І. Әріптердің емлесі (дауысты дыбыс әріптері мен дауыс-сыз дыбыс әріптері, ь, ъ белгілерінің қолданылуы жайында ере-желер кіреді);
П. Түбір сөздердің жазылуы (жеке сөздер мен сөз тіркес-терінің жазылуы жайында ережелер түзілген);
Ш. Бөлек жазылатын сөздер (күрделі атаулар, фразалық тіркестердің жазылуына қатысты ережелер енген);
ІҮ. Бірге жазылатын сөздер (біріккен сөздерге қатысты ережелер қамтылған);
Ү. Қос сөздердің жазылуы (қос сөздердің дефис (-) арқы-лы жазылуына қатысты ережелер кірген);
ҮІ. Қосымшалардың жазылуы (түбірге жалғанатын қосымшалардың жазылу емлесі түзілген);
ҮП. Шылау сөздердің жазылуы (шылаулардың бөлек және бірігіп жазылу жағдайлары көрсетілген);
ҮШ. Бас әріптің қолданылуы (жалқы есімдер, күрделі есімдер, қысқарған сөздердің бас әріппен жазылу жағдайы қамтылған);
ІХ. Сөздердің тасымалдануы (сөздердің тасымалдануына қатысты мәселелер қамтылған).
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында «Қазақ тілі ор-фографиясының негізгі ережелері» жарияланған күннен бастап оларды жазу практикасында қолдануды басшылыққа алу үкімет қаулысымен міндеттелген.
Бақылау сұрақтары:
1. Ереже дегеніміз не?
2. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің бірінші басылы-мы қай жылы жарық көрді?
3. Бас әріпті қандай жағдайда пайдаланамыз?
4. «Қазақ тілі орфографиясы негізгі ережелері» қашан бе-кітілді?
5. Тілдік норма дегеніміз не?
6. Дефис дегеніміз не?
Орфоэпия
Тілдегі сөздердің, сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ереже-лері орфоэпия (орфос - гректің дұрыс, түзу және эпос - сөйлеу, сөз дегендерінен алынған) деп аталады.
Орфоэпия ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы болып табылады. Әдетте, сөздің бірізді дыбысталуы ауызба-ауыз тілдесуді жеңіл-детуге ықпалын тигізеді. Орфоэпия деген ұғымға тілдің фонети-калық жүйесіндегі фонемалардың, сөздер мен грамматикалық тұлғалардың, сондай-ақ суперсегменттік бірліктердің (сөз үн-дестігі, сөз үйлестігі, сөз екпіні, интонациялық құрылымдар, т.б.) дыбысталуын қамтиды.
Тілдік қатынас ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Олар жетіліп, кемелденіп, әдеби тілдің көрсеткіші дәрежесіне жету үшін нормаға түсуі қажет. Норма – белгілі бір жүйе, заңдылыққа негіз-делген бірізділік. Сонда әдеби тіл дәрежесіне жеткен тілдегі сөздер-дің атылуында болсын, жазылуында болсын жалпыға бірдей ортақ, қалыптасқан бірыңғай нормалар болады деген сөз. Нормалар неғұр-лым бірізді, қалыптасқан болса, қатынас құралы да соғұрлым же-тіліп, кемелдене түсері сөзсіз. Ауызша әдеби тілге қойылатын бас-ты талаптардың бірі сөйлеу кезінде сөздерді дұрыс дыбыстап, дұ-рыс айту болып табылады. Тілдің ауызша формасын ғылыми тұр-ғыдан нормалауды орфоэпия қалыптастырады, ал ол нормаларды ғылымда орфоэпиялық нормалар деп атайды.
Қазіргі қазақ әдеби тілінің өзіне тән ғасырлар бойы қа-лыптасқан дәстүрлі нормалары бар. Әдеби тілдің орфоэпиялық нормасы, біріншіден, жергілікті ерекшелікке қарама-қарсы қо-йылады. Салыстырыңыз: жергілікті ерекшеліктерде – жылқы-дар, балдар, маңлай, чач, чыбық, бопа, т.б., әдеби тілде – жыл-қылар, балалар, маңдай, шаш, шыбық, бөпе, т.б.. Екіншіден, әдеби тілдің нормасы бейәдеби қарапайым сөйлеу тіліне тән дыбыстық элемент-терге қарама-қарсы қойылады. Салыстырыңыз: бейәдеби қарапа-йым сөйлеу тілінде – берсей, баратып, бошы, т.б., әдеби тілде – берсеңші, бара жатып, болшы, т.б.. үшіншіден, әдеби тілдің орфо-эпиялық нормасы ескі қазақ жазба тілінің дыбыстық элементтеріне қарама-қарсы қойылады: нәсәп айласа, жәмиғат, хұрметтлу, ұшбу, халал, т.б.. Төртіншіден, әдеби тілдің орфоэпиялық нормасы жазба тілдің емлесінде көрсетілген нормаға қарама-қарсы қойы-лады: [жұмұшшұ]- жұмысшы, [шэгара] - шекара, [кәсі'бодақ] – кәсіподақ, [қашша]-қазша, т.б.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде әсіресе дыбыс үндестігі ерек-ше орын алатындығы белгілі. Кейбір зерттеулерде сөздің бірыңғай жуан немесе жіңішке, бірыңғай езулік не еріндік болып айтылуы-ның фонологиялық мәні бар деп көрсетіледі. Мысалы: ен-сен-өн, іс-үс,т.б. сөздер бір-бірінен дискретті бірліктер, яғни жеке фонема-лар арқылы ғана емес, сөздің бірыңғай жуан немесе жіңішкелігі, я болмаса бірыңғай езулік не еріндігі арқылы ажыратылып тұр. Сон-дықтан дыбыс үндестігі қазақ тілі орфоэпиялық негізгі нормалары-ның бірі болып табылады.
Сондай-ақ қазақ тіліндегі дауыссыздардың бір-бірімен үйле-сіп, ассимиляция арқылы айтылуының да орфоэпиялық норма үшін ерекше мәні бар: жұмысшы [жұмышшы], сөзсіз [сөссіз], көк бояу [көк пояу].
Орфоэпия ұлттық тілдің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты болғандықтан, жалпыхалықтық тілде кездесетін «л»-«д» дыбыстық нұсқаларының маңдай//маңлай, жылқылар// жылқыдар болып айтылуы ұлттық әдеби тіл нормаларының қалыптасуымен байланысты.
Қоғамдық өмірде шаршысөз түрлерінің пайда болып, әлеу-меттік мәнінің артуы орфоэпиялық нормалардың орнығып, ұлт-тық сипатқа ие болуын жеңілдете түсті. Сөздердің бірізді айты-луы тілдік қатынасты жеңілдетеді. Сондай-ақ кейбір сөздерді, сөз тіркестерін жазылуынша айту да құлаққа жағымсыз естіледі. Сөздерді жазылуынша айту әсіресе жастар тілінде үйреншікті машыққа айналып бара жатқанын аңғару қиын емес. Мұны тілі-міздің табиғи дамуының нәтижесі деп қарауға болады.
Қазақ орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пікір айтушылардың бірі – профессор М.Балақаев. Ға-лымның пікірінше, сөздердің айтылу нормасы және сол нор-маны сақтап сөйлеу мәселесі үнемі ескеріліп отырылуға тиісті. Ал М.Дүйсебаева «Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері» атты еңбегінде дұрыс сөйлеудің нормасы тіліміз-дегі белгілі бір дыбыс заңдылығы бойынша қалыптасатынын ескеріп, тіліміздегі дыбыстардың әрқайсысының айтылуында-ғы ерекшеліктерге жеке-жеке тоқтайды. Автор қазақ әдеби тілі-нің сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына әсер еткен негізгі жағ-дайлар ретінде мыналарды атап көрсетеді:
- халықтың дәстүрлі сөйлеу тілі,
- белгілі бір мәдени орталық,
- баспа орындары мен мәдени мекемелер,
- жазба әдеби тіл мен көркем әдебиет.
Қазақ тілі орфоэпиялық нормаларын жүйелі түрде біршама дұрыс баяндаған, осы саладағы ізденістерге үлгі-өнеге болар-лық еңбек – Р.Сыздықтың «Сөз сазы». 1983 жылы жарық көрген бұл кітапшада «Орфоэпия қағидалары» жүйеге түсіріліп, 36 параграфқа топтастырылған.
Сонымен, соңғы 20 жыл ішінде орфоэпия саласында елеу-лі жұмыстар істеліп, бірнеше сөздік жарық көрді. Мысалы: Қ.Неталиеваның «Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі», М.Дүйсебаеваның «Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі», М.Серғалиевтің «Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі» (1996).
Ә.Жүнісбековтің өзінің еңбектерінде тіліміздегі дыбыс-тардың акустика-артикуляциялық қасиеттерін сипаттап қана қоймай, орфоэпияға қатысты да құнды пікірлер келтіреді. Ға-лымның пікірінше, сөздерді айтудағы кемшіліктер негізінен тіл-дің ауызша және жазбаша формаларының арақатынасын парық-тамаудан, орфоэпия туралы үгіт-насихаттың жеткіліксіз жүргізі-луімен байланысты.
Қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылықтарын танып-білу мен зерделеп-таныту, нормаларын әңгіме ету – соңғы онжылдықтар-дың жемісі. Тіл білімінің бұл тармағы 60-жылдардың ішінде қа-уырт қолға алынып, едәуір жұмыстар да істелді:
- орфоэпиялық сөздіктер жарық көрді;
- орфоэпиялық ережелер ұсынылды;
- ғылыми зерттеу еңбектері жарық көрді.
Орфоэпиялық нормаларды қазіргі аппараттарды пайдалана отырып ғылыми негізде зерттеу, орфоэпия ережелерін емле ере-желері сияқты, дұрыс пайдалануды қалың көпшілікке міндет-теу, ол үшін орфоэпиялық жаңа құралдар, ережелер кодексі, сөз-дік, анықтағыштар шығару жұмыстары тұр.
Қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясы өзара тығыз байланысты болып келеді.
Орфография мен орфоэпияның бір-біріне ұқсас жақтары мынадай:
- екеуі де практикалық-қолданбалы сала;
- нақтыланған ережелерге сүйенеді;
- жалпыға ортақ, міндетті болады.
Орфография мен орфоэпияға тән айырмашылықтар:
Достарыңызбен бөлісу: |