Фонема - сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бі-рінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене бөлшегі.
Фонетикалық принцип - сөздердің дыбыстық заңдарға сүйе-ніп, айтылуы және естілуі бойынша жазылуы.
Фонология немесе функционалдық фонетика - тілдегі дыбыс құбылыстарын фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала
Фонетикалық заңдар –тілдің дыбыстық материясының дамуы мен қызметі туралы заңдар.
Фузия – морфонологиялық құбылыс, көрші тұрған морфемалар-дың (негіз бен аффикстің) қосылып кетуі.
Эллипсис(грек.ellipsis – түсіп қалу, түсірілу) – тілдік едини-цаның түсіп қалуы, синтаксистік конструкцияның құрылымдық жағынан толымсыздығы.
Эпентеза (гр. epenthesіs - қыстырылу) – 1) сөз ішінде дауыссыз-дардың арасына дауыстының қыстырылуы;
2) дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі – түбір сөздің өзіне тән емес, қосымша бір дыбыстың пайда болуы.
Эпитеза - протезаға қарама-қарсы, дыбыстың сөздің соңынан қосылуы.
Элизия (лат. elіsіo - ығыстыру) - бунақтағы сөздердің арасында қатар келген екі дауыстының алдыңғысының түсіп қалуы.
Эксперименттік фонетика белгілі бір тілдің дыбыстарын түрлі техникалық құралдар мен аспаптардың (спектрограф, осциллог-раф, палатограф, рентгенограф т.б.) көмегімен зерттеп, тіл ды-быстары туралы нақтылы, дәл тұжырымдар жасайды.