Фотометрия элементтері. Жарық шамалары, жарық бірліктері



бет3/4
Дата31.12.2021
өлшемі24,7 Kb.
#23772
1   2   3   4
P = dt/ dw, (1)

Бұл қуат барлық мүмкін толқын ұзындықтар бойынша үлестіріледі. Сəуле қуатының спектрлік тығыздығы



P λ = dP / dλ (2)

мұндағы dP -толқын ұзындықтарының (λ, ) λ + dλ аралығына келетін қуат:


dP = Pλ/dλ (3)
Сəуле материалдық денелердің беттерінен шығарылады. Ауданы dσ дене бетінің элементі элементар сəуле шығарғыш болады.

-дене беті элементінің ауданы, S -энергия ағыны тығыздығы, dP -элементар жарық көзі шығаратын сəуле қуаты.



Сəуленің энергетикалық күші. Элементар сəуле көзі шығаратын сəуленің dI энергетикалық күші деп dΩ денелік бұрыш элементіне келетін dP сəуле қуатының dΩ - ға қатынасын айтады: dI= dP \dΩ (4)

Сəуленің спектрлік тығыздығы үшін бұл формула мына түрге келеді



dIλ= dPλ/dΩ (5)

толқын ұзындықтарлың (λ, ) λ + dλ аралығына келетін сəуленің энергетикалық күшінің спектрлік тығыздығы. 1-сурет dI жалпы алғанда сəуленің шығарылу бағытына тəуелді болады, яғни элементар сəуле шығарғышқа қатысты dΩ денелік бұрыш элементінің бағдарлануына тəуелді. Егер дене бетінің элементі элементар сəуле шығарғыш болса, онда dI бетке түсірілген n r нормаль мен денелік бұрыш элементі бағдарланған бағыт арасындағы θ бұрыштан, жəне де n r нормальды ось етіп айналысты сипаттайтын аксиалдық бұрыштан тəуелді болады. Нормаль беттен сəуле шығарылатын жаққа бағытталған. Бұдан басқа, сірə, dI бет элементінің dσ ауданына да пропорционал болады. Барлық бағыттар бойынша біркелкі шығаратын нүктелік сəуле көзінің энергетикалық күші мынаған тең: dI = I = const 0 (6) (6) өрнегінен нүктелік көздің энергетикалық күшін оның толық қуатымен байланыстыратын мына қатынас келіп шығады.

Фотометриялық шамалар. Бұлар энергетикалық шамаларға ұқсас, бірақ негізгі шама ретінде жарық күші алынады. Жарық күшінің бірлігі-кандела қара сəуле шығарғыш көмегімен анықталады; қара сəуле шығарғыш платинаның қату температурасы жағдайында істейтін негізгі эталон ретінде қабылданған. Бұл эталон 1967 ж. өлшемдер жəне таразылар бойынша ХIII Бас конференция шешімімен бекітілген. Ол төмен жағы жабық диаметрі ~2 мм жəне ұзындығы 40 мм керамика түтікшеден тұрады. Бұл түтікше балқыту үшін таза платинамен толтырылған тигельде орналастырылған. Салқындатқан кезде платина қатаяды жəне оның температурасы орнығады жəне 2045 К мəнінде сақталады. Басқа жарық көзінен шыққан жарық күші, оның жəне эталонның жасайтын жарықталуларын салыстырудан анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет