Фонетика жєне оныњ салалары


Аспирата не фарингаль дыбыс –



бет42/55
Дата23.09.2023
өлшемі10,64 Mb.
#109963
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55
Байланысты:
Лекция Фонетика

Аспирата не фарингаль дыбыс – көмейлік дауыссыз
Ауслаут - сөз аяғы
Анлаут – сөз басы
Әріп - дыбысқа берілген шартты таңба.
Бітеу буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.
Буын - сөздегі фонациялық (дыбыс жасайтын) ауаның қарқынымен үзіліп, бөлшектеніп шығатын бір дауысты немесе бірнеше дыбыс тобы.
Билабиаль дыбыс – қос еріндік дауыссыздар
Вокализм – дауысты дыбыстар жүйесі.
Гаплология – (грек.haploos – жалғыз, logia – сөз, ілім) дыбыс-тардың комбинаторлық өзгерісі, ол диссимиляция әсерінен өзара бірдей көрші буындардың бірінің түсіп қалуы.
Дауысты дыбыстар - айтылған кезде өкпеден ауа ешқандай кедергісіз шығатын дыбыстар.
Дауыссыз дыбыстар – айтылған кезде өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан болған дыбыстар.
Дифтонгоид дауыстылар - қазақ және кейбір өзге түркі тілде-рінде кездесетін қосынды, яғни дифтонг дауыстылар. Олар - у және и.
Денталь дыбыс – тіс дауыссызы
Дәстүрлі (тарихи) принцип - сөздердің әуелгі тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылуы.
Диэреза - екі сөз аралығында кездескен екі дауыссыз дыбыстың бірінің (алдыңғысының) түсіп қалуы.
Диссимиляция – дыбыстардың ықпалды өзгерістерінің бір түрі. Ол латын тілінде – «ұқсамау» деген сөз. Яғни ассимиляцияда (дауыссыз дыбыстардың үндесуі) көрші дыбыстар бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп, үйлесіп, ұқсап тұратын болса, дисси-миляцияда бұған керісінше, сөз ішіндегі қатар тұрған жасалуы бірдей екі дауыссыз дыбыстың біреуінің (әдетте соңғысы) алыс-тау басқа бір дыбыспен алмастырылуы.
Дыбыстық үнем – сөздің құрамындағы жеке дыбысты, дыбыс-тар тіркесін айтпау, үнемдеу.
Дыбыстық құбылыстар - сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер.
Дыбыс - сөздердің мағыналары мен тұлғаларын ажырататын ең кіші тілдік бірлік. Дыбыс - сөздің өмір сүруінің формасы
Дыбыстар сияқты фонемаларға түрленіс (варирования) пен ал-масым (чередования) тән. Яғни фонемалардың әр түрлі типтері болады. Оның негізгі типін архифонема деп атаса, ал қосымша типтерін (варианттарын, оттенкілерін) аллофон деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет