Фонетиканы оқыту әдістемесі


Тіл ұстарту жұмысының салалары, олардың өзара байланысы



бет4/28
Дата20.06.2023
өлшемі129,9 Kb.
#102689
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Фонетиканы о ыту дістемесі

Тіл ұстарту жұмысының салалары, олардың өзара байланысы.
- күрделі де ұзақ мазмұнды әңгімені айтып бере білу;
- әңгіме құрастыра алу;
- ол әңгімені дұрыс жазу арқылы аз сөзбен түсіндіре білу;
- аз сөзбен көп мағына аңғарту;
- өзінің шығармашылық қабілетін шыңдай түсу;

Тіл ұстарту сабағының мақсаты- дұрыс сөйлеу білуге машықтандыру .Тіл ұстарту- сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем, сөйлемнен күрделі ой, күрделі ойдан әңгіме, шығарма құрастыруға дейін сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға, айтқанын жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыландыру жолындағы амал-тәсілдерді қарастыратын және осы мақсатта мұғалімдердің шеберлігін аса қажет ететін күрделі процесс. Шығармашылық жұмыс түрлері:

Қазақ тілі сабағында білім алушының тілін дамыту. Олардың өзара байланысы
қазақ тілі пәнін оқыту барысында мұғалім баланың ойын логикалық жағынан дұрыс, анық, қазақтың әдеби тілінің мөлшері лайықты, дұрыс айта білуге үйретумен бірге, екінші жағынан ойын орфографиялық және пунктуациялық жағынан дұрыс жаза білуге жаттықтырылады.
«Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманың жетілу, ширау, даму дәрежесі» Демек балалардың тілін дамыту жұмысы – ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз. Қазақ тілін оқытумен байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – баланың ауызша және жазбаша ойын граматикалық және статистикалық жағынан дұрыс бере білуге үйрету. Соның бірі – танымдық ойындар. Танымдық ойындардың түрлері көп. Мысалы, сөз жұмбақ, сөз тізбек, кроссворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест, т.б Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі.
ұлт ойындары. Дамытушы ойындарға қойылатын бipiншi талап – баланың танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту. бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады
Тіл дамыту – тілді оқытудағы негізгі мақсат. Адам ойын ауызша, не жазбаша түрде жеткізеді. Сондықтан оқушы тілін дамыту екі бағытта жүргізіледі: ауызша және жазбаша.
Оқушының сөздік қорын байыту, сөздік жұмысы Оқушының сөздік қорын үнемі байытып отыру – тіл дамытудағы негізгі мәселе. Сөздік жұмысы әр сабақ үстінде, жыл бойында, бүкіл оқу кезеңінде белгілі жоспармен, жүйемен жүргізілуі керек
Осы мақсатқа жету үшін, төмендегі жұмыстар жасалу керек:1) жаңа сөз мағынасын оқушыға анық түсіндіру; 2)жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз ету; 3)жаңа сөзді қолданыста меңгеру яғни жаңа сөзді қолдану дағдысын қалыптастыру; 4)жаңа сөздің айтылуы мен жазылуын меңгерту; 5)сөздікпен жұмысқа үйрету.
Оқушының сөздік қорын байытудың тағы бір жолы – мақал –мәтел сөздігін жасау.
Жаттығулар арқылы тіл дамыту Бірақ грамматиканың заңдылықтарын жатқа білгенмен, оны сөйлеуде қолдана алмаса, ол да тіл білгенге жатпайды. Сондықтан тілге үйрету тілдік нұсқаларды оқушыға білгізу және олардың сөйлеуде қолданылуын меңгертуге жаттықтырудан басталады. Ал тілдік жаттығуда тілдік тұлғаның сөздегі орнына нүкте қойылатын жаттығулар оқушыны тілдік тұлғалардың дыбыстық вариантын дұрыс таңдауға үйрету мақсатын көздейді. Оқушы тілін дамытуда кітап оқу зор қызмет атқарады. Кітап
Тест арқылы оқушы тілін дамыту
Сөйлеу тілі мен жазба тілдің байланысы
Жазбаша тілді дамыту
Әдістер
1 Саханлау
2Сурет бойынша ангыме құру
3 Әнгімені аяқтау
4 хат жазу
5 ұқсас әнгіме құру
Жұмыс түрлері
1 Үлгі бойынша мазмұндау
Тексті қысқартып мазмұндау
3 Тексті өзгертіп мазмұгдау
4текст жүйесін сурет бойынша реттеу
5.сурет бойынша әнгімелеу
6. өз жанынан әнгімелеу кино, видеороликтер арқылы мазмұндау
Қазақ тілі мұғалімнің негізгі міндеті - оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, тілін дамыту. О Қазақ тілі сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі – тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады.
Тіл дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар. Оқушы тілін дамыту үшін әр түрлі әдістер жұмыстар өткізу керек. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, мәтін бойынша сұхбат құрастыруда, мәтінің мазмұның айтқызуда тірек сызбалардың берері көп. Бұл тәсіл жаңа сабақты жылдам түсінуге, есте сақтауға көмектеседі. Тірек сызба, сұхбат құрғыза отырып, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, сөйлем құрастыруға мүмкіндік береді. Тіл дамыту жұмысында сөздікпен қолданудың үлкен мәні бар.Сөздікпен жұмыс істеу балалардың сөздік қорын байытуға негіз болып табылады.Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі - диалог арқылы дамыту. Диалог құру үшін белгілі бір тақырыпта оқуға байланысты оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын ұқтыра отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің граматикасын ескере отырып диалог дұрыс құруға тырысады.Бұл оқушының тілін дамытады.

ОҚЫТУДА КОММУНИКАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ-тілде қарым-қатынас тудыру арқылы оқыту. Барлық жылдам оқыту технологияның негізгі тілдік қарым-қатынас тудыру арқылы оқыту болып табылады.Сөйлесу –бұл адамдардың тіл арқылы байланыс жасау процесі. Ақпараттық коммуникативтік біліктілікті қалыптастыруда сөз, сөз тіркесі, сөйлем, бейімделген мәтіннен басқа оқушы мен оқытушы арасында белгілі бір жағдаят немесе тақырыпқа сай іс-әрекеттік білім беру дәрежесіне байланысты болуы керек.Ол үшін көп жұмыс жүргізілу қажет.Тіл үйретуде ең басты міндет-оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.Оқушылар тілдің грамматикасын білу арқылы бір-бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді.Мен өз тәжірибемде оқушыларды ауызекі сөйлеуге үйрету үшін төмендегі әдістерді жүйелі қолдануға тырысамын.

Сабақ тартымды болу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің бірі – ойын технологиясы. Сондықтан өз сабақтарымда балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әртүрлі ойын элементтерін қолданамын.

Бастауыш сынып оқушыларын қызықтыратын технологиясының бірі ол сын тұрғысынан ойлау стратегиясы. Класстер жасау, Венн диаграммасын салу.

Оқу орыс тілінде жүргілетін мектептерде дыбыс жүйесін терең меңгерту басты мәселе .Қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерту кезінде бірінші сыныпта әр сабақта айнаны қолдану жөн.Айна арқылы ауыздың, жақтың ашылғаның, тілдің жылжығанын көрсетуге болады. Бұл құрал артикуляциялық әрекеттерді жиі жасатып тіл сындыруға көмектеседі, дыбыстарды аңық, дұрыс айтуға дағдыландырады.

"Иә - жоқ" - бұл ТРИЗ әдісі сұраулық шылауларды дұрыс қолдану, дағдыларын, қисынды ойлау қабілеттерін арттырады . 1 оқушы затты ( жануар, тағам, өсімдік ....) жұмбақтайды. Қалғандары сұрақ қойып отырып, оны табу керек. Бір ерекшелігі : шыққан бала тек "иә" не "жоқ" деп жауап бере алады. Екінші ерекшелігі : оқушылардың сұрақтары тізбектеліп логика жолымен құрылу керек .

"Сурет салу" - оқушылар мұғалімнің әңгімесі бойынша сурет салады. Мысалы ; Ортада 2 қабатты үй. Үйдің алдында бір жасыл ағаш . Ағаштың үстінде 1 қараторғай,2 сауысқан отыр.Осындай жұмыс арқылы оқушыладың тыңдалым әрекеттері іске асады .Бұл жұмыс түрінен түстердің атауың оқушылардың сөздік қорын, көмекші есімдермен қолдану дағдыларын бақылауға болады.

Сабақтың басында сөздікпен жұмыс жүргізгенде жұптық, немесе ұжымдық форманы қолданамын. Сөздікпен жұмыстың оқушының тілін молайтуда алатын орны ерекше. Себебі: бұл жұмыс оқушының сөздік қорын ғана молайтып қоймайды, сонымен қатар есте сақтауын дамытады, тиімді жұмыс формаларын, әдістерді қолданса, ойлау қабілетін дамытады.

Мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе,жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады ; қазақ тіліне қызығушылық көтеріледі, ауызекі сөйлеу дамиды, коммуникативтік дағдылар қалыптастырылады.
Жазбаша тіл дамыту жұмыстары

Бастауыш сыныптардағы шығарма, мазмұндама жұмыстарының көлемі көбіне шағын болады. Солай болғанымен бағдарламада байланыстырып сөйлеуге шығарма мен мазмұндама жазуға арнайы уақыт бөлінген. Ол үшін, ең алдымен, оқушылардың зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлау машығын, қиялын мақсатты түрде дамытуға тура келеді.


Ал оқытудың жүйелілік ұстанымы
Сауат ашу барысында, міндетті түрде, ескерілуге тиісті келесі ұстаным – оқытудың көрнекілік ұстанымы
Оқытудың зерттеу тақырыбымызға тікелей қатысты тағы бір маңызды ұстанымы – берілген білімді тәжірибемен байланыстыру ұстанымы.

Оқушыны ауызша әдеби сөйлеу дағдаларына бейімдеу үшін орфоэпикалық ережелерге сай, фонетикалық заңдылықтарды аңғартатын, мәнерлеп оқуға арналған арнайы ұйымдастырылған жаттығу жұмыстарын жүргізу пайдалы. Мұндай жұмыс түрлері әр тақырыпты оқытуға байланысты тіл дамыту жұмыстары арықлы іске асуға тиіс. Оқушыға мәнерлеп оқытудың, әдемі сөйлеудің үлгілерін мұғалім өзі көрсетіп отыруы қажет. Оқушының әдеби сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға үйрету, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту, сөйлеу тіліне жаттықтыру, өлеңдер мен әндерді жаттату, фабулалық мәтіндер мен диалогтарды тыңдату, классикалық, қазіргі кездегі музыканы, граммофондық немесе магнитофондық жазуларды тыңдату, сөз шеберлері, атақты сахна шеберлерінің орындауында магнитофон таспаларына жазылған поэтикалық шығармаларды, кино, диафильмдердің мазмұнын дыбыс арқылы жандандырып, магнитофоннан тыңдату сияқты жұмыстар жүргізудің үлкен мәні бар. Демек, «көркем сөздің баурап алатын күші ерлікке, Отанды сүюге, адамгершілікке тәрбиелейді. Ол үшін тілді, әсіресе оның байлығын, көркемдігі мен үнділігін, сан қырлы мағынасы мен өткірлігін үйрене білу, көптен көп жаттыға білу қажет».

Мұғалім «Термин сөздер», «Омоним, синоним, антоним, неологизм, архаизм сөздер», «Қос сөздер», «Зат есім», «Сын есім», «Сан есім» тақырыптарын оқытуға байланысты тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында қазақ тілінде бұлардың алатын орнын, мәнін, мағынасын, қызметін меңгертіп, түсіндіріп отыруы қажет.

Оқушыға әдемі, жүйелі сөйлеуге дағды беруде синоним сөздерді үйретіп отырудың мәні зор. Мұғалім тақырыпты оқытуға байланысты ана тіліндегі синоним сөздердің мәніне, маңызына, ерекшелігіне, сондай-ақ қазақ тіліндегі синоним сөздердің саны жағынан да, синонимдік қатарларының молдығы, байлығы жағынан да өте бай екенін, кейде бір ұғымды білдіру үшін ондаған синоним сөздерді қолдануға болатынын айтып, оны дұрыс пайдалана білу шебер, әдемі сөйлеуге тәрбиелейтінін түсіндіріп отыруы қажет. Ол үшін мұғалім синоним сөздердің алуан түплі мағыналарын қалай ажырату жолдарын айтып, оны қалай түсініп қолданатындықтарына зер салып, қадағалауы тиіс.

Оқушыны ауызша әдеби сөйлеу дағдыларына үйретуде фонетика мен орфоэпияны дұрыс оқытудың орны ерекше, өйткені оқушы фонетика мен орфоэпияның заңдылықтарын дұрыс меңгеру арқылы әдеби тілдің нормасына жаттығады., сөздердегі дыбыстардың айтылуын, естілуін, жазылуын дұрыс айта білуге дағдыланады. Егер оқушы сөзді немесе дыбысты дұрыс айта алмаса, бір дыбыстың орнына екінші дыбысты ауыстырып айтатын болса, немесе жазса, онда ол әдеби тілдің сөйлеу дағдысын бұзып, ол сөзді қате айтумен бірге, дұрыс сауатты жаза алмайтын болады.

Орфографияны дұрыс меңгерген оқушы еш уақытта да жазба жұмыстарында сөзді қате жазбайды. Ол үшін мұғалім сөздің түбірін қосымшадан айыра білудің жолдарын үйретіп отыруы қажет. Орфография мен орфоэпияны өткенде екі түрлі жазылу қаупі бар сөздерді дұрыс жаздырып, әрі айттырып отырған жөн. Мысалы. Батальон (баталион емес), бәйшешек (байшешек емес), құлын (құлұн емес), бұрын (бұрұн емес), т.б.

Оқушы әдеби сөйлеуге дағдыландыруда фонетика, орфография, орфоэпия, синткасисті оқытуға орай дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктерді, қатаң, сонор, ұяң дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін меңгерту, сөйлем орнына қойылатын тыныс белгілерін дауыс ырғағы, айтылуына қарай дұрыс қоя білу, сөзді буынға дұрыс бөлу,тасымалдау, сөзге дұрыс екпін түсіріп айта білу, сондай-ақ, магнитофон таспасынан тақырыптарды, мақал-мәтелдерді тыңдату сияқтыжұмыс түрлері жазылған сөздерді жұп-жұбымен жазып, өзара салыстырыңдар, ұқсаас болу үшін қай дыбыстар ортақ екенін айтыңдар, дыбыс пен әріптің қандай айырмасы бар, «кітап, қазір, мейман» сөздерін буын үндестігі тұрғысынан талдаңдар, бұларды қандай буынды сөздер деп атайды деген тәрізді тапрсырмалар беріп отыру пайдалы.

К.Д.Ушинский ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу баланың жеке басына жақсы да, жаман да әсер етуі мұмкін, бірақ оны тәрбие процесімен тығыз ұштастыра білу қажет. Баланың өз бетімен білім алуына негіз жасау керек. Ол кітапты оқу арқылы адамның өмірімен, табиғат құбылыстарының сырымен, халықтың тілі, өнерң, еңбегі, ісімен танысады. Мұның бәрі ауызекі тіл дамытуда сабақты шығармашылықпен ұйымдастырудың маңызы зор екенін атап айтқан.


2.1 Ауызша тіл дамыту жұмыстары

1) Сыныптан тыс оқыту. Сыныптан тыс оқуды белсенді ұйымдастырушы және оны басқарушы да мұғалім болуға тиіс. Сондықтан мұғалім өз оқушыларының кітапқа деген ынтасын үүнемі арттыру мен бірге, олардың қандай кітап оқуға тиіс екендіктеріне де бағыт беріп отырады. Балалар бастауыш сыныпты бітіргенде, совет ақын-жазушыларының белгілі шығармалармен таныс қажет екенің де үнемі ескертіп отырады. Сыныптан тыс оқу жұмысын балалар мектепке келген кезде бастаған жөн. Өйткені сауат ашу кезінде оқушылардың ақыл-ойын, тілін дамыту жұмыстары балаларға түрлі түсті суретті кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі. Екінші сыныптан бастап мұғалім балаларға мектеп кітапханасынан алған кітаптарды бере бастайды. Оларға кітапты дұрыс ұстап, күте білудің ережелерін үйретеді: кітапты газетпен не қағазбен тыстап қою, оқыған кезде кітап беттерін бүктеумеу, кітап беттерін су немесе кір қолмен ұстап парақтамау т.б. Мұғалім бұл ережелердің анық етіп жазып, сыныпқа іліп қояды.

Сыныптан тыс оқу оқушылардың кітапты өздіктерінен оқи алу дағдыларын арттырумен бірге, «Ана тілі» оқулықтарындағы шығармалардың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Балалар оқыған шығармаларындағы негізгі ойды аңғара білуге, сол оқиғаға өзінің қалай қарайтынып атып, кейіпкерлердің әрекетіне баға бере білуге талаптануы қажет. Сыныптағы оқу сабақтарында оқушылар көркем тілмен жазылған шығармалардан басқа тарих, табиғаттану т.б. пәндерінен мағлұмат беретін материалдармен танысады. Осындай, сыныпта алған ұғым сыныптан тыс оқу кезінде нығая, жетіле түседі.

Сыныптан тыс оқу сабақтарында мұғалім балалардың қандай кітаптарды оқығандарын біліп отырумен қатар, алдағы уақытта не туралы оқығалары келетінін де есепке алуы қажет.Бастауыш мектептерінде сыныптан тыс оқудың мазмұны мен ұйымдастыру жолы жөнінде жаңа программаның жобасында былай делінген: «Сыныптан тыс оқудың мақсаты: баланың сыныптан тыс оқуы арқылы барлық пәннен алған білімін тереңдете түсу, кітаптан өзіне қажетті материалды, кітапханадан керекті кітапты іздеп тауып алуға көмектесу; өз бетімен жұмыс істеу дағдысын нығайту түсу; оқуға, білуге ынтасын, құштарлығын арттыра түсу; баланың эстетикалық және дүние тану құмарлығын арттыру.

Сыныптан тыс жүргізілетін оқуды ұйымдастырудың ең негізгі принціпі – оның сыныпқа жүргізілетін оқумен тығыз байланыста болуы. Оқушының сыныптан тыс оқитын кітаптары сыныпта өділетін сабақтардың жалғасы түрінде ұсынылады. Оны мұғалім күнделікті оқу, табиғат тану, сурет, ән, еңбек т.б. сабақтарында және оқу бойынша жүргізілетін қорытынды сабақтарда сұрап, сыныпта оқығандарына байланыстырып отырады...».

Сөйтіп, сыныпқа оқу сабағы жақсы ұйымдастырылса, онда көп мәселелер жөнінде әңгімеленсе, балаларды мұғалім осы мәселелер жайында тағы да біле түсуге қызықтыра алса, сыныптан тыс оқу сабағы да нәтижелі өтеді. Оқушыларға қандай кітаптарды оқу керектігі, олардың тізімі беріледі. Мысалы, сыныпта М.Әлімбаевтың «Ұқыпты бала» өлеңдері оқылды делік, оның жалғасы ретінде «Ұқыпты оқушы» өлеңін оқытуға болады. Немесе «Совет Армиясы» бөліміндегі Т.Бигельдиновтың «Қаһарлы күндерде» әңгімесін оқығаннан кейін, сөз жоқ, оқушылар Совет Одағының Батыры атағын екі реталған, ұшқыш Т.Бигельдиновтың балалық шағы жөнінде білгілері келеді. Ол үшін мұғалім С.Бақбергеновтың «Талғат» атты кітабынан үзінді беруіне болады.

Сыныпта оқушылар жазушының бір шығармасынан үзінді оқыса, сол шығарманы толықтыра оқу сыныптан тыс оқуда іске асырылады. Кейде белгілі ақын-жазушылармен балаларды толығырақ таныстырутүсу мақсатында оның сыныпта оқылғаннан басқа шығармалармен сыныптан тыс таныстыруға болады. Мысалы, Ы.Алтынсариннің «Әдептілік» әңгімесін оқығаннан кейін, оның «Баланың айласы», «Аурудан аяған күштірек», «Өтіріктің залалы» т.б. әңгімелері сыныптан тыс оқуға беріледі.

Кейбір жекелеген шығармаларды сыныптан тыс оқу сабағында да талдауға болады. Онда талданатын шығармалардың тәрбиелік жағы күшті болуы қажет. Оқушылардың кітап оқуға қаншалықты және бейім екендіктерін білу үшін мұғалім оларды әрқайсысымен оқыған кітаптары жөнінде жеке әңгімелеседі; салған суреттерін, жазып алғандарын қарап, - бүкіл деректермен жеке танысады.

Сыныптан тыс оқылуға тиісті кітаптардың тізімі бір тоқсанға арналып әр тоқсан сайын ұсынылып отырады. Балалардың оқуға ынтасын арттыру мақсатымен мұғалім ұсынып отырған кітаптарының ішінен кейбір оқиғаларды бастап айтып, «одан әрі не болатынын осы кітапты оқып білесіңдер» деп аяқтайды. Кейде кітаптың сыртындағы немесе ішіндегі кейбір әдемі суретттерді көрсету арқылы да қызықтыруға болады.

Мектептерде ана тілі сабақтарының өтілу жайы мен сыныптан тыс оқудың мазмұнына сай, бастауыш сынып оқушыларымен мынадый жұмыстар орындауға болады:

Көркем шығармаларды, ертегілерді, мақалаларды талдау.


Күнделікті баспасөздегі мақалаларды оқу.
Кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Ұлттық мектеп оқушыларына қазақ тлін үйретуде пән бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Қазақ тілінен сыныптан тыс оқшылардың білімін тереңдетуге, ой-өрісін кеңейтуге, олардың тілді үйренуге ынтасын, құмарлық сезімін оятуға көмектеседі, балалардың әр жақта қабілеттілігі мен шығармашылық күшін дамытады және алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге көмектеседі.

Оқушы сыныптағы сабақ үстінде ғана білім алып қоймайды, сыныптан тыс жұмыстар арқылы да қазақ тілінен білімін толықтырады. Ұлттық мектепте оқылатын қазақ тілі пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыға білім беру негізінен мыңадай мақсаттарды іске асыруды көздейді.

Біріншіден, оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық және практикалық білімдерін бағдарламадан тыс материалдармен толықтыру, жетілдіре түсу.

Екіншіден, қазақтың әдеби тілі туралы, оны жасаған халықтың тарихы туралы қосымша әдебиеттермен оқушыларды таныстыру.

Үшіншіден, қазақ тілі пәнінен түрлі үйірме, пән апталығы, конкурстар ұйымдастыру арқылы оқушының тілді үйрену белсендігін арттыру.

Сондай-ақ сыныптан тыс жұмыстар балаларға эстетикалық дене шынықтыру тәрбиесін беруге, олардың дем алуын ұйымдастыруға, бос уақытын мәдени жұмыстармен өткізуге зор мүмкіншілік тұғызады.

Ұлттық мектептегі қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен түрлері өте әр алуан. Сыныптан тыс жұмыстың негізгі түрлеріне ең алдымен оқушылардың сабақ үстінде алған білімдерін бекіту, кеңейтуге көздейтін, сабақтан тыс қазақ тілінен қосымша білім беретін, балалардың ой-өрісін бекіту оларды өз бетімен жұмыс істей алуға дағдыландыруды көздейтін жұмыстарды жатқызу керек.

Білімділік және тәрбиелік мәні зор ыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаттары мынадай:

қазақ тілінен өткен материалды бекіту, нығайту;
оқушылардың қазақ тілінен білімін кеңейту және тереңдету;
оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мен жазбаша және ауызша тілін қоса дамыту;
орфоэпиялық және орфографиялық, пунктуациялық білімдерін қалыптастыру, тілді үйрену қабілетін дамыту;
орыс тілді оқушыларға тілдік орта жасау, тілдік ситуациялар туғызу, оқушылардың қазақша сөйлеуіне толық жағдай жасау;
оқушылардың қазақа тілін дамыту, сөйлеу белсенділігін арттыру, қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні күшті болуы қажет. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың орыс халқы арасындағы достық қарым-қатынасты күшейту негізінде тәрбиелеу:

қазақ мәдениеті, салт, әдебиетімен таныстыру арқылы оқушылардың қазақ халқына сүйіспеншілігін ояту, қазақ халқын сыйлауға тәрбиелеу;


қазақ тілінің байлығымен таныстыру арқылы тілге қызығушылық арттыру, тілге деген сүйіспеншілік сезімін тудыру, оны қалыптастыру.
Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда оның төмендегі ерекшеліктері есте болуға тиісті.

Сыныптан тыс жұмыстарға оқушылар өз еркімен қатысады, оның түрлерін өз еркімен таңдайды. Сыныптан тыс жұмыста сабақтағыдай міндеттілік жоқ.

Сыныптан тыс жұмысқа қатысатын оқушылардың санына қойылатын шектеу жоқ. Сыныптан тыс жұмысқа қатысатын оқушылар саны сыныптағы оқушылар санынан әлдеқайда аз бола береді.

Сыныптан тыс жұмысқа оқушының қатысу-қатыспауы оның сабақтағы бағасына қарай шешілмейді. Қазақ тілінен өткізілетін кластан тыс жұмысқа жақсы оқитын, нашар оқитын оқушы да қатыса алады. Сынып оқушылары түгелдей қатысамыз десе де еркі. Бұл жүнінде оқушыға ешбір шек қоймайды. Қазақ тілінен білімі нашар оқушы кластан тыс жұмысқа қатысу нәтижесінде тілден білімі жоғарылауы, жақсаруы мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше класс оқушылары сыныптан тыс жұмысқа түгел қатысуы өте пайдалы.

Сыныптан тыс жұмысқа талабы бар оқушылар қатысатын болғандықтан, оқушылардың бір-бірімен достысуына жол ашады. Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар бар. Сыныптан тыс жұмыстар:

оқушының жас мөлшеріне лайықты болуы керек;


оқушының білім деңгейіне сәйкес ұйымдастырылуға тиісті;
оқушының сабақта алған біліміне лайықты болуы қажет;
оқушыны жалықтырмайтын, шаршатпайтын мерзімде өткізілуге тиісті;
белгілі жоспармен жүйелі түрде жүргізілуі керек.
Ұлттық мектепте қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға жетістік пән мұғаліміне байланысты.

Жақсы ұйымдастырылған және жүйелі түрде өтетін сыныптан жұмыс, біріншіден, сабақта алған оқушылардың білімін бекіте түссе, екіншіден, қазақ тілі туралы түсінікті тереңдетіп, оларды сабақта өтілмеген, бірақ сөйлеу тәжірибиесіне өте қажет мәселелермен таныстырып өтеді. Сөйтіп оқушылар мұғалім мен қоршаған ортаның көмегі арқасында білім деңгейіне сай қазақ тіліне сөйлеп үйренеді.

Мұғалім сабақ үстінде оқушыларды қызықтырып жүрген бар мәселелерді қамтып үлгере алмайды. Мұның барлығын қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыс үстінде ұйымдастыруға болады.

Қазіргі талаптарға сай ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстар басқа ұлт балаларының қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырады, тілге деген құштарлығын оятады, балалардың мәдениетін арттыра түседі.

Сыныптан тыс жұмыстың сапалы өтуі пән мұғалімнің әдістемелік шеберлігіне, біліміне, жұмыстың мақсатына, мазмұнына, оған жинақталған материалдардың сипатына байланысты. Оның үстіне сыныптан тыс жұмыстың ұйымдастырылуы мен өткізілуі оқушылардың белсене қатысуына да байланысты.

Тәжірибе көрсеткендей, оқушыларды көптеген мәселелер, әсіресе, қазақ тіліне, халықтың әдет-ғұрпына, мәдениетіне байланысты мәселелер толғандырады.

Мұндай мәселелерге: тіл туралы деректер; тілдің шығу және даму тарихы; жазбаша дамуы; кітаптардың шығуы; жер шарында қазақ тілінің алатын тілі мен орны мен маңызы; ұлы адамдардың қазақ тілі туралы айтқан пікірлері, қазақ халқының тарихи деректері, әдет-ғұрып, салт-санасы, қоғам қайраткерлері, ұлы адамдар жайлы т.б. жатады. Сонымен бірге оқушылар қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы, тілдің сөздік құрамы, өзгерту түрлері (неге бір сөздер «өлі», ал енді біреулері «тірі» сөздер тобына жатады). Жеке сөздердің шығу тарихы мен қолдану өрісі, сөздердің көп мағыналылығы, олардың ауыспалы мағынада қолданылуы тілге қатысты көптеген мәселелер қызықтырады.

Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясымен танысқанда, оқушылар көптеген сөздік кітаптармен танысып керекті сөздерін жылдам тауып алу дәрежесіне жетеді.

Сол сияқты оқушыларды адам аттары мен фамилиялары, географиялық атаулардың шығу тегі, мақалдар, мәтелдер, жаңылтпаштар, өлеңдер де өте қызықтырады.

Сыныптан тыс жұмыста мұғалім балаларға газет, журнал беттерінде басылған әр түрлі қазақ тілі туралы кез келген тілде жазылған материалды жинатып, сол жиналған материалдарды қазақ тілі бұрышына жинатуына болады. Жоғары сынып оқушыларын мұғалім қазақ тілі мен қатар әдебиеті туралы да материалдарды жинатады. Сыныптан тыс жұмыста: кроссворд, ребус, метограм, шешуге, сонымен қатар орфографиялық ойындар ойнауға көп көңіл бөлінеді. Аталған жұмыстар оқушылардың пәнге деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.

Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мектептің орналасқан жеріне (аулдық не қалалық жерде), қолда бар материалға және мұғалімнің мүмкіншілігіне де байланысты болады. Сыныптан тыс жұмыстардың тақырыбы алуан түрлі, өйткені оқушының қызығушылығы, сұранысы да түрлі-түрлі, ол негізінен сыныптан тыс жұмыстың мазмұнын белгілейді.

Сыныптан тыс жұмыстың қазақ тілі сабақтармен байланысу принциптері.

Сыныптан тыс жұмыстың негізі оқушылардың қазақ тілі сабақтарында алған білімімен тығыз байланысты. Осы білімдеріне сүйене отырып, сыныптан тыс жұмыста мұғалім оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамытады. Қазақ тілі сабақтары сияқты, қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыста қазақша сөйлеуге дағдыландыруға қолайлы жағдайлар жасалу керек [8, 56б.].

Тіл материалдарын білудегі жүйелілік принципі.

Бұл принцип жоғарыдағы принциппен тығыз байланыста қызмет істейді: сыныптан тыс жұмыстың мазмұны қазақ тілі жоспарымен сәйкес болуы керек. Сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылған тіл материалын беру жүйелілігі, оны сабақтарда оқыту жүйелілігімен сәйкес болуы керек. Сыныптан тыс және сыныптағы оқуоардың өзара байланысы тіл материалын беру жүйелілігін қамтамасыз етеді.

Оқушылардың сұранысын ескеру принципі.

Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны оқушылардың ықыласына байланысты құрылуы керек, жақсы және нашар оқитын оқушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін тапсырмаларды түрендіру керек. Сыныптан тыс жұмыстың сабақтардан айырмашылығы оның мазмұны оқушылардың жеке сұрауы мен ықыластарын есепке ала отырып анықталады. Мұндай жұмыс оқушылардың тілінің дамуына және білімділігін, антасын арттыруға көмектеседі, әрбір оқушы өзінің қабілетіне қарай ықыласына қарай тапсырма алады.

Қызықтыру принципі.

Сыныптан тыс жұмысқа оқушы ықыласының оянуына және сақталуына ең күшті әсер ететін негізгі жағдай. Оқушыны қызықтыру сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен оны ұйымдастыруға білуге байланысты. Қызықтыру – ол оқушылардыың интеллектуальдық сұранымдарын қанағаттандыру, олардың әуестігін дамыту, тілді үйренуге құмарлығын арттыру.

Сыныптан тыс жұмыстың түрлілік принципі – оқушының ықыласының , ынтасының, сұранысының түрлілігіне негізделеді. Оқушының сұранысы, қабілеті, қызығушылығы сан алуан, сондықтан оны қанағаттандыру үшін сыныптан тыс жұмыстың түрлері де сан алуан болуға тиісті. Сыныптан тыс жұмыстан оқушы өзі қызығатын түрін таба алатындай болуы қажет. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстың түрлілігі негізгі мәселеге жатады, оған пән мұғалімі ерекше назар аударуға тиісті.

Сыныптан тыс жұмыстың жеке түрлерінің өзара байланыс принципі.

Бұл принципті сақтағанда, қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстың жалпы жүйесі құралады, онда әрбір шаралардың өзінің нақты орны бар және олар бір-бірімен тығыз байланысты болуы керек.

Өз еріктілік принципі.

Оқушылардың сыныптан тыс жұмысқа қатысулары өз еркінде болуы керек. Бірақ оқушыларды сабақтан тыс уақытта қазақ тілімен өз еркімен айналысуға ықыласы болуы үшін, сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу керек, сыныптан тыс жұмыстар оқушыны қызықтыратындай олуға тиіс.

Жаппай көпшілік принципі.

Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмысқа қатысушы оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытуға көп үлесін тигізетінін, олардың қазақ тілін үйренуін жылдамдататынын ескере отырып, сыныптан тыс жұимысқа мүмкіндігінше көп оқушыны қатыстыруға тырысу қажет, өйткені ол тілдік орта қызметін атқарады. Ол үшін оқушылардың арасында олардың сыныптан тыс жұмысқа қатыса алатындарына кеңінен насихат жұмысын жүргізіп, қазақ тілін үйренуде көмегін түсіндіру керек.

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстың мынадай түрлері бар:

жинақталған тіл материалына байланысты оқушылардың ауызша және жазбаша түрде сөйлеуге дағдыландыру.


өткізу тәсіліне байланысты үнемі жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар және кейде (уақытша) жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар болып бөлінеді.
оқушылардың қатысу санына байланысты: жеке, топтық, көпшілікпен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарыдң түрлері бар.
Жоғарыда көрсетілген сыныптан тыс жұмыс түрлерінің өздеріне тән сан түрі бар. олар бір-бірінен әдістемелік өткізу тәсіліне байланысты аыратылады.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі бастауыш сыныптарда қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар оқушының ауызша сөйлеу тілін дамытуға бағытталады. Оған «Ертегілер әлемі» сияқты үйімелер жатады. Кейде оны «Ертегіге саяхат» деп те атайды, басқа да атаулар қолданылуы мүмкін. Мұндай үйірмелерде оқушыны қызықтыратын ертегілерді оқу, оны ауызша әңгімелеу, ертегілерден қойылымдар ұйымдастыру, жұмбақ шешу жарысын ұйымдастыру, тақпақ, өлең айту сияқты жұмычтың түрлері жүргізіледі.

Бастауыш мектеп оқушылары мұндай үйірмелерге жақсы қатысады және бұл жұмыстың түрлері оқушыларды қызықтырады. Ол оқушының қазақша тілін дамытуға зор ықпал етеді.

Жоғары сынып оқушыларымен де ауызша тіл дамытудың түрлі-түрлі сыныптан тыс жұмыстары жүргізіледі. Оларға кейінірек тоқталамыз.

Сыныптан тыс жұмыстың жазбаша түріне қазақ тілінде шығатын қабырға газеттері, қазақ тілінің беттері жатады. Жұмыстың бұл түрі негізінен жоғары сынып оқушыларымен жүргізіледі.

Оқушылардың қабілетіне, қатысу санына байланысты сыныптан тыс жұмыстар 1) жеке, 2) топтық және 3) көпшілік болып үш түрге бөлінеді дедік. Бұлар өзара тығыз байланыста болады.

Жеке түріне: өлеңді жаттау, ролі бойынша жұмыс (ертеңгіліктерге дайындақ үстінде), ті материалын іріктеу, кітаптар оқу, реферат, альбом жаса дататы.
Топтық түріне: қазақ тілінің үйірмелері, сыныптан тыс оқу, экскурсия (кітапхана, табиғатқа, өнеркәсіптерге т.б. жерлерге саяхат); виктариналар жатады. Мұнда басты орында үйірме жұмысы тұрады.
көпшілік түріне: қазақ тілінің ертеңгіліктері, факультатив, әртүрлі мейрамдар (мысалы, ертегі мейрамы, балалар кітабының мейрамы, поэзия мейрамы т.б.); көрмелер (мысалы, балалар кітабының көрмесі, балалар суреттерінің көрмесі т.б.); конкурстар қазақ тілінде берілетін радио бағдарламалар, олимпиадалар, қазақ тілінің күні, апталығы, айлығы, құыршақ театры және т.б. жатады.
Сыныптан тыс жұмысты жоспарлағанда, оны өту тәсіліне және әдістемелік дайындылығына көңіл аудару керек.

Жұмысты жоспарлағанда, оқушыларға шамадан тыс салмақ түсірмеу жақын ескеру керек. Сонымен бірге бүкіл оқу жылы бойны оқушылардың қазақ тілін меңгеруінің қандай деңгейде екенін әрдайым қадағалап отыру қажет.

Енді оқу орыс тілінде жүретін мектепте қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға жеке-жеке тоқталайық.

Қазақ тілінің бұрышы. Сыныптан тыс жұмыстың басты ұйтқысы – қазақ тілінің бұрышы болып табылады. Оны көпшілік көре алатын кең де жарық жерге орналастыру қажет. Орыс мектептерінің төменгі сыныптарында өздерінің жеке бұрышы болуы керек.

Қазақ тілінің бұрышындағы материалдар әрдайым өзгертіліп отырылуы қажет. Қазақ тілі бұрышы мынадай төрт бөлімге бөлінеді.

«ұны білгенің жөн» - деген бөлім. Мұнда сөздік туралы түсіндірмелер, қазақ тілі туралы пікірлер қарастырылады. Қазақ тілінің де беттері осыған кіреді. Материалдар айына бір рет жаңартып отыруы керек.


«Қазақ тілінің мәдениеті» - деген бөлім, мұнда көбінесе «Дұрыс айтындар», «Дұрыс жаза біліндер» деген сияқты тақырыптағы материалдар кіреді. Бұл материалдар сабақ үстінде өтілетін бағдарламамен сәйкес келіп отырады. Сондықтан да, материалдар бағдарламалармен қоса өзгертіліп тұрады.
«Пайдалы кеңестер» - деген бөлімде балаларға дәптерлерін қалай толтыру керек, диктант, мазмұндама, шығармаларды қалай дұрыс жазу керектігі көрсетіледі. Сонымен бірге, грамматикалық талдау, хат, адрес, телеграмма тағы да сол сияқты дұрыс жазу үлгілері көрсетіледі.
«Қазақ тіліндегі ойындар» бөлімі. Ойын шарттары, виктариналар, ребустер, жұмбақтар, кроссвордтар, жаңылтпаштар, мысалдар, барлығы осы бөлімде қамьылып қарастырылады. Бұл материалдарды 7-9 күндер аралығында жаңартып отыру қажет. Диктант, мазмұндама, шығармаларды қалай дұрыс жазу керектігі көрсетіледі. Сонымен бірге грамматикалық талдау, хат, адрес, телеграмма, тағы сол сияқты дұрыс жазу үлгілері көрсетіледі.
Қазақ тілі бұрышының материалдарын мұғалім немесе редколлегия мүшелері тандаса, оны көркемдеу оқушылардың көмегі арқасында жүзеге асады. Материалды мұғалімнің көмегімен қорытындылап отыру керек.

Қабырға газеті. Оқушыларды қызықтыру үшін қабырға газеті де өте көркем безендірілген болуы керек.

Қабырға газетін үш бөлімге бөліп қарастыған дұрыс:

«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл».


«Біз қазақша сөйлейміз».
«Танымдық ойындар әлемінде».
Әрбір бөлімге бай да тартымды материал сыйғызуға болады. Бірінші бөлімде қазақ тілі туралы материалдар кіреді. Екінші бөлімге, мектеп оқушыларының өмірі, қызықты саяхаттар, жарыстар қорытындылары кіреді. Үшінші бөлім ойын шарттары, жұмбақтар, ребустар, шешуге арналады.

Қабырға газетін сондай-ақ белгілі бір мейрамдарға жарыстраға тағы басқа шараларға арнап шығаруға болады.

Қазақ тілінің үйірмесі. Мектепте қазақ тілінің үйірмесі - өте кең таралған жұмыс түрі. Үйірме сыныптан тыс жұмыстың топтық түріне жататыны айтылды. Үйірмелер, біріншіден, қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыра түсе, екіншіден, мектеп бағдарламасынығ материалдарын жақсы игеруге ықпал етеді. Үйірме алға қойған мақсаттарды орындауы үшін, мұғалім үйірме жұмыстарын қызғылықты өткізе білуі керек.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қызығуы, сұранысы, ұнатуы негізінде ұйымдастырылатын болғандықтан, ол оқушының белсенділігін күшейтеді, қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастырады.

йірме көбінесе бір сынып оқушыларына немесе екі-үш сынып оқушыларына арнайы ұйымдастырылады. Үйірмеге оқушылар өз еркімен , таңдап қатысатын болғандықтан, онда сынып оқушылары түгел болмайды. Үйірмеге қатысушыларын саны көбіне 10-15 шамасында болады, кейде одан көбірек болуы мүмкін. IV-IX сынып оқушыларын «Қызықты грамматика», «Драмалық қойылымдар», «Қызықты фонетика», «Қазақша ән-күй», «Халық ойындары», «Лингвистикалық өлкетану» сияқты үйірмелер қызықтыратыны байқалып жүр.

Х-XI сынып оқушыларын «Сөз сыры», «Сөз маржаны», «Шешендік өнер», «Туған өлкем», сияқты үйірмелер қызықтыратыны анықталды.

Үйірменің түрлі болуы оқушының таңдау мүмкіндігін арттырады. Ал, оқушының үйірмелерге көбірек қатысуын қамтамасыз етеді. Мұны мұғалім есте ұстағаны дұрыс.

Үйірме жұмысының жоспарын жасау - өте жауапты іс. Өйткені жоспарда үйірме жұмысының түрлері, тақырыптары, мерзімі белгіленеді. Онда оқушының қызығушылығы, жас ерекшелігі, білім деңгейі ескеріледі. Мұнын бәрі оқушыға байланысты. Сондықтан жоспар оқушының қатысуымен жасалуы керек.

Мысалға «Сөзтанға саяхат» үйірмесінің жоспарын келтірейік:

Бір сөзде қанша мағына барын білесін бе?


Бір мағынаны неге түрлі сөзбен айтамыз?
Көп мағыналы сөздің қызметін атқаратын қандай сөздер?
Тұрақты сөз тіркесінің сыры.
Сөздіктерді ңтүрлі болатын себебі неде?
Ауыспалы мағыналы сөзді білеміз.
Мақал-мәтел – сөз мәйегі.
Мұнда үйірме мәжілістерінің жылдық тақырыптары ғана берілді. Жоспарда тағы да мәжілістін нақтылы мерзімі, орындаушылары көрсетілуі керек. Әрине, жоспарды басқаша да құруға болатыны сөзсі. Пән мұғалімі үйірмесінің әр мәжілісіне дайындыққа ерекше мән беруі қажет. Үйірменің әр жиналысына дайындық мерімінде жасалып, тапсырма алған оқушылар оны дайындап үлгергенін мұғалім қадағалап отырады. Қажет жерде көмек көрсетеді. Үйірме мәжілісіне дайындық мерімінде жасалмай, үйірме мәжілісі белгілінген мезгілде өткіілмесе, ол оқушылардың қызығушылығын кемітеді, ынтымасын төмендетеді. Ол бара-бара үйірме жұмысының тоқтап қалуына да әсер етеді.

Үйірменің әр мәжілісінің әр түрлі өткііліп, оқушы қызығушылығын күшейтіп отырған дұрыс. Үйірменің бір мәжілісінен екінші мәжілісінің айырмасы болмаса, ол оқушыны жалықтырады. Ал үйірменің әр мәжілісі әр түрлі ұйымдастырылса, ол оқушының қызығушылығын арттырады. Алайда бір мәжілістін өзі іштей түрлі құрамда болған дұрыс. Айталық «Иақал-мәтел - сөз мәйегі» тақырыбына арналған үйірме мәжілісінің жоспарын келтірейік:

Мақал-мәтел туралы әңгіме.
Мақал-мәтелді көп білетіндердің жарысы.
Мақал-мәтелі бар тақпақ айту.
Мақал-мәтел мағынасын кім түсіндіреді?
Мен білетін мақал-мәтелді сен білесін бе?
Халық ойыны.
Оқушылар мақал-мәтелдер туралы не білетінің әңгімелейді. Бірін-бірі толықтырады.
Сол мәжілісте «Кім мақал-мәтелді көп біледі?» деген шағын жарыс ұйымдастыру оқушыларды көңілдендіреді, ынталандырады.
Сол сияқты жеке мақал-мәтелдердің мағынасын кім қалай түсінетініне де наар аудару да пайдалы. Ол «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол» деген мақалды қалай түсіндіресіндер? Деген сияқты нақтылы бір мақал-мәтелдің мағынасын ашуды талап ету түрінде жүргізіледі.
Мақал-мәтелі бар тақпақ айтқызу сияқты мәжілісті түсіндіру оқушыны жалықтырмайды.
Мақалдың жартысын айиып, әрі қарай бірден жалғастыруды сұрауға болады. Ол мақал-мәтелді білетін оқушыларды анықтайды және оқушының өз білімін көрсету талабын асырады.
Халық ойыны оқушыларды жалықтырмау, қызықтыру үшін алынады. Оны таңдау өте жауапты. Уақытты көп алмайтын, оқушыны қызықтыратын ойындарды араластырып отыру жұмыстың жандандырады, жақсы нәтиже береді.
Қазақ тілі мұғалімнің оқушыға тіл үйрету ынтасының күштілігі, тапқырлығы үйірмелерді дұрыс, тиімді үйымдастыруға көмектеседі. Пән мұғалімі үйірмелерді белгілегенде, өз аймағының материалдарымен байланыстыруға тырсуы қажет. Сонымен бірге оқушылардың сұрнысын, қабілетін есепке алу өте қажет.

Викторина. Бұл – сыныптар арасында өтетін сұраққа жауап ойыны. Сұраққа дұрыс жауап беру үшін оқушылар көп оқуы және көп іздену керек. Бұл – жарыс.

Викториналарды әр түрлі өткізуге болады.

Сұрақтарды ертерек беріп қойып, соған оқушылардың жазбаша түрде жауап беруі.


Сұрақтар ауызша қойылады да, оқушылар сол арада жауап береді.
Сұрақтар жазбаша беріледі де, оқушылар сол арада жазбаша жауап береді.
Дұрыс жауапты әділ қазылар алқасы бағалайды. Жауап ұпаймен бағаланады. Көп ұпай жинаған оқушы (не топ) жеңімпаз атанады.

Мазмұнына қара викториналар екі түрлі болып келеді:

Әр сыныпқа арналған қазақ тілінің бағдарламасы бойынша сұрақтар.
Оқу бағдарламасынан тыс қосымша сұрақтар. Викторинаны сыныпаралық, мектепаралық түрде де өткізуге болады.
Олимпиада. Олимпиада да викторина сияқты сұраққа жауап болып келеді. Викторинадан айырмашылығы: бұл – мектеп оқушыларының қазақ тілінен бөлімін жинақтау, бекіту, тексері. Олимпиадалар: мектепаралық, аудан (қалааралық), республикалық (облыстық) болып өтеді. Ұлттық мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылатын олимпиада мынадай міндеттер қояды:

Ұлттық мектептерде қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың танымдық қыметін дамыту.


Ұлттық мектеп оқушыларының сөдік қорын байыту, ауызша және жазбаша тілін дамыту.
Оқу орыс тілінде жүретін мектеп оқушыларына қазақ тілін үйретуде сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген жолдарын іздестіру және факультатив, үйірме жұмыстарының жылдық қортындысын шығару.
Қазақ тілінің қоғамдағы әлеуметтік және тәрбиелік қызметінің мәнін арттыру үшін, аталған пәнінен олимпиада өткізудің барлық кезеңдеріне (мектепшілік, аудан, облыс аралық, республикалық) халыққа білім беру жүйесінің қызметкерлерін ғылым методистерді, жоғары оқу орындарының оқытушыларын тарту.
Олимпиада өткізу тәртібі. Олимпиаданы өткізудің жауапкершілігі білім беру жүйесіне жіктеледі. Бірінші (мектепшілік) кезең мектепте өтеді. Оған IV-XI сынып оқушылары қатысады. Өткізу мезгілі – қараша. Аудандық ұйымдастыру комитеті бекіткен тапсырмалар бойынша өтеді. Аудандық (қалалық) олимпиада мезгілі – желтоқсан. Олимпиада тапсырмаларын облыстық ұйымдастыру комитеті бекітеді. Үшінші кезең (облыстық) өткізу мезгілі – қаңтар (демалыс кезі). Олимпиада республикалық ұйымдастыру комитеті бекіткен тапсырмалар бойынша өтеді.

Облыстық білім беру әкімшілігі 15 күн бұрын республикалық ұйымдастыру комитетіне облыстық олимпиаданынң өтетін жері мен мезгілін хабарлайды.

Респуликалық ұйымдастыру комитетінің өкілі жергілікті ұйымдасту комитетімен әділ қазылар алқасы құрамына кіреді.

4-ші кезең – республикалық олимпиаданы өткізу мерзімі – наурыз.

Мектеп олимпиадасына қатысуына ниет білдірген IV-XI сынып оқушыларының бәрі енгізіледі.

Аудандық, облыстық олимпиадаға қатысуға бұрынғы кезеңінің жеңімпаздарынан құралған командала жасақталады. Олимпиада екі турмен өтеді. I – тур – ауыша. ІІ-тур – жазбаша, олимпиаданың екі турының да тапсырмалары бес балмен бағаланады. Бағалау – әділ қазылар алқасының міндеті.

Қазақ тілінің ертеңгіліктері.

Ертеңгілік бұл маңызды да күрделі сыныптан тыс мейрамның бірі болып табылады. Ертеңгілікті маңыздылығы бүкіл оқушыларды қамтуы болып табылады. Ертеңгіліктер бастауыш сыныптарда жиі өтеді.

Қазақ тілінің апталығы.

Бұл апталыққа алдымен ала әзірленген жөн. Ол үшін жабдықтау бөлімін мектеп мұғалімдеріне бөліп берген дұрыс. Қазақ тілі апталығы болған кезде мектеп бойынша қазақтың халық әндерін тындауға, қазақ тілінде радиохабар беруге болады. Мектептің маңдайшасына апталық туралы мәлімет жазып қою керек.


Қазіргі оқыту ісінің барысында қолданылып жүрген әдістер төмендегідей:

мұғалімнің сөзі;

әңгіме әдісі (кейде мұны сұрақ-жауап әдісі деп те атайды);

тілдік фактілерді талдау (байқату, грамматикалық талдау);

жаттығулар орындау;

көрнекі құралдарды пайдалану (сызбалар, кестелер, суреттер, компьютерлер, т.б.);

кітаппен жұмыс істеткізу;

топсеруен (экскурсия);

Мұндай әдістемелік жағдайлардың бірнеше түрлері белгілі.


Оқушылардың белсенді ойлау қызметі іске қосу.

Сөзге немесе сөйлемге қатысты оқушылардың саналы лингвистикалық көзқарасын дамыту.

Өтілген грамматикалық ұғымның айқын және көмескі белгілерін меңгеру.

Жаңа меңгерген грамматикалық ұғымды бұрын өтілген ұғымдар жүйесімен байланыстырып отыру. Бұл әдісті берілген білімді жинақтап отыру әдісі деп те айтуға болады.

Жаңа граматикалық ұғымды түсіндіру үшін оқушылардың бұрынғы білімдері мен дағдыларына сүйеніп отыру.

Грамматикалық ұғымдарды көрнекі құралдар көмегімен меңгерту.

3-сыныпта оқушының сын есім туралы бұрын алған білімі мен түсінігі кеңейтіледі. Мұнда сын есімдерді жікке бөліп таныту, сын есімдерді зат есімдермен дұрыс тіркестіре білу, негізгі, туынды сын есімдерді айырту талабы қойылады.

Сын есімді оқығанда оған объекті болатын сөздері мен мол мәтіндері пайдаланылған жақсы нәтиже береді.

Мысалы: Гүлдер, гүлдер, мол гүлдер,

Қызыл, гүлдер, көк гүлдер...

деген сияқты мәтінді алдық дейік, сонда осындағы гүлдер сөзіне қандай сұрақ қойылады? деген сұрақтарға жауап алғаннан кейін, екінші қатардағы гүлдер деген сөздің екі жерде екі түрлі сыны айтылғанын оқушы аңғартатын болсын, соларды салыстырулары керек, қызыл, көк сөздерді заттың түсін білдіретін сын есімдер екенін айтсын. «Заттардың түсін білдіретін таға қандай сөздерді білесіңдер? деген сұраққа мүдірмей дұрыс жауап қайыра білген оқушы оған дейінгі сабақты дұрыс түсінген деп айтуға болады.

Үлгі бойынша берілген сын есімдерді оқушылар зат есімдерге қатыстырып айтуға тиіс.Тиісті зат есімдерді оқушылардың өздері айтады. Олар нақты заттар болғаны дұрыс. Сонымен, сол сын есімдер тіркесе алатын да, тіркесе алмайтын да заттар болатынын оқушы білуге тиіс. Мысалы, семіз ешкі, семіз адам деуге болады, семіз кітап, семіз киім деуге болмайды, қалың кітап, қалың киім дейміз. Мұндай мысаладр ойшыл, сезімтал, талғампаз болуға итермелейді.

Сын есімнің мағыналық тобын сөйлем ішінде танып, бірін екіншісінен айырып, жеке сөйлемдерді көшірту қажет. Мұндай тапсырмаларды сыныпта орындаулары керек. Ол үшін мұғалім алдын ала жеке, сөйлемдерді балаларға оқытып:

-Ақылбай, бірінші сөйлемде сын есім бар ма? Сурет қандай сөз? Оларға қандай сұрақтар қойылады?-дегендей сұрақтар қойып, сын есім мен зат есім таптарын талдап, айқындап алу керек.

Зат есімдерге қатысты болатын сын есімдерді , сын есімге қатысты зат есімді таптыру, оларды тіркестіре білуге үйрететін жаттығулар жүргізу тиімді. Сондай-ақ жаттығулардың ерекшеліктерін ескере отырып, балаға сын еісмдердің қызметі заттардың сындық - сапалары болу екенін білдіру керек.

3-сыныпта негізгі және туынды сын есім туралы алғашқы мағлұмат беріледі. Бұл жаттығу жұмыстары арқылы, яғни берілген сын еісмдердің түбірі мен қосымшасын ажырату арқылы жүзеге асады. Мәселен, ақылды адам, тәртіпті бала, шырайлы жер, әдепті келін, қызық ертегі тәрізді тіркестерді тақтаға жазып, сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажыратқызып байқату тәсілмен зат есімдерге әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы туынды сын есім жасалып тұрғаны түсіндіріледі. Содан соң негізгі сын есім мен туынды сын есімді салыстырып, олардың бір-бірінен өзгешелігін аңғартамыз.

Тағы бір ескертіп кететін нәрсе: сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнақтарымен ісжүзілік тұрғыда таныстыру көзделеді.

Өйткені оқушылар заттардың әр алуан қасиеттерін бір-бірінен салысытрып айту барысында аталған жұрнақтарға кездеспей тұрмайды. Сол себепті жаттығулар орындау барысында салыстырмалы шырай жұрнақтарымен таныстыра беру артықтық етпейді, керісінше оқушылардың сөз байлығын молайтады, заттарды сипаттай білуге, өзара дұрыс салыстырып айтуына мүмкіндік береді. Оқулықтағы 389-392-жаттығулар осы мақсатқа орай берілген.

^ 389- жаттығуда негізгі сын есімдерге –да, -деу, -пау, -пеу, -тау, -теу, -шыл, -шіл, -ғылт, -ғыш жұрнақтарын жалғап жазып, негізгі сын есімдердің мағынасында қандай өзгеріс болғанын айту.

Мысалы: Ақ-ақшыл, боз-бозғылт, жасыл-жасылдау, сары-сарылау, үлкен-үлкендеу, көк-көкшіл, ұсақ-ұсақтау

3-сыныпта сын есімге арналған күнделікті сабақ жоспарыың үлгісі:

Сабақ тақырыбы: Негізгі және туынды сын есімдер.

Сабақтың мақсаты: Негізгі және туынды сын есімдер туралы мағлұмат беру; олардың бір-бірінен өзгешелігін саналы түрде меңгерту.

Тәрбиелік мәні: Оқушылырды имандылыққа, сауаттылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кітап, кесте, сурет.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру

- Оқушылардың кітап, дәптерлерін түгелдеу.

- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ.Жаңа сабақ.

^ Кіріспе, әңгімелеу.

Оқушылыдың назары тақтадағы плакатқа аударылады. Онда біраз мысалдар келтірілген.

^ Негізгі сын есім

Туынды сын есім

Талап, білім

Талапты, білімді

Ажар, әдеп

Ажарлы, әдепті

Сана, көңіл

Саналы, көңілді

Мұғалім кестедегі мысалдарды талдаудан бастайды.

Талап сөзіне сұрақ қойыңдаршы.

Не?


Талапты сөзіне сұрақ қойыңдар.

Қандай?


Талап – түбір, -ты – жұрнақ, Талантты – сын есім

Осы арада балалар туынды сын есім тек сын есімнің өзіне ғана емес, басқа сөз таптарынан да жасалатынын аңғартады.

Туынды сын есімдер зат есімдерден жасалады. Ол үшін –ты, - ті, -лы, -лі, -ды, -ді, -т, т.б. жұрнақтар жалғанады.

ІV Сергіту сәті.

Аппақ болып таң атып,

Түтін тіке шығады.

Қарлығаштар қанатын,

Самғап биік ұшады.

^ Оқулықпен жұмыс

373-жаттығуды орындау. Сөздерді алыстырып оқу. Қосымшалы сөздерді көшіріп жазып, олардың қай сөз табына жататаын айыру ақылды, тәртіп, білгіш, айнадай.

374-жаттығу. Мақалмен жұмыс. Сын есімдердің негізгі, туынды екенін ажырату.

Сулы жер құрғақсыз болмас,

Таулы жер бұлақсыз болмас.

Ойын. «Кім тез табады?»

Жақсы деген сын есімге тіркес келетін бірнеше зат есім ойлап жаз.

қыз


оқушы

Жақсы бала

адам

жер


Керісінше, «бір зат есімге көп сын есім» ойыны.

инабатты


ажарлы

әдепті қыз

көңілді

сұлу


^ V. Сабақты қорытындылау мына сұрақтар бойынша іске асырылады:

- Сын есімнің қандай түрлерін өттік?

- Туынды сын есім қалай жасалады?

- Негізгі және туынды сын есімнің айырмашылығы неде? Мысал келтір.

Әр оқушы осы сұрақтарға жауап береді, сын есімнің ержесі мен сұрақтарын айыра берулері керек. Өз ойлары мысалдар келтіріп, сұрақтар қойып, өткен жаңа сабақты қорытындылап кетеміз, оқушыларға жалау, машина, қоян, сәбіз, жапырақ, түлкі т.б.суреттері үлестіріп беріп, осы сурет бойынша заттың түр-түсін айыру үшін сөйлем құр деп тапсырылады. Қай бала тез, дұрыс сөйлем құрап, бұл сөйлемдегі заттың түсін білдіретін сөздердің сын есім болатынын түсіндіріп, қандай сұраққа жауап беретінін айыра алса, ұтқан болып шығады.

Мысалы, сурет бойынша оқушылар мынадай сөйлемдер ойлап табуға тиісті.

Ту Қара торғай

Көгілдір ту Қара торғайға

Желбіреді Ұя жасадық

Машина Қоян

Бақытжан жеңіл Сұр қоян

Машинаға мінді Қашты

Мамам қызыл Жапырақ

Алма әкелді Күзде жапырақ

Алма Сары түске боялды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет