Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет4/97
Дата16.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#25625
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Тарихи фонетика  (диахрониялық фонетика) – тілдің ды-быстық құрамы мен заңдылықтарының пайда болу, даму

тари-хын   зерттейтін   фонетиканың   саласы.   Ол   тілдің   дыбыстық   жүйе-сін  тарихи   тұрғыдан   қарастырады.  Дыбыстардың

түрлері, олар-дың дамуы, тарихи өзгерістер, буын,  екпін мәселелері, үндестік  заңдары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер

материалдары   бойын-ша   айқындалады.   Тілдің   дыбыс   жүйесін   қазіргі   және   тарихи   тұрғыдан   қарастырған   кезде   туыс

тілдердің фонетикасынан да ескерген абзал. Мұның өзі дыбыстардың өзгеру, даму жүйесін айқындауға мүмкіндік береді.

Фонетиканың бұл саласының тілдердің тарихи даму жолдарын танып білуде, этимология мен тарихи грамматикаға қатысты

мәселелерді зерттеп шешуде, тіл-дердің туыстығын және олардың ұқсас жақтары мен айырма-шылықтарын айқындауда

тигізер көмегі де, атқарар қызметі де ерекше болып табылады. 

Тіл дыбыстарын және оларға тән заңдылықтарды зерт-теудің теориялық мәні  мынадай белгілерінен көрінеді:

– дыбыстық өзгерістерді, олардың заңдылықтарын есепке алу;

–  лексикалық   құбылыстар   мен   грамматикалық   құбылыс-тардың   шығу   төркінін,   өзгеріп   дамуын   дыбыстық

заңдылықтар арқылы ашып айқындау және сонымен байланысты лексиканың да, грамматиканың да ғылыми тарихын жасау.

                   Яғни, тілдің тарихи даму шеңберінің түрлі дәуірлеріндегі дыбыстық өзгерістерді, оның заңдылықтарын зерттеу

мәселесі тіл білімінде аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. өйткені ғалым А.А.Реформатскийдің сөзімен айтар

болсақ:   «Та-рихи   фонетикасыз   тарихи-салыстырмалы   грамматика,   тарихи   тіл   білімі   болмаған   болар   еді.   Фонетиканың

арқасында ғана тіл білімі өте-мөте дәлме-дәл қоғамдық ғылымдардың бірі бола алды десек, асыра айтқандық болмайды».

          Бүгінде қазақ тілінің тарихи фонетикасы түркі тілдері та-рихи фонетикасының бір саласы ретінде қалыптасу үстінде. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет