Радиус өлшемдері. Радиус өлшемін түсіру үшін өлшем санының алдына R әрпі жазылады (1.3.6-сурет).
1.3.6-сурет – Сызбада радиус өлшемін салу
Шеңбер доғасының орталығын көрсетудің қажеттілігі болмаса, радиустың өлшемдік сызығын орталыққа дейін сызбауға да болады (1.3.7-сурет).
1.3.7-cypeт – Радиустың өлшем сызығының доғасынын орталығына жетпеуі
Бір орталықтан бірнеше радиусты жүргізгенде, екі радиустың өлшемдік сызықтары бір түзуге жатпайды (1.3.8-сурет).
1.3.8-сурет – Екі радиусты бір орталықтан жүргізу
Сыртқы және ішкі дөңгелектеу радиустарының өлшемдерін 1.3.9-суретте көрсетілгендей салады.
1.3.9-сурет – Сызбада дөңгелектеудің радиустарын салу
Үлкен радиусты кескіндегенде орталықты доғаға жақындатуға болады. Бұл жағдайда радиустың өлшем сызығын 90° бұрышпен сындырып көрсетеді (1.3.10-сурет).
1.3.10-сурет – Радиустың сынық сызықтағы өлшемі
Достарыңызбен бөлісу: |