Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет57/97
Дата16.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#25625
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   97
Редукция  (лат.reducatian   –   қайырылу,   кері   қайтару)   –   ай-қын   естілмей   көмескілену  немесе   созылыңқылығының

қысқа-руы нәтижесінде дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Негізінен редукция  дауыстыларға

қатысты, бірақ буындар мен сөздердің де түсуі кездеседі.

            Жартылай редукция деп – сөз ішіндегі белгілі бір ды-быстар тіркесімінің арасындағы (үнді/ұяң немесе ұяң/үнді,

үнді/   үнді   т.б.)   қысаң   дауыстының   әлсіреп,   көмескі   айтылуын   айта-мыз.   Мысалы:   аң(ы)   зақ,   көб(і)рек,   ад(ы)раңдау,

құд(ы)рет, бад(ы)рақ, жұд(ы)рық, тәж(і)рибе, и(і)рім, дәр(і)гер, көк(і)рек, түк(і)рік, қас(ы)рет, қат(ы(нас, ұй(ы)тқы, т.б. Бұл

жерлердегі   (позициялардағы)   қысаңдардың   көмескі   айтылатындығы   сонша-лықты,   олардың   кейбіреулері   тіпті

орфографиялық   сөздіктердің  өзінде   де   көпке   дейін  түсіріліп  жазылып  жүрді.Оған  мағына,   мә-күрік,   ұйытқы,   жасымық

сөздерінің 1963, 1978 жылдардағы ор-фографиялық сөздіктерде мағна, мәкрүк, ұйтқы, жасмық түрінде жазылып келгендегі

куә бола алады. 

           Толық редукция деп – ауыз, ерін, орын, мұрын, ойын сияқты екінші буындарында қысаң дауысты бар екі буынды

сөздерге дауыстыдан басталған қосымша қосылғанда екінші буындағы қысаңның түсіп қалуын айтамыз. Мыс: ауыз-ы >

аузы, ерін +і > ерні, орын+ы > орны, мұрын+ы > мұрны, ойын+а > ойна  т.б. Рас, бұл сияқты сөздерге дауыстыдан басталған

қо-сымша қосылғанда олардың екінші буынындағы қысаң дауысты әр уақыт түсе бермейді. Мыс: көрік+і >көркі (келбеті

д.м.) = көрік+і>көрігі т.б. Мұндайларға мағына ажырату үшін әдейі қолданылған тәсіл деп білгеніміз жөн. Сондай-ақ, «келі

сап» деген-нің – келсап,  «кіші кене» дегеннің – кішкене, «сары-ғай» дегеннің – сарғай, «осы жер» дегеннің – осжер//ошшер,

өшшер болып айты-луы мен жазылуын да толық редукцияға жатқызуға болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет