«...білім тек қана жастарға пәнді түсіну қабілеті ғана емес, ол алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуі…»
(Н. Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауынан(27 қаңтар 2012 ж.)
Қай уақытта «функционалды сауаттылық» термині пайда болды?
«Функционалдық сауаттылық» термині алғашқы рет 1957жылы пайда болды.
«Функционалды сауаттылық» термині қалай анықталады?
Функционалды сауаттылық – бұл адамның алған оқу мен жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас арқылы пайдалану қабілеті( банкте есепшотын ашу, ережені оқу, кері байланысқа қатысты сауалнама толтыру және т.б.), яғни бұл сауаттылық деңгейі, адамға сыртқы ортаға қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік береді және тез ортаға ену әрекеті, сонымен бірге осы ортада әрекет етуі болып табылады.Қарым-қатынасқа түсу әрекетінде мәтіннен алған ақпаратты алып, оны басқаларға жеткізу және олармен араласып қарым-қатынасқа ену болады.