2.Берілген терминдерді қолдана отырып, мәтіндегі бос ұяшықтарды толтырыңыз: [5]
ерігенде, әлсіз, күшті, ыдырауын, қайтымды Суда ........................... электролиттердің иондарға ........................... электролиттік диссоциация деп атайды. Электролиттік диссоциация бұл ........................... үдеріс. Егер заттың молекуласы толық диссоциацияға ұшыраса оны ........................... электролит деп атайды. Егер де заттың молекуласы жартылай диссоциацияға ұшыраса оны ...................................... деп атайды.
Формативтік бағалауға арналған тапсырма Тапсырма 1. Гидролиз теңдеулерін құрыңыз, келесі заттарға гидролиз түрін және тұздың сулы ерітіндісінің ортасын анықтаңыз: [7]
K2S – калий сульфиді,
AlBr3 – алюминий бромиді,
Na3PO4 – натрий фосфаты,
K2SO4 – калий сульфаты,
ZnCl2 – мырыш хлориді,
Na2SO3 – натрий сульфиті,
BaBr2 – барий бромиді.
2. Есептеулерді жүргізбей тұз ерітінділерінің ортасын салыстырыңыз: [3]
а) Na2SO4; б) Na2SO3; в) Na2CO3.