тарихи фонетика, салыстырмалы фонетика, салғастырмалы фонетика, экспе-рименттік фонетика, физиологиялық
фонетика, фонология немесе функционалдық фонетика болып бөлінеді.
Сипаттамалы фонетика (синхрониялық немесе статика-лық фонетика) тілдің өмір сүріп тұрған дәуірдегі дыбыстық
жүйесін қарастырады, ондағы фонемалар жүйесін және фонема-лардың ішкі өзара байланыстарын белгілеп айқындайды.
Ды-быстарды сандық, сапалық жақтық айқындау, олардың тіркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпін, орфоэпия мәселесі
осы са-ланың объектісі болып табылады. Мәселен, қазіргі кездегі мек-тептер мен жоғары оқу орындарында оқытылатын
фонетика си-паттамалы фонетикаға жатады. Фонемалардың құрамын белгі-леп айқындау олардың пайда болып қалыптасуы
немесе қолда-ныстан шығып қалуы туралы мәселемен тығыз байланысты. Ен-деше сипаттамалы фонетиканы фонемалар
тарихынсыз елестету мүмкін емес сияқты. Бірақ та, бұдан сипаттама фонетика тари-хи фонетиканың орнына қолданылып,
оны ауыстыруы мүмкін деген ұғым қалыптаспағаны дұрыс. Сипаттама фонетикада ды-быстардың тарихын зерттеу арнайы
мақсаттты түрде жүргізіл-мейді. Онда қазіргі тілдің фонетикалық жүйесі мен оның ары қарай даму мүмкіндіктерін айқындау
фонология деген салаға қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |