Форматтар. Масштабтар. Сызықтар Форматтар



бет4/9
Дата06.01.2022
өлшемі377,37 Kb.
#16204
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1. 1 Форматтар. Масштабтар. Сызы тар Форматтар

Алғы сөз
Тест сұрақтары жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған сызу

оқулығының (авторы Ж.М.Есмұхан,Алматы «Мектеп»,2005) мазмұнына сәйкес құрастырылған.

Оқу құралының мақсаты-оқушылардың

пән бойынша алған теориялық білімдерін

бақылау, сызбаны орындау,оқу кезінде

оларды пайдалану дағдысын қалыптастыру.

Тест сұрақтарын бақылау жұмысы

ретінде І-жарты жылдықты қараша айында және ІІ-жарты жылдықта сәуір айында өткізген дұрыс деп есептеймін.

Оқу құралының соңында тест сұрақ-

тарының жауаптары берілген.

Сызу пәні бойынша тест сұрақтары
І-жарты жылдық

І-нұсқа
1.Сызбаны орындау,оқу және оларды пайдалану арқылы есеп

шешу ережелерін баяндайтын пәні қалай аталады?

А) сызба геометриясы

Ә) сызу


Б) сурет
2. Сызбаны оқу дегеніміз не?

А) нәрсенің сызбасына қарап,оның пішіні мен өлшемдерін

анықтау

Ә)сызбаны түсіну

Б) сызба сала білу
3. Көлденең планкасы-басы бар сызғышты не деп атайды?

А) транспортир

Ә) рейсшина

Б) бұрыштықтар

4.Қандай сызық сызбадағы көрінбейтін сызықтарды кескіндеу

үшін қолданылады?

А) тұтас ирек

Ә) ирек


Б) үзілме

5. Формат қай ұлттың сөзі,қазақ тілінде қандай мағына береді?

А) көлем

Ә) ақ қағаз

Б) сыртқы өлшем

6.Әріптердің,цифрлардың және сызбаларда қолданылатын

белгілердің жиынын не деп атаймыз?

А) сан


Ә) қаріп

Б) әріп


7.Радиусты анықтайтын өлшем санының алдына қойылатын белгі

қандай?


А) С

Ә) Р


Б) R
8.Шеңберлер доғаларын түйіндестіру нәтижесінде алынған тұйық

сызықты қалай атаймыз?

А) шеңбер

Ә) дөңгелек

Б) сопақша
9.Проекция – латын сөзі, қазақшаға аударғанда не деген мағына

білдіреді?

А) сызықтық кескіні

Ә) қиылысу нүктесі

Б) алға қарай лақтыру
10.Нәрсенің тікбұрышты проекциясын салуды қандай проекциялау

дейді?


А) қиғаш бұрыштап

Ә) параллель

Б) тік бұрыштан
11.Бір нұктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай

аталады?


А) сопақша

Ә) дөңгелек

Б) шеңбер

12.Эпюр-француз сөзі, қазақшаға аударғанда қандай сызба

деген мағына береді?

А) жазық


Ә) түзу

Б) қисық
ІІ-нұсқа


1.Нәрсенің кескіндерінен және оны жаауға керекті басқа да

мәліметтерден тұратын құжат қалай аталады?

А) бейне

Ә) графикалық кескіндер

Б) сызба
2.Сызбаны салу үшін арнайы пайдаланатын қағаз қалай

аталады?


А) плакат

Ә) картон

Б) ватман
3. Циркуль латын тілінен аударғанда қазақша қандай мағына

береді?


А) шеңбер

Ә) дөңгелек

Б) сопақша
4.Сызбаның осьтік және центрлік сызықтары қандай сызықтың

көмегімен көрсетіледі?

А) жіңішке нүктелі үзілме

Ә) тұтас жіңішке

Б) тұтас ирек
5.Нәрсенің сызбадағы ұзындығының оның натурал

ұзындығына қатынасын не дейміз?

А) бөлшек сан

Ә) өлшем


Б) масштаб
6.Сызбада қандай өлшемдерді миллиметрмен көрсетеді?

А) ұзындық

Ә) бұрыштық

Б) сызықтық


7.Шеңбердің диаметрін көрсету үшін өлшем сызығы ретінде

пайдаланылатын белгі қандай?

А) 

Ә) 

Б) 
8.Жазықтықпен 900 бұрыш жасайтын түзуді қалай атаймыз?

А) жазықтыққа перпендикуляр

Ә) жазықтыққа параллель

Б) жазықтыққа


9.Егер түзу мен жазықтықтың ортақ нүктесі болмаса оларды не деп

атаймыз?


А) перпендикуляр

Ә) параллель

Б) түзу
10.Барлық нүктелері бір жазықтықта жататын фигураны қалай атайды?

А) дөңгелек

Ә) жазық

Б) көлбеу


11. Шеңбердің параллель проекциясы болатын қисық-тұйық сызықты не

деп атаймыз?

А) дөңгелек

Ә) сопақша

Б) эллипс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет