Регрессивті ассимиляция – кейінді ықпал
Редупликация – алғашқы буынның немесе бүтін түбірдің қосарлануынан пайда болатын фономорфологиялық құбылыс.
Прогрессивті ассимиляция –ілгерінді ықпал
Протеза (грек prothesіs - алдында тұру) - сөздің алдынан басы артық дыбыстың қосылуы.
Селбеспелі дыбыс – сөз құрамының ұлғаюына себеп болатын дыбыс.
Сингармонизм (грек.syn – бірге және harmonia – қос үнділік, үндесу) – 1) дауысты дыбыстардың өзара үндесуі; 2) морфоно-логиялық құбылыс.
Сөйлеу аппараты - дыбыстау мүшелерінің жиынтығы.
Сипаттамалы фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуірдегі дыбыстық жүйесін қарастырады. Мәселен, қазіргі кездегі мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылатын фонетика сипаттамалы фонетикаға жатады.
Салыстырмалы фонетикабелгілі бір тілдің дыбыс құбылыс-тарын өзге тілдердің дыбыс жүйесімен салыстыра зерттейді.
Синкопа - сөйлеу барысында сөз ішіндегі (сөз ортасындағы) жеке бір дыбыс қана емес, бір не екі буын да түсіп (қысқарып) қалуы.
Толық редукция – ауыз, ерін, орын, мұрын, ойын сияқты екін-ші буындарында қысаң дауысты бар екі буынды сөздерге дауыс-тыдан басталған қосымша қосылғанда екінші буындағы қысаң-ның түсіп қалуы.
Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.
Тасымал- жазып келе жатқанда, сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір я бірнеше буынды екінші жолға көшіру.
Тарихи фонетика(диахрониялық фонетика) тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырып, олардың даму тарихын өзгерістен айқындайды.
Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерінді-кейінді қарсы әсері, сөз ішінде ілгерінді-кейінді ықпалдың қатар келуі.
Трифтонг –бір буынды құрайтын үш элементтен құралған күр-делі дауысты. Түркі тілдерінде трифтонг болмайды.
Фрикатив дыбыстар – ызың дауыссыздар
Фонетика (гр. phone - дыбыс, phonetіkos - дыбыстық) - тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы.