Пәнді оқытудың мақсаты: тұлғаның көшбасшылық ұғымын жан-жақты анықтап, оның психологиялық негіздері туралы білімді меңгеру, жетілдіру.
Курс объектісі: көшбасшылық өрісіндегі тұлғалық өзгерістер.
Курс пәні: тұлғаның көшбасшылық меңгеру нәтижесі.
Пәнді оқытудың міндеттері:
көшбасшылық өрісінде болатын тұлғалық өзгерістер туралы болашақ психологтерге білім беру;
болашақ психологтердің тұлғаның көшбасшылықты меңгеру нәтижесін анықтап, негіз болатын заманауи ағымдарды, тұрғыларды, концепцияларды ажыратып, жіктеу біліктілігін арттыру,
тұлғаның көшбасшылықты меңгеру нәтижесіне қатысты болашақ психологтердің психологиялық теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізуге бейімділігін дамыту.