Фонетикалық талдау үлгісі
1.Сөз Бәйтерек
Әріп саны- 8; дыбыс саны-8
2.Дауысты дыбыстар 3 (ә,е,е)
Тілдің қатысына қарай
Жуан - Х
Жіңішке -3( ә,е,е)
Жақтың қатысына қарай
Ашық - 3( ә,е,е)
Қысаң – Х
Еріннің қатысына қарай
Еріндік - Х
Езулік – 3( ә,е,е)
3.Дауыссыз дыбыстар- 5(б,й,т,р,к)
Ұяң- 1(б)
Қатаң- 2(т, к)
Үнді -2 (й, р)
4.Буын, буын түрлері
б.б а.б б.б
Бәй-те-рек
5.Тасымал
1.Бәй-
терек
2.Бәйте-
рек
6.Үндестік заңы
1.Буын үндестігіне бағынады, себебі сөз бірыңғай жіңішке буыннан құралған
2.Дыбыс үндестігі
Бәйтерек- Бәйтерегім ( кейінді ықпал), бәйтеректі ( ілгерінді ықпал)
7.Екпін
\
Бәйтерек ( сөз екпіні)
Морфологиялық талдау
Мысалы, Бала мектепке қарай келе жатыр деген сөйлемде бала, мектеп, кел сөздері ретіне қарай кім? не? не істе? деген сұрақтарға жауап береді. Ал, қарай, жатыр сөздеріне жеке сұрақ қоя алмаймыз. Ендеше толық лексикалық мағынасы бар болғандықтан сұрақ қойылатын бала, мектеп, кел сөздері морфологиялық талдаудың үш бөлек нысанына айналды да, қарай, жатыр сөздері өздері жетектелген толық мағыналы сөзге грамматикалық мағына үстеп, оларды түрлендіруші болғандықтан, қай сөзге жетектелсе, сол сөзбен бірге талдауға түседі. Яғни, берілген сөйлемде үш талдау нысаны бар:
Бала;
мектепке қарай;
келе жатыр;
Морфологиялық талдаудың нысаны бола алатындар: сөйлемдегі толық лексикалық мағынасы бар сөздер.
Енді осы алынған сөздерге жеке талдау жүргізейік:
Сөз: Бала
Сөз тұлғасы: түбір сөз, негізгі ( туынды-х)
Сөз құрамы: 1 құрамды ( тек түбір сөзден тұр) ( қосымша-х)
Сөздің құрлысы: дара ( күрделі-х)
Сөз табы: зат есім
Сұрағы: кім?
Мағыналық тобы: деректі, жалпы
Түрлендіруші форма : түрленген атау септігіндегі нөлдік жалғау
Сөз:мектепке қарай
Сөз тұлғасы: түбір сөз, негізгі ( туынды-х)
Сөз құрамы: 3 құрамды (түбірі- мектеп, -ке барыс септігінің жалғау; қарай- септ.шылау)
Сөздің құрлысы: күрделі (дара -х)
Сөз табы: зат есім+шылау
Сұрағы: қайда?
Мағыналық тобы: деректі, жалпы
Түрлендіруші форма : түрленген барыс септігіндегі –ке жалғауы, мағынасы: бағыттық, грамматикалық категориясы- зат есімнің септ.
Достарыңызбен бөлісу: |