Жаттығу. Берілген мәтіннен орфографияның принциптеріне сай жазылған сөздерді табыңыздар.
Мақсатым – тіл ұстартып,өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып,көңілін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер
Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ.(Абай)
Аулым қонған Сырымбет саласына,
Ғашық болдым ақ сұңқар баласына.
Лашынға лайық қарағым-ай,
Бөктергіге қор болып барасың ба? (Ақан сері)
Жаттығу. Берілген сөздерді орфографиялық сөздікпен салыс-тырып қарап, дәптерлеріңізге жазыңыздар.
Алаңғасарлық, ала ауыз, браунингіге, жаздыкүні, күжбан, оқымысты, оркестрге, тәжрибе, тебіңгі, уәкілдігі, уағдалы,
цифрға, шай, шертпекіл,іш көйлек, эксперименттік, педагогі, киоскіге, бинокльдер, паркі, айтыппысың, юрисі, бояғы,
дискже-тек, ептеп-септеп, керметөсек, мықыраю, мүкі-тақы
15. Практикалық сабақтың сұрақтары. Орфоэпия, оның нормалары
1. Орфоэпия туралы түсінік.
2. Қазақ орфоэпиясының зерттелуі.
Тапсырма. Қазақ тілі орфоэпиясының мәселелері (Сөздіктер-мен жұмыс, ғылыми әдебиеттерге шолу)
Жаттығу. Берілген сөздер мен тіркестерді оқып, жазылуы мен айтылуын салыстырыңыз
Достарыңызбен бөлісу: