Мектептесинтаксисті оқытудың маңызы, міндеттері, мазмұны 3. сөз тіркесі мен сөйлем – синтаксистің объектісі, Оқушылардың сөйлем туралы грамматикалық ұғымын қалыптастыру, онда сөйлемнің өзіндік белгілері қарастырылады. Сөйлемнің құрылымы, оның жасалу жолдары меңгертіледі. Сөйлем құрамындағы сөздер, сөз тіркестері, сөйлем мүшелері, жалаң, жайылма түрлері оқып үйреніледі.Айтылу мәніне және интонациясына қарай дұрыс құрастыра білу үйретіледі. Сөйлемдегі сөздерді дәл пайдалана білу дағдысы дамытылады. Сөйлемді жазбаша түрде дұрыс құру, оны бас әріптен бастап жазып, аяқталған жерде тиісті тыныс белгісін қою машығы меңгертіледі». 1. Теориялық білім мен соған қатысты біліктіліктер арнайы оқу тапсырмалары арқылы меңгертіледі. Мұндай оқу тапсырмалары синтаксис туралы жалпы ұғымдарын қалыптастырудың жолы мен әдістерін меңгертудің көзі болып табылады. Баланың оқу-танымдық әрекетінің белсенділігі, дербес әрекеті оқу тапсырмалары негізінде ұйымдасады.Бастауыш сынып оқушысының синтаксис туралы теориялық топтастырылған ұғымын қалыптастыруда таным нысаны оқушы тарапынан шығармашылық тұрғыдан меңгерілуі басты шарт. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының синтаксисті терең теориялық әдістер арқылы танып білуде әдістерді былайша жіктедік: Қазақ тілінің синтаксис саласын дамыта оқыту арқылы оқушылардың зейінін, ойын, тілін дамытуға мүмкіндік туатынын, Барлық жұмысты басқарушы мұғалімнің өзі болады. «Кейбір сөз басқа сөзді я сөз тізбегін анықтап, толықтап, пысықтап немесе түрліше қиюласып, бірін-бірі керек ету жолымен байланысады. Мұндай байланыстарды сөйлемдегі сөздердің тіркесі дейміз» «..., бастауыш пен баяндауыш ара қатынасы – қиысу, толықтауыш пен толықтанатын сөз ара қатынасы – меңгерілу, меңгеру, анықтауыш пен анықталатын сөз ара қатысы – қабысу, пысықтауыш пен пысықталатын сөз ара қатысы – жанасу деуіміздің бәрі тілдің ішкі, сыртқы құрылысын талдап білуге қажет болғандықтан алынған шартты категориялар» Сөйлемді құрылысына қарай екі негізді және бір негізді сөйлемдер; айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; информативтік көлемге сай құрылуына қарай жалаң және жайылма; сөзді үнемді етіп құру талабына сай құрылысын ескеріп толымды, толымсыз деп бөлген. Оқушылардың сөйлем туралы грамматикалық ұғымын қалыптастыру, онда сөйлемнің өзіндік белгілері қарастырылады.
2. Сөйлемнің құрылымы, оның жасалу жолдары меңгертіледі. Сөйлем құрамындағы сөздер, сөз тіркестері, сөйлем мүшелері, жалаң, жайылма түрлері оқып үйреніледі.
3. Айтылу мәніне және интонациясына қарай дұрыс құрастыра білу үйретіледі.
4. Сөйлемдегі сөздерді дәл пайдалана білу дағдысы дамытылады.
5. Сөйлемді жазбаша түрде дұрыс құру, оны бас әріптен бастап жазып, аяқталған жерде тиісті тыныс белгісін қою машығы меңгертіледі». «Біріншіден, жаттығу материалдары мазмұнды болуы тиіс... Оқу материалына қойылатын басты талғам-тілек – оның тәрбиелік мәні басым болу керектігі естен шықпау керек... Екіншіден, әрбір мысал, үзінді, әңгіме, өлең, сөз, сөйлем, тіл (стиль) жағынан мүлтіксіз, әдеби норманы ұстануы тиіс...
Үшіншіден, алынған жаттығу, тағы басқа материалдар құрамынан керекті сөздер, дыбыстар, әріптер, грамматикалық тұлғалар, сөйлемдер... жиі кездесетін болсын. Жаттығу материалдарын таңдауда негізгі көз тігетініміз осы талап тұрғысынан болғанмен, алдыңғыларсыз бұның сапасын дұрыс бағалауға болмайды» дерексіз категорияларға деректілік, нақтылық беру мәселесін ойластыру грамматика сабақтарының басты міндеті болып саналады» [басты мақсатқа – олардың өз ойларын дұрыс, әсерлі баяндай білу қабілетін дамыту мақсатына бағындырылуы қажет. Бастауыш мектепте қазақ тілі синтаксисін меңгеруде оқушы үшін ең маңыздысы – орфографиялық және орфоэфиялық сауаттылық.
Синтаксисті теориялық деңгейде оқыту әдістері:
1. Байқау әдісі.
2. Түсіндіру әдісі.
3. Әңгіме әдісі. Әңгіме дегеніміз – бұл оқытудың сұрақ-жауап методы»
4. Жаттығу әдісі.
5. Кітапты пайдалану әдісі.
6. Грамматикалық талдау
Синтаксисті оқытқанда, оқушыларға сөйлем, сөйлемнің мағыналары мен құрылысы, сөздердің сөйлемге тіркесу жолдары түсіндіріледі. Синтаксисті оқыту жұмысы түрліше әдіс, жаттығу арқылы іске асырылады. Сабақтың құрылысына, материалдық ерекшелігіне қарай кей мағлұмат мұғалімнің түсінік сөзі арқылы, кейбірі оқулықпен жұмыс жасау жолымен меңгертіледі. Оқушының алған білімін жатығулар орындату және өз бетінше жұмыс істеуге ерекше ықылас қойған жөн.
Мұғалімнің әрекеті - оқыту, білім беру әдісі де, оқушының
әрекеті – үйрену, білім алу әрекеті болып табылады. Екеуінің бірлескен
әрекетінен оқыту әдісі туындайды. Оқыту әдісі тәсілмен тығыз байланысты.
Тәсіл – әдістің элементі, бөлігі, бір реттік әрекет. Әдіс тәсілдің жиынтығы. Мысалы, жаңа материалды түсіндіру әдісі: салыстыру, көрнекілік, сұрақ-
жауап т.б. тәсілдерден құралады.