Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет58/97
Дата16.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#25625
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97
Байланысты:
Фонетика дарис.

Метатеза (грек.metathesis – ауыстырып қою, транспози-ция) – дыбыстардың комбинаторлы өзгерісі, бір сөз немесе

буын ішіндегі буындардың немесе дыбыстардың өзара орын ауыстыруы. 

               Аферезис  – қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұр-ған дыбыстардың өзара ықпал етуі. Аферезис элизияға

қарама-қарсы құбылыс.

                 Гаплология  – (грек.haploos – жалғыз, logia – сөз, ілім) ды-быстардың комбинаторлық өзгерісі, ол диссимиляция

әсерінен өзара бірдей көрші буындардың бірінің түсіп қалуы. Элизия (лат. elision – жаншу, итеріп шығара) – 1. Келесі сөздің

басында тұрған дауысты дыбыспен қатар келуіне байланысты бастапқы сөздің со-ңында тұрған дауысты дыбыстың түсіп

қалуы, айтылмауы. Афере-зиске қарама-қарсы процесс.2.Дауысты дыбыстар-дың қосылып ке-туі – қатар келген екі дауысты

дыбыстың бір монофтонгке немесе дифтонгке бірігу түрлері. 3.Эллипсис тең құбылыс. Элизия   - бір бунақпен (ырғақпен)

айтылған екі сөздің арасында қатар келген екі дауыстының біреуінің түсіп қалуы (түсіріліп айтылуы). Әдетте көбінесе

алдыңғы дауысты түседі. Мыс: қара ала > қарала, сары ала > сарала, жиырма алты > жиырмалты. Элизия құбылысының

біразы біріккен сөздерге сақталынып жазылып жүр. Мыс:  қарағаш (қара ағаш), сарағаш (сары ағаш), өзара (өзі ара),



Сарарқа (Сары арқа), Молдахмет   (Молдаахмет), Торайғыров (Торыайғыров)  т.б. Оқы сөзіне тұйық етістіктің жұрнағы

қосылғандағы өзгерісті де (оқу+ұу > оқұу > оқу) ғалымдар элизия құбылысына жатқызады. Бұл негізінен дұрыс. өйткені у

әрпі  ұу  деген екі дыбыстың   қосындысы. Алдыңғы дыбыс  (ұ)  – дауысты. Ол түбір сөздің соңындағы дауыс-тымен қатар

келіп қалады да, оның алдыңғысы түсіп қалуға мәжбүр болады. Кейде қатар келген екі дауыстының соңғысының (кейін-

гісінің) түсетін кездері де жоқ емес. Мыс: не істейін > нестейін, не ішесің > нешесің т.б. «Не алдың?» дегенге келсек, бұл

тіркес нел-дың да емес, налдың да емес, тек не алдың болып айтылады және солай жазылады да. Оның себебі: бір буынды

не  сөзінің өз болмы-сын (тұрпатын және  мағынасын) сақтауға  тырысуында  болып отыр. Ал  шылаулардың жөні бөлек.

Олардың құрамындағы дауыстылар түсіп қала береді. Мыс: жазып та алды  > жазыпталды, т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет