогра-фия – көптеген себептерге байланысты графикадан туындайтын бұрмалар, ерекшеліктер.
Сөздің дыбыстық құрамын белгілеуде көбіне-көп басшы-лыққа алынатын принцип жетекші принцип немесе негізгі, бас-ты принцип делінеді. Қазіргі орфографияларда негізінен морфо-логиялық, фонетикалық және дәстүрлік принциптер қолданыла-ды. Сондай-ақ дифференциялаушы принцип те болуы мүмкін. Морфологиялық принцип сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, морфемалар құрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы қалпын сақтап жазу. Мысалы: жан, жамбады, жанғанда түрде айтылатын сөзформаларға ортақ түбір – жан, сондықтан: жан, жанбады. Жанғанда деп жазылады. Ал: жаз, жазса, жазшы, айтуда; жаз, жасса, жашшы, алайда түбір сақ-талып жазылады. Морфологиялық принципті фонемалық прин-цип деп те атайды. Бұл принцип бойынша сөздердегі дыбыстар-ды әріппен беруде қазақ орфографиясы негізінен фонематика-лық принципке сүйенеді, яғни белгілі бір фонеманың әр түрлі позицияға тәуелді түрленімдері әліпбидегі бір ғана әріппен бел-гіленеді: басшы(башшы емес), түнгі (түңгі емес), саудагер (сәу-дегер емес), т.б. Фонематикалық принцип көп жағдайда морфо-логиялық принципке сәйкес келеді. Мұнда бір фонема әр түрлі құбылғанына қарамастан, үнемі алфавиттегі бір-ақ әріппен бел-гіленеді. Бұған жоғарыдағы мысалдан көз жеткізуге болады. Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындағыдай жа-зылады, яғни әрбір фонеманы емес, дыбысты білдіреді.Қазіргі орфографиялық ереже бойынша кейбір жалқы есімдердің сыңар-лары фонетикалық принципке сай жазылады: Ботагөз, Амангелді, т.б.
Тарихи-дәстүрлі принцип сөздің бір кезде жазылып қалып-тасқан, дәстүрге айналған түрін сақтап жазуға негізделеді., яғни сөздің жазылуы тілдің қазіргі күйіне сәйкес келмейді де, сөз үй-реншікті болып кеткен дағды бойынша жазылады. Бұған қазақ тіліндегі: хат, хабар, халық, қаћар, жаћан сияқты сөздерде х, ћ әріптерін пайдалануды жатқызуға болады. Әдетте тарихи-дәс-түрлі принцип жазу-сызу бір графика негізінде қалыптасып, өз-гермей келе жатқан тілдерге тән(ағылшын, француз, т.б.). Әліп-би жиі ауысып отыратындықтан, бұл принцип сирек қолданы-лады. Мысалы, тарих, халық, хикая, қаћарман, т.б. сөздердің жазылуы тарихи-дәстүрлі принципке негізделген. Дәстүрлік принцип тілдің қазіргі қалпына қайшы келуі де, келмеуі де мүмкін.
Айырым принципі бойынша дыбыстық құрылымы ұқсас сөздер шартты түрде орфография арқылы ажыратылады: қан – хан, қауып – қауіп, өкімет – үкімет.
Аталған принциптердің негізінде «Қазақ тілі орфография-ының негізгі ережелері» жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |