Форма силлабуса



бет11/14
Дата05.01.2023
өлшемі414,5 Kb.
#60448
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Mid-Term Control
Progress Test Files 4–7. Teacher-Designed Feedback Forms.

10.

Бағалау

Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіш бойынша

Бағалардың сипаттамасы (нақты критерийлер)

A

4,0

95-100

Шет тілінен оқытылған тақырыптар аясында ғана емес олардың төңірегінде жүйеленген, терең және толық білім көрсету; тілдік дағдылардың барлық түрінен сапалы және нақты тапсырмалар орындау; сөздерді дұрыс қолдану, шет тілінде мәтіндерге тұрақты сөз тіркестерін қолданып талдау жасау; жауаптарды стилистикалық, лингвистикалық және логикалық дұрыс мазмұндау; сөйлеу барысында күрделі грамматикалық құрылымдар қолдану; айтылу мазмұнын коммуникативтік жағдайларға сәйкестіру; жауаптары толық, шапшаң, дәлелді, байланыста болу; аудио мәтіндерді толық түсіну; сөйлеудің лексикалық және грамматикалық түрлілігі, кейбір бірлі-жарым қателер жасау және оларды түзету; топтық талқылауларға шығармашылық қатысу.

A-

3,67

90-94.9

Шет тілінен оқытылған тақырыптар аясында ғана емес, олардың төңірегінде жүйеленген, терең және толық білім көрсету; тілдік дағдылардың барлық түрінен тапсырмаларды сауатты орындау; тілдік құралдардың барлығын қолдану; терминдерді қолдану, шет тілінде мәтіндерге тұрақты сөз-тіркестерін қолданып талдау жасау; стилистикалық, лингвистикалық және логикалық дұрыс мазмұндау; және оларды коммуникациялық жағдайлармен сәйкестіру; жауаптары толық, шапшаң және дәлелді; аудио мәтіндерді толық түсіну; оқытылған тақырып бойынша сөздерді грамматикалық және лексикалық дұрыс қолдану 90% ; елеусіз қателер жасау (5 дейін); топтық талқылауларға шығармашылық қатысу.

B+

3,33

85-89.9

Оқытылған тақырыптар аясында қарастырылған сұрақтар бойынша жүйеленген, толық, және терең білім көрсету; тілдік дағдылардың барлық түрінен тапсырмалар орындау; мәтіндерді талдауда қажетті тілдік құралдарды меңгеру; стилистикалық, лингвистикалық және логикалық дұрыс мазмұндау; коммуникативтік міндетті шешуде қажетті тілдік құралды дұрыс пайдалану; сөйлеудің лексикалық және грамматикалық түрлілігі; негізгі деректі түсіну 85%; қателер жасау(6-7); практикалық сабақтарда белсенді, өз беттерімен жұмыс жасау, топтық талқылауларға қатысу.

B

3,0

80-84.9

Оқытылған тақырыптар аясында қарастырылған сұрақтар бойынша жүйеленген, толық, және терең білім көрсету; логикалық және лингвистикалық дұрыс жауаптар; өтілген тақырып бойынша және белгілі бір жағдайда коммуникацияны жүзеге асыруда қажетті тілдік құралды пайдалану; оларды бір-бірімен мысалдар арқылы логикалық байланыстыру; тілдік қателер саны 8-9; топтық талқылауда өз беттерімен жұмыс жасау.

B-

2,67

75-79.9

Өтілген тақырып көлемінде шет тілінен жүйеленген және жеткілікті білім көрсету; стилистикалық, сауатты жауаптар; өтілген тақырып көлемінде типтік коммуникативтік міндетті шешуде негізгі тілдік құралдарды пайдалану; көрсетілген үлгі бойынша бағдарламалық материалды меңгеру; тілдің түрлілігі,бірақ жылдам емес; қателер шығару 10-11; практикалық сабақтарда белсенді, өз бетімен жұмыс жасау, топтық жұмыстарға қатысу.

C+

2,33

70-74.9

Өтілген тақырып көлемінде коммуникативті талқылауды жүзеге асыруда шет тілінен жеткілікті білім көрсету; стилистикалық, логикалық дұрыс жауаптар; өтілген тақырып көлемінде типтік коммуникативтік міндетті шешуде негізгі тілдік құралдарды пайдалану қабілеті; берілген үлгі бойынша оқытылған бағдарламалық материалды меңгеру; коммуникативті міндетті шешуде бағдарламалық материалды қолдануда, жалпы мәнін түсінуде көптеген қателер жасау (12 дейін), практикалық сабақтарға және топтық жұмыстарға қатысу.

C

2,0

65-69.9

Өтілген тақырып көлемінде шет тілінен жеткілікті білім көрсету; жауаптарда грамматикалық және стилистикалық өрескел қателер; типтік коммуникативтік мәселені шешуде негізгі тілдік құралдарды пайдалану; берілген үлгі бойынша өтілген бағдарламалық материалды қолдану; өз бетімен жұмыс, топтық жұмыстарға қатысу.

C-

1,67

60-64.9

Коммуникацияны жүзеге асыруда жеткілікті білім көрсету; бағдарламалық материалды қанағаттанарлық деңгейде білу; негізгі тілдік құралдарды меңгеру; негізгі коммуникативті дағдысы; тек үлгі арқылы ғана жауап беру; тілді түсінуі баяу және шектеулі; тілдік құралдарды пайдалануда өрескел тілдік және стилистикалық қателер, түсінудегі қиындықтар; топта өз бетімен жұмыс жасамау.

D+

1,33

55-59.9

Коммуникацияны жүзеге асыруда жеткіліксіз білім көрсету; бағдарламалық материалды және негізгі тілдік құралдарды нашар меңгеру; тілі нашар, жауап беруде өрескел грамматикалық және стилистикалық қателер жіберу, үлгі бойынша қолдана білмеу; топтық жұмыстарға қатыспау.

D

1,0

50-54.9

Бағдарламалық материалға білімі фрагментті; жекелеген сөйлемдер мен сөз- тіркестерін белгілі бір жағдайларда ғана қолдану, тапсырмалар орындауға деңгейі төмен.

F

0,5

25-49

Өтілген тақырып көлемінде коммуникацияны жүзеге асыруда шет тілінен жеткіліксіз білім көрсету; жекелеген сөздерде лексикалық, грамматикалық, стилистикалық өрескел қателер жасау;

FX

0

0-24

Студент белсенсіз; жауаптан бас тарту.

11.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет