Диаметрлер өлшемі. Диаметр өлшемін түсіру үшін барлық жағдайларда өлшемдік саннын алдында диаметр белгісі қойылады (1.3.11-сурет).
1.3.11-сурет – Диаметр белгісі
1.3.12-суретте диаметр өлшемдерін сызбада көрсетудің жолдары берілген.
1.3.12-сурет – Сызбада диаметр өлшемдерін керсетудің мүмкін жагдайлары
Диаметрлері 12 мм және одан да кем шеңберлердің центрлік сызықтары үздіксіз жіңішке сызықпен жүргізіледі. Диаметрлері кішкентай шеңберлердің өлшемдерін салу 1.3.13-суретте көрсетілген.
1.3.13-сурет – Диаметрі 12 мм-ден кем шеңберлердің өлшемдерін салу
Сфера диаметрінің (радиусының) өлшемдік санының алдында сфера деген жазусыз О белгісі қойылады (1.3.14-сурет). Сфера деген сөзді немесе О деген белгіні сызбада сфераны басқа беттерден айыру қиын болған жағдайда ғана келтіреді. Мысалы: «Сфера 10», «O R15» сфера белгісінінің диаметрі сызбадағы өлшемдік сандардын биіктігіне тең.
1.3.14-сурет – Сфера мен конустың өлшемдерін салу
Достарыңызбен бөлісу: |