Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыруда қандай тәсілді білесіз? Тілді оқытудағы ең басты мақсат- оқушыны сөйлеуге, яғни айтар ойын жеткізе білуге үйрету.
Сөйлеуге үйрету үшін қажетті ситуацияларды мынадай жолдармен беруге болады:
а) «көз алдыңа елестетіп көр», «қиялдап көр» деген сияқты т.б. тапсырмалар арқылы ситуациялар құру;
ә) белгілі бір ситуацияны жасайтын сурет немесе ситуацияны дамытатын, күшейтетін суреттер тізбегіне қарап, соның көмегімен сөйлеу;
б) күнделікті өмірдегі болып жатқан жағдайға ұқсас нәрселерді сипаттау.
Тіл дамытуда мынадай тілдік материалдарды пайдалануға болады:
а) Тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілермен емес, таза «бала тілін» бақылау арқылы жүргізу.
ә) Тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағаздардың тілін пайдалану.
б) Тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу.
Тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі; 1.сөздікпен жұмыс; 2.сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3.байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру жұмыстары.
инновациялық коммуникативті оқыту технологиясы. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде білім беру-оқушыны ауызша (тыңдау, түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу, жазу) тарту яғни, оқылып жатқан тілде қарым-қатынас қалыптастыру деген сөз. Коммуникативті оқыту технлогиясы қазақ тілін оқытудағы оқу-тәрбие үдерісінің барлық мақсат міндеттерін қамтиды.
Модульді-интерактивтік технология арқылы қазақ тілін оқыту мынадай ұстанымдарға негізделеді:
1) Жаңа тақырып бойынша анықтамалық материал белгілі бір дидактикалық мақсатқа лайықталып беріледі.
Бұл базалық білім беруге тиімді. Егер игерген білімді ары қарай жетілдіру, кәсіби шеберлігін қалыптастыру қажет болса, онда, жаңа тақырып бойынша анықтамалық материал осы мақсатқа негізделіп құрастырылады. Анықтамалық материалдың мақсатына қарай модульді-интерактивтік технология арқылы оқытудың типі анықталады:
мәтінді танымдық жағынан оқыту;
мәтінге талдау тұрғысында меңгерту.
2) Басты мақсат, нақты мақсат, жеке мақсаттардың бір-бірімен сәйкестігі ұстанымы. Мысалы, мәтінді танымдық тұрғыдан модульді-интерактивтік технологиясына тән басты мақсат – жеке сөздерді, сөз тіркестерін теориялық негіздерін игерту. Соның негізінде дағды мен іскерлікті қалыптастыру. Басты мақсаттан нақты мақсат туындайды. Нақты мақсат сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технологиясы арқылы меңгертуге негіз болады. Жеке мақсаттарға жету арқылы нақты мақсат орындалады. модульді-интерактивтік оқытудың құрылымдық үлгісі.
Жалпы технология ұғымына мынандай анықтама беруге болады: «оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен тәсілдерін айқындайтын педагогика-психологиялық нұсқаулардың жиынтығы, педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік аспабы, оқуды іске асырудың мазмұндық техникасы, практика жүзінде іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы»,