1.2.4 Контроллерді таңдау
ХЭК-65108 (халықаралық электр техникалық комиссия) стандарттарына
сай, жүйенің қауіпсіз жән сенімді жұмысын қамтамасыз ту үшін қауіпсіздік
жүйесінің ортаық компоненті - БЛК қажет. Қауіпсіз бағдарламаланатын
логикалық контроллерлр - бұл автоматтандыру жүйелерінде қауіпсіздік және
критикалық басқару міндеттерін қамтамасыз ету үшін қолданылатын арнайы
тағайындалымдағы контроллерлер [8]. Бұл контроллерлер қауіпсіздік
жүйесінің орталық компоненттері болып табылады, потенциалды қауіпті
технологиялық жағдайларды анықтау және олардың әрі қарай дамуын
болдырмауға арналған.
ЕБЛК келесі талаптарға жауап беруі қажет:
- сенімділік, бөгеттен қорғаныстың жоғары деңгейі (ЕБЛК істен
шығуы үлкен экономикалық шығындарға әкеледі);
- технологиялық параметрлерді бақылау үшін қажетті жоғары
өнімділік;
- жоғары деңгеймен жұмыс істеу үшін стандартты хаттамалар мен
коммуникациялық интерфейстерді қолдану;
- дамыған бағдарламалық қолдау;
- жұмыс жағдайларының кең диапазоны.
АҚҚ (аварияға қарсы қорғаныс) контроллерлеріне шолу:
32
1.8 сурет – Himatrix контроллері
НІМА неміс компаниясының контроллері SIL 1-3 объектілері үшін
МЕСТ ХЭК 61508 стандартының талаптарына сай басқару және қорғаудың
жергілікті жүйелері үшін жасалған. Контроллерлер кіріс және шығыс
сигналдарының саны және типі бойынша әртүрлі конфигурацияға ие, бұл
оларды басқарылатын параметрлердің аз ғана саны талап етілетін көптеген
қолданулар үшін әмбебап етеді.
Контролллер 6 слотта модульдік
конфигурацияға ие. Контроллерлердің элементтік базасы сенімділік бойынша
жоғары талаптарға сай келеді және әрбір компонент қосымша зауыт
тестілеуімен мен сынағынан өткен. Әрбір контроллер дубляждалған бас
процессорға ие, бұл бас процессорда қате туындаған жағдайда, есептелетін
мәндерді салыстыру тәсілі бойынша бұзылуды уақытылы анықтау және
орнын табу немесе бұзылу туралы авариялық хабарламау беру және басқару
объектісін қауіпсізд жағдайға автоматты ауыстыруға мүмкіндік береді.
Диагностиканың қосымша звеносы екі процесті де бақылайтын күзет таймері
болып табылады. ҮБЖ (үлестірілген басқару жүйесі) жүйелерімен
интеграциясы бойынша және басқа да контроллерлермен шектеулер жоқ.
Қолданудың тиімді саласы:
- қауіпсіздік нормалары бойынша АҚҚ жүйлерін қолдану талап
етілетін, жарылыс қаупі бойынша 1-2 категориядағы технологиялық
объектілерді басқару және қорғаудың релелік схемасын ауыстыру (сорғылар,
ауа үрлегіштер, электр тиектер, кесу клапандары);
- өрт сөндіру жән газдануды бақылау жүйелері үшін контроллер;
- жұмыстың апериодтық айналымымен компрессорлар мн
турбиналардың ТҚ жүйесі;
- конвейер, пресс, лифт, эскалатор, фуникулер, тау шаңғылық
көтергіштерді басқару. Конфигурациялау ортасы SILworX немесе ELOPII
Factory [11].
33
1.9 сурет –S7-300контроллері
SIMATICS7-300 – бұл төмен және орташа күрделілік дәрежесімен
автоматтандыру жүйелерін құруға арналған модульдік бағдарламаланатын
контроллер. Модульдік конструкция, табиғи салқындатумен жұмыс,
жергілікті және үлестірілген енгізу-шығару құрылымдарын қолдану
мүмкіндігі, кең коммуникациялық мүмкіндіктер, операциялық жүйе
деңгейінде қолданылатын көптеген функциялар, эксплуатация мен қызмет
көрсету ыңғайлылығы өнеркәсіптік өндірістің әртүрлі салаларында автоматты
басқару жүйелерін құру үшін рентабельді шешімдерді алу мүмкіндігін
қамтамасыз етеді. Контроллерлерді тиімді қолдануға әртүрлі өнімділіктегі
орталық процессорлардың бірнеш типтерін қолдану мүмкіндігі, дискретті
және аналогты сигнарлдарды енгіу шығару модулінің кең гаммасы,
функциялық модульдер мен коммуникациялық процессорлардың болуы
ықпал етеді.
SIMATICS7-300 контроллерлері максимальді дәрежежі бағдарламаның
жұмысын қысқартуға, оны түзетуге, экспулатация процесінде контроллерге
қызмет көрсету шығындарын төмендетуге ықпал етеді.
- Әртүрлі күрделілік деңгейіндегі автоматтандыру міндеттерін шешу
үшін модульдік бағдарламаланатын контроллер.
- Кез келген міндетті шешуе максимальді бейімделу үшін модульдердің
кең спектрі.
- Енгізу-шығарудың үлестірілген құрылымдарын пайдалану және
өнеркәсіптік желілерде әртүрлі типтерге қарайым қосылу мүмкіндігі.
- Қызмет көрсетуге ыңғайлы конструкция жән табиғи салқындатумен
жұмыс.
- Жүйені жаңашаландыруда мүмкіндіктерді еркін жоғарылату.
- Кіріктірме функциялардың көп санының арқасында жоғары қуат [12].
34
1.10 сурет –PILZ PNOZmulti контроллері
PILZ компаниясы басқарудың стандартты функцияларын қоса отырып,
автоматтандырудың барлық функциялары үшін шешімдерді жеткізуші болып
табылады. PILZ құрылғысы адамды, машина мен қоршаан ортаны қорғайды.
Қорғаныс үшін автоматтандыру құралдарын жасаушы PILZ компаниясы
өзінің PNOZmulti табысты қауіпсіздік контроллерінің мүмкіндіктерін
кеңейтеді. Енді контроллер тоқ пен кернеудің аналогты сигналдарын бақылау
мүмкіндігіне ие. PNOZmulti контроллері үшін аналогты сигналдарды бақылау
модулі, негізінен, процестерді басқару саласында, лифттер мен жүк көтеру
механизмдерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерінде, жылыту
қазандары мен жанарғыларында, сондай-ақ мұнай өнеркәсібінде қолдануға
арналған. Осылайша, модуль PNOZmulti көп функциялық қауіпсіздік
жүйелерінде қолдану мүмкіндіктерін кеңейтеді және әртүрлі салаларда
қолданылуы мүмкін. Аналогты кіріс модулі екі дербес қауіпсіз кіріске ие. Осы
кірістердің әрқайсысы үшін PNOZmulti контроллерінің бағдарламалық
жасақтамасының конфигурациялау пакетінің көмегімен 8 ге дейін
бақыланатын шекаралық мәндер орнатылады. Жаңа модулдің ені 45 мм жән
сол жағынан PNOZmulti контроллерінің корпусына қабыстырылады. Мұнда
әрекетке жылдам енгізу және модульді қосу қарапайымдылығы қамтамасыз
етіледі. Контроллерге 4 ке дейін аналогты модуль қосылуы мүмкін [13].
Құрылғының функциялығын бағалау үшін елесі сипаттамаларды негізгі
деп санауға болады:
- бағдарламалық жасақтаманың функционалдылығы;
- техникалық құралдардың сенімділігі;
- басқару алгоритмдерін жасау ыңғайлылығы;
- процесті басқару жүйесінің міндеттерін шешу үшін техникалық
құралдардың жектіліктілігі;
- есептеу қуаты;
- жолдама құжат;
- бағасы.
35
Автоматтандыру бойынша стандартты міндеттерді шешіп қана қоймай,
сонымен қатар аварияға қарсы қорғанысты қамтамасыз ететін және
функционалдылықтың негізгі сипаттамларына жауап беретін, ХЭК
стандарттарына сай келетін контроллердің қажет болуына байланысты
Siemens фирмасының S7-300 контроллері таңдалды.
Достарыңызбен бөлісу: |